Г.Е. Жұмағалиева - магистр, оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Е-mail:gulz1982
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ДӘСТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің күрделі саласының бірі халықтың бос уақытын ұйымдастыру мәдениеті - мәдени-тынығу жұмысы. Мәдени-тынығу жұмысының бастауалды ерекшелігі еңбекпен, өмір-тұрмыс салтымен, өнермен тығыз байланыстылығында. Бос уақыттағы мәдени тынығудың сан алуан түрлері арқылы әр адамның ой санасын, әлеуметтік орнына сай үйлесімді дамуына ықпал ететін жиын, мәжіліс, ойын-сауықтар да рухани қажеттілікті өтеген мәдени әрекеттік формалар.