Бірыңғаймүшелердіңбайланысы. Бірыңғай мүшелер көбінесе тұлғалас болатындықтан қазақ тілінде оларды кейде шұбалыңқы етпей, ықшамды етіп айту үшін, грамматикалық тұлғалар мен көмекші сөздер бəріне ортақ етіліп бір–ақ рет жұмсалады. Олар мынандай орындарда болады:
Бірыңғай мүшелердің, мысалы, толықтауыштардың ең соңғысы жинақтаушы болады да, тиісті септік жалғау тек соған жалғанады.
Бірыңғай күрделі мүшелерге бір көмекші етісті не бір көмекші есіv ортақ болып, олар ең соңы бірыңғай мүшеден кейін бір-ақ рет айтылады.
Жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңітуге бірыңғай мүшелер 6лкен сеп болады. Өйткені сөйлем ішіндегі əрбір бірыңғай мүшенің жетегінде басқа сөздерболып, олар бірінің үстіне бірі жамала беруі мүмкін. Бірыңғай мүшелер бірімен–бірі салаласа, басқа мүшелер мен сабақтаса байланысады. Бірыңғай мүшелерді салыстыра байланыстыратын амалдар–интонация мен жалғаулықтар. Бір сөйлемде төрт, бес бірыңғай мүше болса, олардың алдыңғылары жалғаулық немесе интонация, соңғы не ортадағы екеуі жалғаулық арқылы байланысуы мүмкін. Бірыңғай мүшелер интонация аркылы, кейде əрі жалғаулық, əрі интонация арқылы байланысып, айырым əуенмен айтылса, жазуда олардың арасына үтір койылады. Жалғаулықсыз бірыңғай мүшелерді əрі қарай жалғастыра беруге болады,- тұйықталмайды; ал жалғаулықты бірыңғайлар көбінесе тұйықталып, əсіресе жəне жалғаулығымен байланысқан соңғы бірыңғайлар сол қосағымен аяқталып тұрады. Кейде бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы екеу- екеуден қосақталып айтылады. Қорыта айтқанда, бірыңғай мүшелер ойды, бір жағынан шұбалаңқы етпей тұжырымдау үшін, екінші жағынан тарамдап талдау үшін жұмсалады. Алманы кездестіреді, өрікті кездестіреді… десек шұбалаңқы да, алманы, өрікті…. кездестіреді десек, сиысқан, ықшамды болады. Бұл – олардың айырмашылықтары.
Бірыңғай тұрлаулы мүшелер.Тұрлаулы мүшелер бірыңғай болғанда, сөйлемнің құрамы жайыла түседі, бірақ сөйлем күрделі болмайды. Күрделі сөйлемдер əр бастауыштың өз баяндауышы болу негізінде жеке сөйлемдер тіркестерін болса, бірыңғай тұрлаулы мүшелері бар сөйлемде бірнеше бірыңғай бастауыштың бір
баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы болады. Сол ыңғайда олардың бірыңғай болуының өз ерекшеліктері болады:
Бастауыш бірыңғай болғанда, олар бір баяндауышы өздеріне ортақтасқан түрде бағындырады.
Бірыңғай бастауыш кісі аттары болганда, олардың ең соңғысына көптік жалғау жалғанады. Ондайда көптік жалғауы жинақтаушы қызмет атқарады. Мысалы: Абай,Біржан,Əйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырыпжатыр.
Біркелкі бірыңғай бастауыштарды жинаушы сөз жинақтау сан есімдері болады:
Бірыңғай мүшелерді жинақтау қызметінде бəрі, барлығы да, осының бəрі, үшеуі… дегендер сөздер жиі қолданылады.
Баяндауыштар бірыңғай болғанда, олардың бəрі бірдей болғанмен, көп жерде ең соңғы баяндауыштың сөйлем құрауда синтаксистік қызметі ерекше болып келеді. Оның үстіңе етістіктен болған бірыңғай баяндауыштың есімді бірыңғай баяндауыштардан елеулі ерекшеліктері бар.
Етістік бірыңғай баяндауыштар қимылдың бірінен соң бірі болып жатқан үдетпелігін жəне мезгілдестігін білдіреді.
Дала боран, Жел дүрілдейді.ысқырады. Арғымақтың баласы аз оттар да көп