Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет25/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

М. 
Шаханов
Мәселен, 
Қажымұқан мен Қожамқұлды 
қазіргі әлемді шулатып жүрген спорт жұлдыздарының көпшілігімен 
қатар қоюға бола ма? Бұлар – тек алып күш иесі ғана емес, сонымен 
қатар зор адамдық парасат иелері. Туған топыраққа тамырын терең 
жіберген, халықтың салт-дәстүрін, ибасын, рухани қазынасын бойына 
жинаған бірегей тұлғалар. Осы қымбат қасиеттердің арқасында олар 
қалың елдің сүйіспеншілігіне бөленді. 
Ш. Айтматов.
Иә, жер шары атақтыларға кенде емес. Олардың 
денін спорт және эстрада тарландары құрайды. Доп теуіп, ұлы 
Бұлар – тек алып күш иесі ғана 
емес, сонымен қатар зор адамдық 
парасат иелері. Туған топыраққа 
тамырын терең жіберген, 
халықтың салт-дәстүрін, 
ибасын, рухани қазынасын бойына 
жинаған бірегей тұлғалар.
ӨЗІҢМЕН ҮЙЛЕСІМДІКТЕ


38
атанғандарға, бокс пен күрестің төселген шеберіне немесе сахна сәні 
аталған әншілерге теңеу таба алмай, қиналып жатамыз. Кейде олардың 
сайыс алаңына, не сахнаға жалт етіп бір шығуының өзі миллиондаған 
долларға бағаланып жатады. Мүмкін, бұл уақыттың, дәуірдің үрдісі 
шығар. Бірақ елдің қолпашына семіріп, жердің тіреуішіне айналғандай 
боп өрекпіген, атағы жер жарған осындай жұлдыздардың кейбірімен 
әңгімелесе қалсаң, рухани саяздығына қайран қалып, жағанды 
ұстайсың. Шіркін, адамның жан байлығы, ақыл-парасаты қай кезде 
модаға айналар екен?
• 
 Екі палуан (Қажымұқан мен Қожамқұл) неліктен белдесуден 
бас тартты? 
• 
 Қажымұқан мен Қожамқұл палуанның іс-әрекетінен қандай 
қасиеттерді аңғаруға болады?
• 
 Палуандар өз сезімін ақылға қалай жеңдіре алды? Олардың іс-
әрекетінен қанадай үйлесімділікті байқадыңыздар?
• 
 Өздеріңіздің сезімдеріңізді ақылға жеңдірген кездеріңіз 
естеріңізде ме? Сол кезде қандай күйде болдыңыздар?
• 
 Мәтіндегі Шыңғыс Айтматовтың «Шіркін, адамның жан 
байлығы, ақыл-парасаты қай кезде модаға айналар екен?» деген 
сұрағына қалай жауап берер едіңіздер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет