Бұйрықты сөйлем. Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлем диологта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек магыналарында жұмсалса, олар бəсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады.
Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.
Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен тақ –тақ айтылады.
Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың мазмұны əр түрлі болады.
Баяндауыштары еиістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мəнді болады:
Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көріңбей! –деп Ысқақ кимелеп кетті.
Баяндауыштары бұйрық райының үшінші жағында айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады:
Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған –шы-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады.
Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады. Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауыл шаруашылық, мамандары!
Лепті сөйлем. Кісінің көңіл күйін, əр түрлі эмоциялық сөзімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер лепті болады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабар болумен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы. Жалынышлы, күмəны, жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен, лептілік интонациямен айтылады. Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындагы одағай, модаль, сөздермен сөйлемдерің лептілік əуенмен байланысты.
Қорқу, сескену, аяу, окіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін білдіреті сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеуліктері айтылады:
а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады:
б) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады:
Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрылмас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады. Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық ма-ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман мəнді лепті сөйлем жасалады.
Өткенде істеуге тиісті, бірақ істелмен, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағыөткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік, одан кейін демеулік де тұрады:
Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке шы-ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |