Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет38/83
Дата21.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#204841
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Мекен пысықтауыш. Қимылдың, іс-əрекеттің болу орнын, бет алысын, қайдан екенін білдіретін пысықтауыштар мекен пысықтауыштар мекен пысықтауыш болады.
Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер, негізінде, мекендік үстеулер: жоғары, төмне, ілгеірі, кейін, соң, əрі, əрмен, бері, бермен, кері, ішкері, тысқары, сыртқары, алда, артта, соңында, бұлай, алай, тұс-тұстан, алды-артқы, ерслі-қарыслы, əрі-бері, жоғары-төмен, ілгері-кейін, жан-жақ т.б.
Мекендік үстеулер түбір күйінде де, жатыс, барыс шығыс жалғаулы формаларда да мекен пысықтауыш болады. Жоғарғы үстеулердің бірқатарына-(ы)рақ,- (і) рек жұрнағы жалғанып та мекен пысықтауыш болады. Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бірқатары - көлемдік мағынадағы жатыс септікті зат есімдер, сілтеу есімдіктер. Оларға қайда? қайжерде? Қай жақта? Деген сұрақтар қойылады.
Барыс, шығыс жəне көмектес септікті зат есімдер де іс-əрекеттің орнын жəне беталысын көрсетіп, мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Септік жалғауларындағы сөздердің мағыналарын бұрынғысынан да дəлдеп, айқындап тұратын сөздер бар. Олар- септік жалғауларын меңгеретін демеулер. Демеулер меңгеретін сөздерінен кейін тұрып, мекен пысықтауыштардың құрамына енеді. Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, маң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, соңғы сөздер жатыс, барыс, көмектес септікте тұрып, күрделі мекен пысықтауыш болады.
Арты. Алды, асты, үсті, жаны, маңы, қасы, іші сияқты көмекші есімдер сол тобын жазбай жатыс, барыс, шығыс септікте айтылып. Мекен пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Бірқатар үстеулер жəне сөз тіркестері сөйлем құрамының өзгешелігіне қарай кейде мекен, кейде мезгіл пысықтауыш болып жұмсала береді. Бір қатар көлемдік, мекендік мағынадағы есімдер көбінесе мезгілдік үстеу қызметінде жұмсалады. Ол табанда ақшасын өндіріп алды.
Мақсат пысықтауыш. Іс əрекеттің не үшін, қандай талапқа лайық істелетін, болатынын білдіретін пысықтауыш мақсат пысықтауыш болады. Мақсат пысықтауыштар кім үшін? не үшін? неге? қандай? қандай мақсат пепен? Деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалатын үстеулер өте аз, олар мыналар: əдейі, жорта, қасақана, бекер, басқа, əшейін.
Мақсат пысықтауыштық мағынасы айқын сөздер –зат есім, жəне көмекші сөздермен тіркескен басқа есімдер. Олар төменде көрсетілген тұлғаларда жəне тіркестерде мақса пысықтауыш болады. У қосымшалы қимыл есімдер барыс жалғауында кел, кет, шақыр, бер сияқты етістік баяндауыштарға қатысты болғанда, олар мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады.

    1. Зат есімдер мен –ғалы-гелі, қалы-келі, тұлғалы етістіктер тіркесіп, кейде күрделі мақсат пысықтауыштық қызметте жұмсалады. Бала кітап алғалы келіпті.

    2. Қалау, буйрық рай формалы етістіктерден кейін көмекші деп етістігі айтылып, кейде көсемше тұлғалы етістіктің бір өзі мақсат пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Алматыға оқып білім алайық деп келдік.

    3. Барыс жалғаулы есімге бала етістігі көмекші болып та мақсат пысықтауыш жасалады.

    4. –ма+с (ме+с) тұлғалы есімше барыс жалғаулы жалғаныта мақсат пысықтауыш жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет