Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
В.Сухомлинскийдің «Адамның нағыз 
байлығы затта емес, ақыл-парасатта, рухани байлықта» деген 
ойын басшылыққа алып «Менің жан дүнием» тақырыбында 
эссе жазыңыздар. 


46
«Адамның ішкі рухани байлығы оның адамгершілігі» 
тақырыбына пікір алысу жүргізіңіздер.
Адамның ішкі рухани байлығы оны үнемі қадағалауға 
себепші болатын негізгі бастау, адам бойындағы адамгершілік 
қасиеттің өлшемі. 
Мағжан Жұмабаев «... Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер 
де, адамдардың жүріс-тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу 
болуға тиісті. Сұлу ден, сұлу қозғалысты көріп өскен бала да сұлу 
болады. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді» деген. Сондықтан 
да адамның ішкі жан-дүниесінің рухани байлығы адамға өз әрекеті мен 
ниеті үшін жауаптылығын сезіндіріп, өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға 
бере білуіне әсер етеді. 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ақыл
Бөлтірік Әлменұлы
Бөлтірік төре шешендермен сөз сайыстырып отырыпты. Небір 
мықты деген шешендердің Бөлтіріктен ұтыла бергенін көріп отырған 
төре шыдай алмай, сөзге өзі араласады. Байлық пен билік, жақсы мен 
жаман, асыл мен жасық туралы сөз сайыстарында Бөлтіріктен өзі де 
жеңіліп қала берген төре:
– Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады?
Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай 
болады? Жарығы тұтас елге түскен қасиетті шырақ қандай болады? Жел 
жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады? – деп бастырмалата-
бастырмалата бірнеше сұрақты қатарынан бір-ақ қойыпты. Төренің 
өз шешендері жауап қайтара алмай отырып қалғанда, Бөлтірік былай 
деген екен:
Дүниеде азбайтын байлық біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде тозбайтын байлық біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде қайтпайтын адал қолдаушың біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде тоймайтын адал қорғаушың біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу,
Ол – ақыл.
АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ


47
Бөлтіріктің суырып салма өнерінің асықтығын мойындаған төре 
іштарлық көрсетіп:
– Ақыл-ақыл деп тақылдаған сала құлаш тіл берген құдай саған 
неғып бармақтай бақ бермеді екен? – деп, шешенді мұқата сөйлейді. 
Сонда Бөлтірік әдепкідегі ойларын жалғастырып, былай депті:
Дүниеде ердің басына қонатын бақ біреу,
Ол – ақыл.
Дүниеде елдің басына қоятын тақ та біреу,
Ол – ақыл.
Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз,
Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз.
Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын.
Нақылсыз нас болғаннан сақтасын.
Елдің ақысын өле жегеннен сақтасын.
Ұрының табысын бөле жегеннен сақтасын.
Бөлтіріктің осы сөзінен кейін төре де, төренің шешендері де тілден 
қалған екен деседі.
• 
Бөлтірік ақылды «Қайтпайтын, таймайтын қолдаушы мен 
қорғаушыға», «жарығы тұтас елге түскен қасиетті шыраққа», 
«жел жетпес жүйрік, асыл текті пыраққа» теңеуінің себебі 
неде?
• 
Өздеріңіз ақылды неге теңер едіңіздер?
• 
Бөлтірікті басқа төре шешендерден биік етіп тұрған не деп 
ойлайсыздар?
• 
Адам өмірінің баянды, бақытты болуы неліктен адамның 
ақылына, ақылды істеріне байланысты? 
• 
Айналаңызда ақылын өміріне серік еткен адамдар бар ма? 
Әңгімелеп беріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет