Мезгіл пысықтауыш. Етістіктің шақтық мағынасына мезгілдік мағына үстеп, оның қашан, кай мезгілде болған процесс екенін білдіретін пысықтауыш мезгіл пысықтауыш болады. Мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер- мезгілдік стеулер, зат есім, сын есім мен кейбір сөз тіркестері.
Үстеулерден болған мезгіл пысықтауыш дегенде, алдымен мезгілдік үстеулердің сол қызметте жұмсалуын ескеруге тиіспіз. Мезгілдік үстеулердің мағыналарына лайық синтаксистік қызметі етістіктің шақтық мағынасын дəлдеу, толықтыру, айқындап корсетуболады. Мезгілдік үстеулердің мағыналары, негізінде, етістіктермен ғана байланысты болып, солар ментіркесе алатындықтан, сөйлемде ондай пысықтауыштар өзі қатысты сөздермен қатар тұрып та, олардан қашықтап тұрып та мағыналық жəне грамматикалық байланыста бола береді. Мен бүгін туған күнімді тойлаймын. Мезгіл пысықтауыш болып жиі жұмсалатын сөздер қатарына таңертең, əнеугүні, алдыңғы гүні, əлдеқашан, əлітаман, кешқұрым, əуел баста, ендігəрі, ешқашан, бірсыпыра, бірталай, əрқашан сияқты біріккен сөздер мен ертеңді- кеш, əлсін-əлсін, күндіз-түні,қысы-жазы, анда-санда, оқта-текте, кей-кейде, апақ-сапақта, жылма-жыл, күннен-күнге сияқты қосарланған үстеулер де енеді. Зат есімдердің ішінде мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер –шактық, мезгілдік ұғымды білдіретін есімдер: жаз, қыс, көктем, түн, түс, сəске, кеш т.б. Бұл сөздер кейде түбір күйінде, көбінесе жатыс, шығыс, барыс, көектес жалғауларында тұрып,мезгіл пысықтауыш болады: Жаз шаңаңда сайла, қыс арбаңды айда. Сілтеу есімдіктеріне – ша-ше жұрнағы жалғанып та қашан деген сұрау есімдігіне шығыс жалғауы жалғанып та мезгіл пысықтауыш жасалады: Осынша соңыма түсетін, мен саған не іследім?
Сөз тіркестері мен əр түрлі сөздердің түйдекті тіркестері күрделі мезгіл пысықтауыш кызметінде жұмслуы мүмкін. Олардың құрамы негізінде былай болады:
Үстеу мен үстеу не үстеу мен зат есім тіркесіп күрделі мезгіл пысықтауыш жасалады:
Шақтық мағынадағы зат есімдер атау күйінде не түрлі қосымшалар жалғанып, олардың алдында сілтеу есімдіктері, бір, əуелгі, соңғы, ұзақ тəрізді анықтауышы болып күрделі мезгіл пысықтауыш қызметінде жұмсалады:
Септеулі кейде атау тұлғалы есімдер кейін, соң, дейін, бері, бойы дегендей көмекші сөздермен тіркесіп, күрделі мезгл пысықтауыш болады:
а) Манадан бергі ащы сөздердің бəрінен де мына сөз Ұлжанға ауыр тиді.
Таң ата, күн шыға, ел орнына отыра, жаз шыққанша тəрізді сөйлемдік құрамы бар тұрақты сөздер тіркесі үйірлі мезгіл пысықтауыш болады.
Достарыңызбен бөлісу: |