Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың декті бір саласы – оқу. Бастауыш сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Ана тілі сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамытады.
Оқушы әдеби тіл нормасына сай өз сезімін ойын дұрыс жеткізу. Әдебиеттік оқу пәнін оқытқанда оқушылардың мынадай жұмыстарды орындауға береміз:
. Оқу; түсіндірмелі, мәнерлеп, рөлдерге бөліп жаттау, баяндау, сұрақ-жауап. Бұлар ауызша жүргізіледі.
.Жоспар; мазмұндама, шығарма жазу, талдау,. Бұл жазбаша жүргізіледі.
І. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнінен оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуде,
Сөз тудыру жұмысы.
Баланың сөздік қорын молайту
Әсем қандай қыз?
Ә–әдемі, әдепті.
С–сұлу, сүйкімді.
Е–еңбекқор, елгезек, епті.
М–мейірімді, мәдениетті.
Осы жұмысты оқушы тақтадағы сұраққа қарап отырып жалғастырады.
“Әсем”
Әсем әдемі , әрі әдепті қыз. Әсемнің жаны да ...
ІІ. Салыстыру жұмысы арқылы сөйлем құрату. Тақтаға сиырдың суретін беру.
Өзі–ала доптай.
Сүті–балдай тәтті
Мүйізі–қарағайдай иілген
Көзі–көмірдей қап-қара
Даусы–пойыздың дауысындай мөңіреген.
Мұндай жұмыс түрлері арқылы оқушылар біріншіден–сын есімді менгереді,
екіншіден– салыстыру арқылы сөйлем құрап, салыстыру ұғымы, түсінігі қалыптасады.
ІІІ. Сөйлемдер құрату.
Мысалы: Лепті сөйлемдер құра деп өздеріне тапсырма беру.
Көктем тақырыбына: Алақай, көктем келді! Әттең, қар еріп барады!
Көктем ауасы неткен керемет еді! т.б.
Енді осы лепті сөйлемді өз бетінше хабарлы сөйлемге айналдыру.
Хабарлы сөйлем: Көктем келді. Қар ери бастады. Көктем ауасы таза.
Математика сабағында « Кестелік қосу, азайту » тақырыбын өткенде , өзіндік жұмысқа дайындалған карточкаларда қате құрылған өрнектер араластырылып берілді. Оқушы 7 - 8=1 өрнегін осылай шығарды. Оқушылардың бірі дұрыс деп басын изеді, бірі қате шығарды деп келіспеді , бірі үндеген жоқ. Ең соңында ; бұл -қате шығарылған. Дәлел: 7 8, сондықтан 7-ден 8-ді азайтуға болмайды. Бұл да баланың өз білімін қолдана ала алатындығын дәлелдейді.
Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен орындай алуларына,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол.
Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.
Оқушыларды өздігінен жұмыс істей алуы - ғылыми жұмыстармен айналасуына негіз болады.
Ғылым – іс-ірекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін сала болып есептеледі. Ғылыми жұмыстың тиімділігі оқушы өрісінің кеңдігіне, білімдігіне, ақпараттық мәдениетіне байланысты.
Оқушылар арасынан таңдалып алынған ғылыми жұмыспен айналысатын жас зерттеуші сауатты, көп салалы білімді болу керек.
Өз еңбегімен ізденіп алған білім, оқушының жадында көп уақыт сақталады. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігімен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкін болады.
Қорыта келгенде :
Оқушы білімді өз бетімен жұмыс жасай білгенде ғана тиянақты игереді. Ал білім алу барысында ешқандай өз бетімен жұмыс жасау қабілетін танытпаса, алған білімі тез ұмытылып, қажет жерінде оны қолдана алмайды.
Оқушылар үшін өзіндік жұмыстың маңыздылығы осында.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясы.Автореферат.-Алматы,2004.
2.Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения.М.Педагогика,1986.
3.Г.Қопабаева.Қазақ тілі пәндерінде өз бетімен жұмыстарды ұйымдастыру жолдары. «Бастауыш мектеп» №2,2006, 27-б.
Достарыңызбен бөлісу: |