Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы



бет33/83
Дата21.09.2024
өлшемі287,94 Kb.
#204841
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Байланысты:
asanova zh

Есімшелерден болған анықтауыштар. Есімшелер, сын есімдер сияқты, аныктауыш кызметінде де жұмсалады. Ол заттың қимылдық сапасы ретінде анықтауыш болады: Қаусаған елге ал беріп, жұмақ еткен заманым. Демеңдер өнбес, ісеке жұбаналық, ақыл тапсаң, мал тапсан, қуанарлық.
Есімшеден болған анықтауыштар аныкталатын заттың оз қимылы, іс болуы да не басқа заттың қимылы, іс-əрекеті болуы да мүмкін. Басқаша айтқанда, қимыл анықтауыштардың анықтайтын сөз онымен субъектілік қатынаста болады. Есімшілердің барлық түрінің анықтауышы болу қызметі бірдей емсе. Олардың ішінде анықтауыш болып жиі кездесетіндері- өткен шақтық есімшілер.
Зат есімдер болган анықтауыштар. Зат есімдер түрлі заттық анықтауыштары болуы мүмкін. Заттық анықтауыштар анықтайтын сөздермен байланыста айтылады6

  1. Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып, алдыңғысы соңғысына анықтауыш болады. Мысалы: қол сағат, темір күрек, мал қора.

  2. Екі зат есімнің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тəуелдік жалғаудың бірінде тұрып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Изафеттік құрылыстың ІІІ түрінде айтылатын сөз тіркестері өзара матаса байланысады. Ілік жалғауы сөз анықтауыш, тəуелдеулі сөз анықтауышы болады. Мысалы: Менің қарындасым университетте оқиды.
Ілік жалғаулы аныктауыштар, жоғарғы мысалдардағыдай, көбінесе анықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Кейбір өлеңді жəне диалогты сөйлемде олардың орны ауысып келуі де мүмкін. Кең даласы казақтың
Құлпырады гүл жайнап.
Матаса байланысқан аныктауыш пен анықталатын сөздің ортасына басқа сөздер түсіп, бірінен-бірі қашық та тұра береді. Кейде ілік жалғаулы бір анықтауыш бірыңғай бірнеше мүшелерді анықтай алады: Кейде, керсінше, ілік жалғаулы бірнеше анықтауыштың анықтайтын сөзі біреу-ақ болады. Кейде ілік жалғаулы анықтауышты анықтайтын сөз ілік жалғауда айтылып, ол сөйлемнің басқа мүшесін анықтауы мүмкін. Зат есімдерден басқа, есімдіктер, субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшілер де ілік жалғауында айтылып анықтауыш бола алады. Матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамы əр түрлі болуына қарай, анықтауышпен анықталатын мүшелер əр алуан мағыналық қатынаста жұмсалады. Ілік жалғауында жұмсалуға тиісті анықтауыштар анықтайтын сөзінің тəуелдік жалғауынан белгілі болатындықтан сөйлемде айтылмаса да болады. Отанымыз- анамыз.
Бұл мысалдағы Отанымыз, анамыз деген тұрлаулы мүшелердің айтылмаған анықтауышы-біздің. Ол – анықталатын сөздердегі –мыз деген тəуелдік жалғауынан белгілі болып тұр.
Анықтауыштың сөйлем ішінде ерекше айтылмауы сөйлемнің беретің мағынасының аз сөзді ықшамды- болумен байланысты. Сөйлемнің ықшамды болып құралуы –стильдік талапқа сай болатындығынан. Кейде ілік жалғаулы анықтауышқа ой екпінін түсіп, оны басым əуенмен айту керек болғанда, не ілік жалғаулы
анықтауыштың қай сөз екені контекстен белгілі болмайтын жағдай да кездеседі. Ол да сөйлемнің стиль мəселесіне жатады.
Жалпы ереже бойынша, бір сөз ілік жалғауда айтылса, сонымен байланысты басқа сөз қалай да тəуелдік жалғауда болады, керсінше, сөйлемде тəуелдік жалғаулы сөз болса, сол сөйлемде қалай да ілік септікті сөз болуы керек; қысқасы, олар бірінсіз-бірі жұмсалмайды. Тек күні кеше, түні бойы, өткен жылы.
Ілік септікті анықтауыштар анықтайтын сөздермен қатар тұрғанда кейде жалғаусыз жұмсалады. Ол екеуінің ортасында басқа сөздер болғанда жəне мына төмендегі сөздер ілік септікті анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар əр уақытта жалғаулы болады:

  1. Есімдіктер (өз дегеннен басқа): менің талабым, біздің серміміз, сенің қарындасың.

  2. Сын есімдер: жаксының шарапаты, жаманның есапаты, қызылдың қызылы, ақылдың сөзі.

  3. Сын есімдер: екінің бірі, онның жартысы, екеудің алдыңғысы.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет