Нұрға бөлену Үй тапсырмасын тексеру. 8 сабақтағы Қ. Толыбаевтың «Бақытқа апарар жол» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар
Шәкірттер ұстаздан не туралы айтып беруді ұсынды?
Бақыт туралы ұстаз қандай ой айтты?
Бақытқа жету үшін не істеу керек деп ойлайсындар?
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.
Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби
Әңгімелеу. «Бақытты адамның көйлегі» ертегі
Сұрақтар
Патшаның мазасын алған қандай ой еді?
Неліктен уәзірлер бақытты адамды таба алмады деп ойлайсыңдар?
Бақытты болу дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Бақытты, балалық бал дәурен» тақырыбында коллаж жасап, қорғайды.