П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП



бет58/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   272
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Аңдатпа. ЖОО-да жалпы физика бойынша дәрісті құру мен өткізуде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәжірибесі баяндалған. Мультиме-диялық дәрістерді жүргізудің дидактикалық талаптары тұжырымдалып, дәрістерді өткізудің әдістері берілген.
Түйін сөз: физика, компьютер, әдістеме, дәріс конспектісі, дәріс демонстрациялары.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Осыған орай инновациялық технологияларды пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.


Білім беру саласында ақпараттық технологияларды қолдану мәсе-лелерін қарастырған ғылыми еңбектерді (И.Г. Захарова, Э.И. Кузнецов, В.М. Монахов, В.И. Пугач, И.В. Роберт және т.б.) саралау жұмыстары көрсеткедей компьютерлік технологиялар арқасында, оқып-үйрену үдірісін басқару өзгеруге бейімділік танытуға ықпал ету - жоғары оқу орындарының пәндерінің мазмұны, оқытудың формалары мен әдістері жаңаша құрылым, міндет, психологиялық және педагогикалық сипатқа икемдеуді көздейді. Жалпы физиканы оқыту үдерістерінде ақпарттық технологияларды қосу білім беруді ақпараттандыру үдерісінде белгілі рөл атқарады. Жалпы физиканы оқытуда мультимедиялық дәрістер, виртуальды тәжірибелер мен студент-тердің оқу қызметінің нәтижесін уақытылы бақылау және тестілеудің компьютерлік әдістер арқылы ақпараттық технологияларды пайдалану кең орын алуда.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі білімді ақпараттандыру – білім беру сферасын әдістемелік және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды оңтай-лы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс төмендегі әрекеттерді іске асырады:
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру;
- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес оқыту, тәрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын әдістерін, сұрыптау стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру;
- студенттердің интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тәжірибелік-зерттеу әрекетте-рін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйелерін құру;
- студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану.
Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникативтік технология-ларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп бөлуге болады:
- практикалық, семинар және дәріс сабақтарында автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану;
- студенттер мен оқытушылардың қашықтықтан қарым-қатынас жа-сауында, жоғары оқу орындарында білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану;
- білім беруде ақпараттық білім ортасын мамандыққа байланысты қолдану ерекшеліктерін пайдаланып оқыту;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық білім ортасын қолдану.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың ендірілуі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Педагогикалық бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің кәсіби даярлықтарын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесі буындарындағы оқу үдерісін жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады. И.Роберттің [3, б.13] ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық технология құралдарын педагоги-калық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:
1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни
- оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;
- танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;
- пәнаралық байланыстарды тереңдету;
- қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни
- түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;
- байланыс жолдары қабылеттілігін дамыту;
- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;
- компьютерлік және мультимедиа технологиаларын пайдаланып, эстетикалық тәрбиелеу;
- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
- жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту;
- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни
- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;
- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау;
- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.
Қазіргі кезде ақпараттық және педагогикалық технологиялардың интег-рацисы негізгі бағыт болып оқу материалын визуалдау технолгиясында электрондық аудиовизуалды құралдарды пайдалану есептеледі. Бұл технология білім қорын ұсынушы тірек конспект, схема-конспект, сөздік-логикалық схемалар, жады картасы, әрекеттер орындаушы жедел схемалар, схемалы-таңбалы модельдерді дайындауда кеңінен пайдаланылады. Мұны танымал педагог Г.К. Селевко оқу материалының мазмұнын схема мен таңба негізінде студенттердің қызметін белсенділендіру және қарқындату тобына жатқызды. Бірақ дәріс-презентациялар үшін когнитивті графиканы пайдалану мен құру өзекті мәселе, соған қарамастан аудиторлық пәндерге ақпаратты ұйымдастыру үшін оны пайдалану жүзеге асырылмауда.
Баспа және табиғи сөзді оңтайлы пайдалану үшін презентациялық техниканы пайдалану арқылы дәріс үдерісін модификациялау қажеттігі туындайды. Ол үшін оқытушы анықтаған дәрісте немесе дәріс деңгейлерінде студент жұмыстану үшін баспа таратылым материалын пайдалану ұсынылады.
Тірек конспектісі оқу ақпараттың бәріне танымал символдар мен пиктограммаларға айналдыру үшін қажет. Олар оқылатын сабақ материалы-ның құрылымын және оны есте сақтаудың логикалық реттілігін көрсету үшін пайдаланылады. ЖОО-ы үшін жұмыс дәптері ұтымды болып табылады. Себебі ол әрбір дәрістің мәселелілігімен алдын ала танысу үшін, дәрстегі негізгі ұғымдар мен анықтамалармен танысу үшін, дәрісті синхронды конс-пектілеу үшін және асинхронды режимде оқулық материалдары бойынша дәріске қосымша қосуға арналған.


Кесте-1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет