Сын есімдерден болған анықтауыштар. Атрибуттық қатынаста жұмсалатын сөздердің негізгі түрі-сын есімдерден болған анықтауыштар. Сын есім өздеріне тəн қастеттермен байланысты заттың сапалық белгілерін я тікелей, я ол заттың басқа затқа қатысы арқылы білдіріеді. Сын есімнің семантикалық негізгі оның сапаны білдіретіндігінен я затқа тəн сапа болатындығынан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады.
Сөйтіп, сын есімдерден болған анықтауыштар сөйлемде заттардың əр алуан сапасын, қасиетін көрсетеді: Батысқа қарай… жүйрік поезд жол тартқан.
Басқа сөз таптарынана жұрнақтар жалғанып жасалған туынды сын есімдер де, анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, анықтайтын сөздермен əрі мағыналық, əрі синтаксистік байланыста болады. Олар да анықтайтын сөздерінің алдында тұрып, негізгі сын есімдердей қабыса байланысады:
Бірақ туынды сын есімдерден болған анықтауыштардың синтаксистік байланысы зат есімнің түбір к6йінде анықтауыш болуынан əлдеқайда босаң болады. Оның мынадан байқаймыз: алтын сағат, тас жол сықылды анықтауыштық топтың ортасына басқа сөз кірістіріп, оларды əрлі-берлі ауыстыруға болмайды. Ал туынды сын есімдерден болған анықтауыштар мен анықталатын сөздің арасында басқа сөздер, көбінесе басқа анықтауыштар, бола береді. Мысалы: кең алқапты жазық дала; бұлтсыз ашық аспан.
Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Заттың сандық, өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де анықтауыш қызметінде негізгі жəне тунды түбір тұлғасында жұмсалады. Грамматикалық өзгерістер ондай анықтауышы бар сөз тіркесінің анықтайтын сөзінде болады.
Сан есімдер аныктауыштық қызметте, бір жағынан, заттың есептік, реттік, мөлшерлік,т.б. санын білдіруі, екінші жағынан мезгілдік, салмақтық, көлемдік ұғымыын өлшеуші болуы оның кандай затқа қатысты екендігіне байланысты: үш бала, он бес қой, алтыншы бригада.
Анықталатын зат белгілі болып, оны басқа заттан айыра тану керек болғанда, оның алыстығын не жақындыгын білдіру керек болғанда сілтеу есімдіктерін анықтауыш қызметінде жұмсаймыз:
Қасқырдың бұл қылығын мазақтап күле-күле екі ішкі Жартыбайға қайтып келді.
Сіңлім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар.
Достарыңызбен бөлісу: |