Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет30/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Жанама толықтауыштар. Табыс септігіндегі тура толықтауыштардан басқа барыс, шығыс, көмектес жəне жатыс септіктеріндегі толықтауыштар жанама толықтауыш деп аталады. Олай аталуы –оның сөйлемдегі баска сөздерге қатысы қалай болатынымен байланысты: жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты айтылмай, негізінде сабақты жəне салт етістіктермен алшақ байланста тұрып, оларды жанама түрде толықтайды. Субъектінің кимыл процесін, күйін білдіретін етістіктер (кейде есімдер) жанама толықтауыштарды меңгеріп, оның тиісті жалғауда тұруын керек етеді: Шолпанның жүрегіне түскен жара мəңгі жазылмайтын жара болғаны ма?
Осындай жанама толыктауыштардың жеке сөзге не бірнеше сөзге бағынуына қарай, олардың меңгерілуін екіге бөлуге болады: а) дара меңгеру; ə) ортақ меңгеру. Жанама толықтауыштар көбінесе етістікке, етістікті сөз тіркесіне катысты болатындықтан, ал етістіктердің сөйлемдегі басты қызметі баяндауыш болатындықтан, олар, негізінде, баяндауышты толықтайды. Сонымен қатар, олар сөйлемде етістіктен болған басқа мүшелерді де толықтайды. Жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер: Жанат Жантаспен ұзақ əңгімелесті.
Зат есім, есімдіктерден баска сөз таптары да зат есім мағынасында жұмсалса, жанама толықтауыш қызметінде айтыла береді. Жаманға жуан жуымас. Білгенге маржан.
Жанама толықтауыштардың мағыналары. Жанама толықтауыштар əр түрлі септік жалғауда, əр түрлі тіркестер құрамында айтылатындықтан, олардың мағыналары да əр əлуан болады:
Барыс септігіндегі жанама толықтауыштар, негізінде, қимыл процесінің кімге; неге арналəнын, қандай запенен үстемеленгенін, қандай талап білдіреді: Барлық мекемелер мен қызмет адамдары бұл комиссиялардың талаптарын орындауға жəне соларға керекті матералдар мен документтерді беріп отруға міндетті.
Шығыс септігіндегі жанама толықтауыштар көбінесе заттың неден, қандай материалдардан істелгенін, қимыл процесінің заттық арнасын, бір заттан екінші заттың баяндауыштық сапасының артық-кемдігін біқдіреді: Тастан жер ошақ жасап, шай қайнаттым. Сүттен ақ, судан таза; біреуден артық, біреуден кем.
Заттың материалдық тегін білдіретін мұндай жанама толықтауыштар тура толықтауыштармен байланысты айтылады. Мысалы: Қара көзден нұр тайса, бір көруге мұң болар.
Қимыл процесінің заттық арнасы болатын шығыс жалғаулы толықтауыштар сөйлемдегі бастауыштармен де мағыналық қатынаста болады. Мысалы: Ол қолымнан тартты.
Көмектес септігіндегі жанама толықтауыштар, негізінде, мынандай мағыналарда жұмсалады. 1.Бірлестік жəне ортақтастық: Жоқ, ол да құлағын самолетпен бірге түскен көрінеді.
2.Құралдық: Атты қамшымен айдама, жеммен айда. 3.Материалдық, заттық: Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.
Жатыс септігіңдегі жанама толықтауыштар кімде? Неде? Деген сұрақтарға жауап беріп, қимылда? не де? деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың не басқа сапаның затқа тəндігін білдіреді. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.
Барыс, шыгыс, көмектес жəне жатыс жалғауларда айтылатын сөздер сөйлемде əр уақытта толықтауыш болмайды, олар сойлемнің пысықтауыш, кейде баяндауыш қызметінде де жұмсалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет