Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы


Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай



бет47/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
asanova zh

3. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады.

Жай сөйлемнің түрлері. Жақты сөйлем.


Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады. Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дəлме-дəл үйлесімді болып айтылған бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
Ұзақ ойға қатысты болып, өз ара мағыналық байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде қайталақтанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрылмас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып ортақтасады. Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір жолды қайқаң қақтырып, суыт кетіп барады.
Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айкын болып тұрғанда, əсіресе І-ІІ жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды.
Отаным үшің аттанам. Ақ семсерді қолға ала. Өлеңімді өрлеттім, Өрге құлаш серметтім.
Зарын айтып сорлының, Қайғылыны еңіреттім Өз бойыңа болып сақ, Жан-жағыңа қараңдар.
Мен,сен, біз, сіз, ол деген бастауыштарға ерекше мəн беріліп, ой екпіні түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп айтуға болмайды.
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемде дербес айтылу я айтылмауы баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрлауымен ғана байланысты емес, бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Жақсыз сөйлем. Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын, жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында
«жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз. Олардың үш жақтың біріне тəн белгілі грамматикалық бастауышы болмайды. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек.
Егер жақсыз сөйлемдердің түрлері əдеби тіліміз қалыптаспай тұрған кезде елеусіз болып, аз жұмсалатын болса, осы күнгі əдебиеттерде оның түр-түрі сараланып жиі жұмсалатын болады. Сонда да «жазықсыз сөйлем» деген термин – шартты атау.
Ондай сөйлемдерді орысша «безличное предложение» дегеннің аудармасы ретінде «жазықсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дəл орыс тіліндегіде жазықсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын, стемнело, мне не спится сияқты өзгеше жақсыз етістіктер де жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жүргеніміздің баяндауыштарының белгілі жағы болады. Бұл сөздер көбінесе үшінші, екінші жақта айтылады. Сөйтеді де. олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады: Ол кезде көмірді қауғамен тартатын. Не істеу керек? Көне беруге тағы болмайды.
Əрине, бұл сөйлемдердің бастауыштарының айтылмауы – Москва бардым, не көрдім? – Туысқан, туған ел көрдім деген сияқты сөйлемдермен бір емес. Соңғыда бастауыштың мен екені айқын да, одан бұрынғы сөйлемдердің бастауыштары ондай белгілі, айқын емес. Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші жақта айтылған. Бірақ оның грамматикалық бастауышы үшінші жақта ІІІ жақтық ол, олар деген есімдіктер емес. Өйткені бұл сөйлем бір адамға айтылуы да, көп адамға айтылуы да, өзіне, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін.
Сөйтіп, бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-əрекет баяндауыш үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет