Өзін өзі тану пәнімен интеграцияланған География сабағының жоспары Мектеп



Дата13.05.2017
өлшемі86,11 Kb.
#16219
Өзін өзі тану пәнімен интеграцияланған География

сабағының жоспары
Мектеп: Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп

Мерзімі: 30 қараша 2015 жыл

Мұғалім: Каменова Алтын Тлеккабыловна

Сынып:

Оқушы саны: 20

Тақырыбы: Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары

Құндылық: Рухани құндылықтар

Қасиеттер: Рухани кәусар бұлақ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың бойында атмосфераның жалпы циркуляциясы және ауа массалары туралы ұғым қалыптастырып, оның маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың міндеттері:

Сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, топтау әдісі, өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері, ойын элементтерін пайдалана отырып жас ұрпақты өкінбейтіндей етіп, қателіксіз, уайым-қайғысыз, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, өмірлері қуаныш пен шаттыққа толы болуға үйрету



Ресурстар:

Қазақстанның физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, тест тапсырмалары.




Сыртқы интеграция:

І. «5Т» ережесі

Талап


Тәртіп

Тазалық


Татулық

Тыныштық


ІІ. Тыныштық сәті

«Орманға серуен»

(музыкамен ой бөлісу )


Ескерту:

Ішкі интеграция:

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында  тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ.  Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.[ «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі.Ал табиғат пен адам арасындағы құндылық география пәнімен бойымызға енуі керек. Күн радиациясы арқылы енген нұр сауле бойымызға тарайтын болса, білім нұры да солай енуі керек ендеше «Климат түзуші факторлар, Күн радиациясы» туралы топпен талдайық.



1-топ тапсырмалары:

1) Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2) Күн радиациясы деген не?

3) Тура радиация деген не?

4) Шашыранды және жиынтық радиация дегеніміз не?

2-топ тапсырмалары:

1)Жұтылған радиация дегеніміз не?

2. Шағылысқан күн радиациясы деген не? Мысалы қара топырақпен жаңа жауған қар күн радиациясының неше пайызын шағылыстырады?

3) 84-85 беттегі Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасына талдау жасаңдар.



3- топ тапсырмалары:

1)Күн радиациясының таралу заңдылықтары қандай?

2) Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің түсу ұзақтығы әртүрлі?

3)Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылығы күн радиациясына қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.



ІҮ. Дәйексөз

Халық мақалы

Ай құлақтанса- азығыңды сайла,
Күн құлақтанса күрегіңді сайла.
Ай шалқақ туса -өзіне жәйлі,халыққа жәйсіз,
Ай тігінен туса -өзіне жәйсіз ,халыққа жәйлі.
Ү. Негізгі кезең: жаңа сабаққа кіріспе:

Негізгі ұғымдар тақтаға ілінеді :

  1. Ауа массалары

  2. Трансформация

  3. Конденсация / оқушылардың түсінігін білу/

Жаңа сабақ- І- бөлім:

4. Жаңа сабаққа кіріспе

Мұғалім сөзі :Атмосфера әрқашан қозғалыста болады. Атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындары пайда болады. Ауа ағындарын құрайтын ауа массалары қозғалысқа түскенімен ұзақ уақыт өз қасиеттерін сақтай отырып, сол келіп жеткен аумақтың ауа райын қалыптастырады. Қазақстан атмосфералық циркуляциясының ерекшеліктері ғаламшарлық циркуляцияның әсеріне байланысты болады. Мысалы солтүстік жарты шардың үстіндегі ауаның зоналық циркуляция ағындары мұхиттық ауа массаларын батыстан шығысқа қарай қозғап, 2-2,5 тәулікте біраз өзгеріске ұшырай Қазақстанға жетеді. Осы кезде республика жеріде материктің орталығында орналасқанына қарамастан климаттың континенттігі азаяды. Сөйтіп, Қазақстанның жер бетіндегі атмосфералық циркуляциясы-жалпы циркуляцияның бір тармағы болып табылады.

Топтау әдісін пайдалану арқылы ауа массаларының қасиеттерін тақтада көрсету


температурасы

ылғалдылығы



Ауа массаларының қасиеттері



Қысымы (жоғарғы, төменгі)

Мөлдірлігі


4. Жаңа сабақты топ бойынша оқып шығу:

І-топ – Тропиктік ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІІ- топ – арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Фараби «Философиялық трактаттар» атты еңбегінде адам жанына, жүрегіне үнемі ерекше мән береді. Мысылы, «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» десе, Абай 17 қара сөзінде: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Абай  жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі.

Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Яғни, шынайы жан тыныштығы жүректің нұрымен келеді. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен,  «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, ал, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді. Адам да қиындыққа тап болған кезде ғана ойланады, қиналады. Қиналған кезде оның жаны тазарады.  Адам баласы ақыл мен жүрек қосылғанда  ғана эмоцияға берілмей, өз сезімін бағындыра алады. Сөйтіп саналы түрде жақсы мен жаманды ажырата алатын деңгейге жетеді.

ҮІ. Мұғалім сыйы (видеоролик)

ҮІІ. Шығармашылық топтық іс-әрекет

5.Әр топқа сипаттама беру жоспары беріледі:

1) Ауа массасының қалыптасу орны.

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері.

3) Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? Ауа райы

қалай өзгереді?



6.Жаңа сабақ бойынша топтық жұмыстар жүргізу: оқушылардың жауаптарын тыңдау;

Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жүргізу: Егер....... бұл ауа массасы.... қысқаша армандап эссе жазу; (Баян, Нұржамал, Сымбат)



7.Жаңа сабақты бекіту:

Тест тапсырмасын орындау:

1. Ғаламдық климат қалыптастырушы факторды көрсетіңдер

А) географиялық ендік Ә) күн радиациясы б) жер бедері



2. Атмосферадан өтіп жер бетіне жететін радиация қалай аталады?

А) тура радиация, Ә) жиынтық радиация б) шашыранды радиация



3.Жиынтық радиациясының топырақ, су, қар жамылғысы сіңіріп жылыған радиация қалай аталады?

А) тура радиация Ә) шашыранды радиация б) жұтылған радиация



4. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі..... деп аталады.

А) трансформация ә) конденсация б) деформация



5. Қандай ауа массасы Қазақстан жерінде антициклондық ауа райын қалыптастырады?

А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы



6. Қазақстан жеріне батыстан ене отырып, жауын –шашын әкелетін ауа массасы?

а) арктикалық ауа массасы ә) тропиктік ауа массасы б) теңіздік қоңыржай ауа массасы



7. Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызақ (ыстық жел) әкелетін ауа массасы?

А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы



Тест кілті арқылы тексеру: 1Ә, 2А, 3Б, 4А, 5Ә, 6Б, 7А;

Дарынды оқушылардың эссесін тыңдау (уақыт аз қалса жинап алу)

ҮІІІ. Топпен ән айту

ІХ. Үй тапсырмасы

Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары



(бағалау)

Х. Соңғы тыныштық сәті






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет