П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет11/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   272
Сегізінші деңгей. Компьютерлік талдау.
Тоғызыншы деңгей. Ашық тест. Бақылаудың бірнеше түрі бар. Солардың бірі – тест. Тест – оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың тиімді әдісі. Тест – белгілі бір деңгейдегі әрекетті орындауға арналған тапсырмалар жүйесі. Тест жұмысы – оқушылардың игерген білімін тексеру мен бағалау, танымдық әрекетін, ізденімпаздық деңгейін, оқу әрекетіндегі әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау жолы ретінде қарастырылады. Бұл – оқушының білімін, біліктері мен дағдыларын тексеріп, бағалауда, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін анықтаудағы ең тиімді әдіс.
Тест жұмысын ұйымдастыруда мына төмендегідей дидактикалық шарттар орындалып отыру керек:
1. Тест мұғалім өткен материалды оқушылардың толық меңгергендігіне көз жеткізген кезде өткізіледі. Егер тақырыпты немесе бағдарлама бөлімін толық игермеген болса, онда бақылау жұмысын алмай, оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырып, бағыт-бағдар беру керек.
2. Оқушыларға тест болардан бір-екі апта бұрын хабарлап, соған байланысты дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушының тестке дайындық дәрежесін анықтау үшін алдын-ала тексеру жұмысын өткізген пайдалы.
3. Тест өтілген материалдың негізгі мазмұнын қамтып, берілген сұрақтар олардан тапқырлық пен шығармашылық талап ететіндей болғаны өте маңызды.
4. Тест өткізу барысында оқушылардың өз бетінше орындауын қадағалап, бір-біріне көмектесуге жол бермеу керек.
5. Тест аптаның бірінші бөлігінде және екінші, үшінші сабақтарда өткізіледі. Аптаның соңғы күндері немесе соңғы сабақтарда өткізу дұрыс емес. Себебі оқушылардың сабақ соңында шаршауы тестің төмен нәтиже көрсетуіне әкеліп соғады.
6. Мұғалім тесті сол өткізген мезетте тексеріп, оған дұрыс баға беруі керек, оқушылардың жіберген қателерін классификациялап, келесі жұмыс-тарда ол қателердің қайталанбау жолдарын қарастырады.
Білімді бақылауда тестің мынадай түрлері қолданылады:
1. Қолданылу мақсатына қарай диагностикалық, прогностикалық (алдын ала қабілетін таныту) болып бөлінеді.
2. Бақылау түріне қарай күнделікті, қорытындылау, аралық болып бөлінеді.
3. Құрылысына қарай бақылаушы, анықтаушы және үйретуші болып бөлінеді.
4. Тапсырмалардың сипатына қарай күрделі және жылдам орындалатын тестілер.
5. Жүргізілу, орындалу түрлеріне қарай дербес және топтық тестілер.
6. Жауаптарын таңдау қабілетіне қарай таңдаушы және еркін жауап түрінде болады.
7. Тест мазмұнына қарай тілдік, сөйлеу, коммуникативтік болып бөлінеді.
Тәжірибеде көбірек қолданылып жүрген тест жабық және ашық тестер. Ал біздің технологиямыздың талаптарына ашық тест сәйкес келеді.



Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет