153
Адамдарға риясыз қызмет ету арқылы өзіңді де, оны да шаттыққа
бөлеу» дейді.
… Ал ұзақ өмір сүрудің құпиясы мынада:
жапондықтар қарым-
қатынас кезінде бір-бірін ренжітпеуге, көңіліне қаяу салмауға тырысатын
халық деседі. Нақ осындай қадамы құтты елді әлем картасынан табу
қиын. Экономиканың кереметін біз солардан көріп отырмыз. Күріш
егетін, қала салатын ұлтарақтай жері де қалмады. Оларда табиғи байлық
дегеніңіз атымен жоқ. Осыған қарамастан жапондықтар жаһандағы ең
бай ұлт саналады. Байлыққа жеткізген де – ақыл-парасат пен ғылым-
білімі. Ал енді осы ғажайып жетістіктерді ежіктеп айтып отыруымыздың
себебіне келейін.
Гәп жоғарыда айтқан ұлт қазынасында жатыр. Тұтас елдің
табыстылығының құпиясы сол, жапондықтар өз ой-пайымдарын
тізгіндеп ұстауды үйренді. Теріс ойлар
әңгімелесіп отырған адамның
көңілін бұзып, жүйкесіне тиіп қана қоймай, оның денсаулығына,
болашағына нұқсан келтіретінін жақсы білгендіктен,
олар балағат,
дөрекі сөздерді өз тілдерінен мүлдем тыйып тастапты. Жапондықтардың
көп жасауының ақиқат сыры, міне, осында. Бір-біріне деген ілтипат-
ізгілікте, сыйластықта.
Ізет пен ілтипат, сыйлағанның құлы болу, шынына келгенде, қазақтан
қалған. Даладай дарқандық та, кең пейіл де, ер көңіл де, жалғыз атын
жолаушыға сойып салар қонақжайлық та,
зият тектілік те қазақтың
сүйегіндегі қазыналы қасиеттері екендігі бүгінде төрткүл дүниеге түгел
мәлім-ау. Бағзыдан бергі салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүр-жоралғысы,
тәлім-тәрбиесі, даналық сөздері – бәрі-бәрі қазақтың азбас-тозбас,
сарқылмас асыл қазынасына жатады. Осының бәрі, сайып келгенде,
Елбасы айтып жүрген интеллектуалды
ұлт қалыптастырудың негізі,
адам капиталының алтынға айырбасталмас әзиз құндылықтары болып
табылады. Олай болса, қазақ қазынасын игерейік, ағайын! Ұзақ ғұмыр
да, ырыс-береке де ұлт рухынан, ұлттың ақыл-парасаты мен жан-
жүрегінің қайнарынан шығатынын әсте қаперден шығармайық», – дейді
журналист Қорғанбек Аманжол.
•
Автордың «Не үшін өмір сүресің?» деген сұрағына қалай жауап
берер едіңіздер?
•
Мәтіндегі Виктор Франклды бақытты еткен не деп
ойлайсыздар?
•
Қазақ
халқының
жасампаздығының
себебін
немен
байланыстырар едіңіздер?
•
Сіздерді бақытты етуге тырысып жүрген жандар жайлы не
айтар едіңіздер? Әңгімелеп беріңіздер.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
САБАҚТАРЫ