Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет23/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
Абайдың «Тіл жүректің айтқанына көнсе
жалған шықпайды» деген нақыл сөзін басышылыққа алып 
эссе жазыңыздар.
Сезім мен ақылыңды 
қатар ұстай білу – 
үлкен тәртіптілік
адамгершілік, жақсылық.
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ


35
2-тапсырма.
Өлеңдерден берілген үзінділерді оқып, одан ақыл 
мен сезімді қатар ұстап, адамды үйлесімділікке жеткізетін қасиеттерді 
іріктеп алып, олардың әрқайсысына сипаттама беріңіздер. 
Шәкәрім
... Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық,
Талапқа алты түрлі ноқта
17
 тақтық.
Алтауының ішінде ынсап
18
 әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.
Құтты білік
(Үзінді)
Жүсіп Баласағұн
Екі әлемде кісілерге, керегің –
ізгі қылық, түзу құлық – дер едім.
Екінші – ұят, үшіншісі – әділдік,
Осы үшеуі бақ-дәулетің бәріңнің.
Құлқы түзу болса елі сенеді,
Қылығы түзу төрден орын тебеді.
Ұят, намыс – абыройын сақтайды,
Ұятсыздық ердің басын таппайды.
Тағы бірі – түзу қылық қарымды,
Қос жалғанда сындырмайды сағыңды!
Ұят, шындық, ізгі құлық – үшеуі,
Қосылғанда құбылаң тең түседі.
3-тапсырма. 
«Ойы, сөзі, ісі ізгі жандар» тақырыбындағы дөңгелек 
үстелдің бағдарламасын төмендегі қадамдарға сәйкес әзірлеңіздер:
• 
 тақырыпқа сәйкес кейіпкерлерді табу;
• 
 тақырыпқа сәйкес әңгімелесуге сұрақтар дайындау;
• 
 қатысушыларға сыйлық дайындау.
Адамның табиғатына тазалық, ізгілік, жақсылық жақын. 
Сондықтан да, адам табиғаты жақсылық жасауға бейім 
тұрады. Осы тұрғыда Шәкәрім Құдайбердіұлы «... Адамның 
жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет 
жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек.
Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды» дейді. 
Сондықтан да адамның ойы, сөзі, ісі ылғи да тек қана жақсылыққа 
бағытталса, өмірде игі істер жасалып, адам өзімен өзі және айнала 
қоршаған ортасымен үйлесімділікте өмір сүруге мүмкіндік алар еді. 
17
Мал басына кигізілетін ер-тұрман жабдығының бірі. 
18
Көңіл тоқтатудағы қанағат.
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ


36
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет