Себеппысықтауыш. Себеп пысықтауыш қимыл процесінің себебін білдіреді.
Себеп пысықтауыштарға неліктен? не себепті? деген сұрақтар қойылады.
Себеп пысықтауыштар сөйлемде тек баяндауыш болған етістіктің мағынасын айқындап, тек сол қимылдың болу-болмау себебін ғана білдірмейді, көбінесе, оның қасындағы басқа амал, мекен пысықтауыштармен де магыналық байланыста тұрады. Бірқатар себеп пысықтауышы бар сөйлемнің құрамында баяндауышқа да қатысты басқа пысықтауыш болады. Бірақ барлық жағдайда бұл шарт сақтала бермейді. Себеп пысықтауыштардың бұлайша тікелей текетістік баяндауышқа не оның маңындағы сөзге де қатысты болу-болмауы сөйлем құрамының жəне пысықтауыш болған сөздің
ерекшеліктерімен байланысты. Себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалу үшін мынадай тұлғаларда жəне басқа сөздермен тіркесте айтылады.
Есімше – дық+тан, дік-тен деген жұрнақ жəне шығыс жалғауы жалғанады, кейде ол жұрнақтан кейін тəуелдік, соннан соң шығыс жалғауы жалғанады: ҚаттыұйықтағандықтанБотагөздіңбасыауырыпқалған екен.
Есімше тікелей не тəуелдік жалғауларынан кейін шығыс жалғауы жалғанады.
Шошынғаннаншешесіесінентаныпқалды.
Есімшеден кейін себепті, соң деген шылау сөздер айтылады.Олтəртіптіболғансебептіжұмыстыжақсы істейді.
Есімше –дық дік, од етістігі көмекші болады.
Көңілшектік, еріншектік ан кейін тəуелдік жəне шығыс жалғауы жалғанып барып, оған деп, жалқаулық, тəртіп тəрізді абстракт мəнді зат есімдерге тəуелдік жəне шығыс жалғаулары жалғанып та себеп пысықтауыш қызметінде қолданылады.
Көбінесе шылау қызметінде келетін сондықтан, сол себептен, солай болғандықтан деген сөздер себеп пысықтауыш қызметінде де жұмсалуы мүмкін.
Себеп пысықтауыштар орайына қарай бірдеңенің салдары мағанасында да ұғынылады.