34
Жаңа айттым, сезім ұшқалақ келеді. Ал
ақыл мен сезімді қатар ұстаған кісілердің
сезімі ұшқалақ келмейді. Оны интуиция
дейді.
Сезім мен ақылыңды қатар ұстай білу
– үлкен тәртіптілік, адамгершілік, жақсылық. Сол екеуінің басын қоса
алмай жүрген адамзаттың (өлгендері бар, тірісі бар) тоқсан пайызы өзін
сезімге билетіп жібереді де, кейіннен «ойбай!» деп опық жейді.
Осы туралы Абай көп ойланған. Оны ол кісінің шығармаларын
оқысаң, түсінесің. Жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің түп себебі
осыдан деп білем.
- «Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән
кеселін емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек»,
– деген екен әл-Фараби бабамыз, – дей жаздап, тиыла қалдым.
... Жалпы сезім мен ақыл әркімде әр түрлі, – деді қабақ шытып,
тұнжырай ойға енген күйі.
- Біреуде бар ақыл басқада жоқ. Екі адам ол жағынан егіз емес,
олардың ақылы да, сезімі де екі бөлек. Оны бірдей ету қиын нәрсе.
... Өмір құбылысына баға беру үшін ақыл мен сезім қатар жүруі
керек. Оның негізі – ұяда нені көрсеңге барып соғады, оның негізі
отбасыға байланысты.
•
Мәтіндегі «Сезім билеп кетсе, ұялып қаласың, сезіміңді
ауыздықтай біл, «ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген сөз бар.
Бұл сезіміңе ерік бере берме деген сөз» деген ойдан нені
аңғардыңыздар?
•
Сезімді қалай басқаруға болады деп ойлайсыздар?
•
«Сезім мен ақылды парлап жолдас етпесең, ұятқа қаласың»
дегеннен нені ұқтыңыздар?
•
Бауыржан Момышұлы нені тәртіптілік, адамгершілік,
жақсылыққа жатқызды?
•
Бауыржан Момышұлы жаман мінез-құлықтың көрініс беруінің
түп себебін қайдан іздейді? Өздеріңіз қайдан іздейсіздер?
Неліктен?
•
Ақыл мен сезімді қатар ұстау адамды үйлесімділікке жеткізе
ме? Себебін түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: