2. Айнала қоршаға қамқорлық жасай отырып мейірімділікпен өмір сүруге баулу.
3. Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қиянат жасамауға тәрбиелеу;
Ресурстар
Оқулық
Дәптер
Күнделік
Қалам
Түрлі-түсті қарандаш
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу , оқушылардың көңіл күйін сұрау, сабаққа қатысуын сұрау.
Бес«Т» ережесін сақтау
Тыныштық сәтi.
«Су асты патшалығына ойша саяхат.» (мелодия «Дождь и скрипка»).
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Сабақ барысын талдау:
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Бала және інжугүл қоңыраулары» (105 бет) ертегісі бойынша сұрақ қою арқылы ертегінің мазмұнын айту.
Сұрақтар:
1. Балалар, інжугүл дүниеге қалай келді?
2. Ал бала інжугүлге неліктен қызықты?
3. Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
4. Інжугүлді бала неліктен жұлмады?
5. Егер сендер баланың орнында болсандар, не істер едіңдер?
Дәйексөз.
Берілген дәйексөзді интербелсенді тақтадан көрсетіп, дәптерлеріне жазғызып сұрақ қою арқылы мәнін ашу.
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылы
Дәйексөздің мағынасы қандай?
Қайырымдылық дегеніміз не?
Қайырымды іс жасап көрдіңіздерме?
«Қайырлы болар әр ісің» дегенді қалай түсінеміз?
Әңгiмелеу
«Табиғат сыйлаған құдірет» видеоролик
Табиғат ғажаптары туралы не айта аласыздар?
Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар?
Баянауыл өңірінде болып көрдіңіздер ме?
Басқа қандай табиғат ғажаптарын білесіздер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 тапсырма: Ойын «Кім жылдам» Сіздерге берілген 5минут уақыт ішінде құрастыруға берілген суреттерді жинақтау қажет. (табиғат көрінісі бейнеленге суретті құрастыру).
2 тапсырма: Шешімін табу.
1-жағдаят
Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят
Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
(оқушылар өз ойларын ортаға салады)
Топпен ән айту.Мейірімді болайықшы бауырлар
Сөзі: Серік Қалиев
Әні:Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын! Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар! Болашаққа қол ұстасып барайық,
Кішіпейіл болайықшы, халайық! Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп. Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,
Қаратайық Құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!
Үй тапсырмасы.
§ 30. А. Лопатинаның «Суретші туралы » ертегісін оқып келу.
Соңғы тыныштық сәтi.
Қадір Мырзалиевтің өлең жолдарын барылығымыз бірге айтып сабағымызды аяқтаймыз.
Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың не үшін керек?
- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Жай музыка қойылады
Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерді жүрегіңізге түйіп алаңыз.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде