4-тақырып. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқу пәні ретінде
Тілдің ойды қалыптастыру және баяндау, әсер мен сезімдерді ӛрнектеуде маңызы зор. Тіл қоғам мҥшелерінің бір-бірімен ӛзара қарым- қатынас жасауы ҥшін қажетті қҧрал саналады. Бҧл қҧрал неғҧрлым жетілсе,
пікір де сонғҧрлым баянды, әсерлі әрі тиянақты етіп жеткізіледі. Демек, адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, сезімдері, хал-жағдайы, мән-жайы тілмен жеткізу арқылы айқындалады. Мектепте ана тілін терең ҥйрену қажеттілігі тілдің атқаратын негізгі қызметтерінен келіп шығады.
К.Д.Ушинский бастауыш мектепте оқытылатын сабақтардың арасында ана тіліне ерекше мән беріп, оны орталық және жетекші пән ретінде бағалаған. «Таңғажайып мҧғалім болған ана тілі балаға кӛп нәрсені ҥйретеді... Бала екі-ҥш жыл ішінде кӛп нәрсе ҥйренетіні, біліп алатыны соншалық, 20 жыл қҧнтпен әдістемелік тҧрғыдан ӛте дҧрыс оқығанда оның жартысындай да ҥйрене алмайды. Ана тілінің ҧлы педагог екендігі де осында1», — дейді ол. Сондықтан да бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуға ҥлкен мән беріледі. Бастауыш сынып оқушылары ана тіл сабақтарында саналы оқу мен сауатты жазуға ҥйренеді, ауызша және жазбаша сӛйлеудің ереже-қағидаларын игереді. Ана тілі бойынша дағды- іскерліктер (сӛйлеу, оқу және жазумен байланысты іскерліктер) оқушылардың оқу еңбегінің қажетті шарты әрі қҧралы. Оқушы оқу дағдыларын меңгерумен қатар, бірінші кезекте ӛз ан тілін ҥйренуі керек, себебі ана тілі білімділіктің, сана-сезімнің кілті саналады.
Ана тілі басқа сабақтарды оқыту оқытудың да қҧралы: қоғам тарихы да, табиғаттану білімдері де ана тілі кӛмегімен ҥйреніледі. Демек, ана тілі баланық жалпы кемелденуінде де, білім алу мен еңбекке ынтасын арттыруда да ерекше маңызға ие.
Тіл — тәрбиенің басты қҧралы. Кӛркем әдебиеттерді, газет- журналдарды оқыған бала ӛзінің ең жақсы қасиеттерін дамытып барады, тілін жаттықтырып, тіл мәдениетін игереді.
Бастауыш сыныптарда ана тілі жаттығуларының тҥрі мен мазмҧны мыналарды қамтиды:
1 Ушинский К.Д. Таңдалған педагогикалық шығармалар. — Т.: «Уздаврнашр», 1959, 49-бет.
Оқу, жазу, грамматикалық материалды ҥйрену, бақылаулар және оқушылардың әлеуметтік қызметтерімен байланысты олардың ауызша және жазбаша тілін дамыту.
Бірінші сыныпқа келген балалардың сауатын ашу, яғни оларға элементар оқу мен жазуға ҥйрету, бҧл дағдыларды іскерлікке айналдыру.
Әдеби тіл нормаларын, яғни емле қағидаларына мойынсҧнып, тыныс белгілерін дҧрыс қойып, сауатты жазуды, дҧрыс сӛйлеуді ҥйрену, сӛйлеу және әдістемелік элементтерді меңгеру.
Грамматика, фонетика, лексикологиядан теориялық материалдарды ҥйрену, тілдік ғылыми тҥсініктерді қалыптастыру.
Оқушыларды оқу және грамматика сабақтары арқылы кӛрем, ғылыми-кӛпшілік және басқа әдебиеттер ҥлгісімен таныстыру, оларда кӛркем шығарманы тану дағдысын қалыптастыру.
Бҧл міндеттердің барлығын бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтары шешеді, олар ана тілі бағдарламасында ӛз кӛрінісін табады. Бағдарлама мемлекеттік қҧжат саналып, онда оқу сабағының мазмҧны мен кӛлемі, сондай-ақ осы пәннен білім, дағды және іскерліктер дәрежесіне қойылатын негізгі талаптар белгіленген болады. Оқытушы мен оқушылар сол бағдарлама талаптары негізінде жҧмыс жҥргізеді.
Бастауыш сыныптардың ана тілі бағдарламасы екі бӛлімнен тҧрады:
Түсіндіру хаты.
Негізгі бӛлім.
Тҥсіндіру хатында ана тілі сабағының орны мен маңызы, оның атқаратын міндеттері кӛрсетіліп, әдістемелік жол-жобалар беріледі.
Бағдарламанық негізгі бӛлімі ішінара мынадай тарауларды қамтиды:
Сауат ашу және тіл дамыту.
Сыныпта, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту.
Фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
Оларда оқушылар меңгеруі қажет болған білімдер мазмҧны мен олардың білім, дағыларына қойылған талаптар кӛрсетледі:
Әрбір тарау бірнеше бӛліктерден қҧралады. Мысалы, «Сыныпта, сыныптан тыс оқыту» тарауы «Сыныпта оқыту», «Сыныптан тыс оқыту»,
«Оқыту тақырыптары», «Оқу дағдылары», «Мәтінмен жҧмыс» сияқты тақырыпшалардан тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: |