89
... Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім
бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып
қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан
жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай
бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды.
Әкем топырақ астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді
жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап
білетін. Сол себепті көктемдегі
жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі
пендені жолатпайтын. Мұндайда
әкем жүзімнің әр бұтағын
қолымен сипалап, «Ә, оянып
қалдың ба, жарайды, сен де жарық
дүниеге шыға ғой», – деп өзінен-
өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.
...Шілде
айында өрік пен
шабдалы уылжып тұрған кезде де,
қазанда жүзім мен алма піскенде
де әкем бүкіл ауыл адамдарын
бауға шақырып, әрқайсысының
үйіндегі адам санына қарай пәлен
түп жеміс ағаштарын «мынау
сенікі, анау сенікі» деп бөліп-
бөліп беретін. Әрбір отбасы
өзіне
тиесілі ағаш басындағы
жемістерін
бала-шағасымен
жабылып жүріп лезде жинап
алатын. Колхоз берген арбаларға жәшік-жәшік өрік, шабдалы, алма,
тағы басқа жемістерін тиеп алған ауыл адамдары әкеме алғыстарын
айтып, құдды тойдан қайтып бара жатқандай мәз-мейрам боп тарайтын.
Менің әкем алғанына емес, біреуге бергеніне қуанатын адам еді.
Ал, күзгі жеміс жинау кезеңі – әкемнің өміріндегі ең бақытты күндері
болатын. Мәуе төккен күзгі ағаштар түбінде асығыс-үсігіс жеміс жинап
жатқан балаларға мейірлене ұзақ қарап,
іштей елжіреп, нұрланып,
рухтанып, тіпті көрер көзге кәдімгідей жасарып кететін еді. Маған әкем
өзінің бүкіл өмірін, күш-қуатын, қабілетін осы минуттар үшін, яғни
адамдардың өзіне риза болған қуанышты жүздерін көру үшін жұмсап
жүргендей боп көрінетін.
Бүгін ойлап қарасам, әкем марқұм өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір
сүрген екен. Соғыстан кейінгі жылдары ауылда ер адамдар саусақпен
санарлықтай ғана еді. Мүмкін, содан шығар, әйтеуір ауылда біреудің
пеші яки тандыры бұзылып қалса да, есік-терезесі қирап немесе
МЕН
СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН
90
құдығынан су шықпай жатса да әкемді шақырып әкететін. Өз үйіміздегі
қыруар шаруалар басымыздан асып жатса да әкем көмек сұрап
келгендерге «жоқ» демейтін. Түн ортасы болса да орнынан тұратын да,
әлгі жәрдем сұрап келген адамға ілесіп, үн-түнсіз үйден шығып кете
беретін. Мұндайда әкемнің қабақ шытқанын көрген емеспін, сірә. Ең
бастысы – әкем өз еңбегі үшін әлгі адамдардан көк тиын алмайтын.
... Бір жолы әкем үйге өте кеш келді. Күйеуі соғыстан қайтпай, жесір
қалған бір көп балалы әйел бар еді. Сол үйдің шатырын жөндепті. Дәл
осы күні көрші ауылда тұрған ағам мен жеңгем қонаққа келген еді. Ағам
сол жолы әкемізге зіл тастап сөйледі:
– Өз шатырымыздан су сорғалап тұрғанда өзгенің шатырын жамап-
жасқап жүргеніңіз қалай? – деді. Әкем оған ренжіген жоқ. Қайта
қарқылдап бір күліп алды да, ағамның әлгі сұрағына сұрақпен жауап
берді:
– Әрқайсымыз тек өзіміз үшін ғана тырбанып бақсақ, онда анау өзі
үшін жайылып жүрген малдан қандай айырмамыз болмақ?
Ағам түксиген күйінде үн-түнсіз тұрып қалды. Жеңгем «өзіне де сол
керек» дегендей маған күлімсірей қарады.
Қазір ойлап қарасам,
әкем өз
отбасына ғана емес, бүкіл бір ауылға
«Мейірімділік» деп аталатын пәннен
мықтап дәріс беріп кеткен екен. Құдайға
шүкір, бүгінгі қиын-қыстау кезеңнің
өзінде ауылдастарым бір-біріне қарасып,
жең ұшынан жалғасып келеді. Қартайып
қалған көршісінің тозығы жеткен шатырын жөндеп, сынған терезесін
салып беретін қайырымды жігіттер ауылда әлі де бар екен.
Ұлым менің!
Әкемнің маған берген тәрбиесін мен саған толық бере алмаған
шығармын. Кейде ол кісі маған бала бүркітті баулап жүрген
саятшы
секілді көрінетін. Мені қасынан тастамайтын. Жеміс ағаштарының жас
көшеттерін отырғызып жатса да, қырға шығып шөп шапса да, арық
қазып, көпір салып жатса да ұдайы мен әкемнің жанында жүретінмін.
Әрине, қызықтау үшін емес. Әкемнің қалай кетпен шауып, қалай орақ
орып, қалай балға соғып жатқанын көріп өстім.
Бертін келе әкем маған аса жауапты істерді сеніп тапсырып, өзі басқа
шаруалармен айналысып кететін болды. Мұндай кезде «бір нәрсені
дұрыс істемей, бүлдіріп аламын ба?» деп іштей қатты қорқушы едім.
Талай рет бүлдіріп те қойдым. Бірақ әкем іштей қанша ренжіп тұрса да
ашуға тізгін бермейтін. «Өзің бүлдірдің – өзің жөнде» дейтін де, кетіп
қалатын.
Кейде әкем күні бойы кетпен шауып әбден шаршап, жеміс ағаш
Достарыңызбен бөлісу: