П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет168/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   272
Әйел. Нені күтеміз?!
Жын. Доктор болғаны жақында ғана... Ыңғайсыз шығар?..
Әйел. Несі ыңғайсыз?! Жаман Айранбай профессор болғанда... бұл неге бола алмайды... [1, 206]. Драматург осы тұста аспиранттың әйелінің бойынан кездесетін көре алмаушылықтан туындайтын күншілдікті, қызғаншақтық қасиеттен туындайтын жат пиғылдардың барлығын айқын көрсетеді.
Алдымен әйел, аспирант күйеуінің ғылым кандидаты, кейін ғылым докторы болғанын қалады, одан соң профессорлық дәрежесін менсінбей, енді оның тіпті академик болғанын қалайды. Мысалы, интермедияның шарықтау шегінде:
Әйел. Әй қойшы! Сені де жын дейді -ау! Бір профессордың өзін жасай алмайсың! Айтпақшы Айранбайдың үйіне звандайыншы. Ә-ау! Гүлзипа-мысың?! Халің қалай?! Жақсы... жақсы күйеуің қалай?! Жас жігіттей шапқылап жүр ме?! Профессор болса да, қартайған жоқ па?! Не?! Профессор емес?! Сонда кім?! академик?! Ой сұмдық-ай! Естідің бе, өзі академик... өзі жап-жас...
Жын. Кейде ондай болады...
Әйел. Жақында «Мерседес» алыпты... Енді әйелімен бірге сайраңдап жүрген көрінеді...
Жын. Академик болғасын алады ғой енді...
Әйел. Біз неге академик болмаймыз?! Біз неге «Мерседес» алмаймыз?! [1, 208] - деген қызғанышты сезімінен оның достарымен бақталас екені анық байқалады. С. Балғабаев осы интермедиясының шешімін дүниеде ақшамен, атақпен, бақ-дәулетпен сатып алуға, орын толтыруға болмайтын жалғыз нәрсе бар, ол – уақыт дегенге әкеліп саяды.
Пьесаның күретамыр тартысына қатыспағанмен қысылтаң, қиын-қыстау кезде көрінетін жын бейнесі автордың тапқан жетістіктерінің бірі. Себебі жынның құдірет күші арқылы аз күннің ішінде аспиранттан профес-сор атағына дейін көтерілу, аяқ астынан мол қаражатты болу бұл тек ғана адам қиялынан туындайтын түсінік ғана. Автордың шеберлігі оқиғаның соңын қайтадан жынның көмегімен алғашқы аспиранттық кезіне айналдыруында.
Интермедия – сахнада драмалық шығармаларының көрінісі арасындағы ойналатын қысқа комедиялық пьеса немесе көрініс [2, 357].
Драматургтың «Лекция», «О дүниеден оралған сиыр», «Анау мен Мынау», «Қызды қалай айналдыруға болады», «Консультация», «Өтірік айтпайтын адам», «Күйеуге тиген еркек», «Хирург» сынды әзіл-сықақ интермедиялары бар.
«Драматургияның басқа жанрларына қарағанда, комедия финалы көбіне тартыстың жағымды шешімімен, жамандық жеңіліп, жақсылық үстем болған баянды күймен аяқталады.
...Комедия жанры поэтикасының шарттылығы бойынша жағымсыз кейіпкерлер түптің түбінде бармақ шайнап, қателігін мойындайтыны, жеңіліп тізе бүгетіні, сөйтіп адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құратыны» [3, 218] - деген екен. Әрине бұнда драматург Сұлтанәлі Балғабаев бүгінгі заман тақырыбына жазылған драмаларындағы қоғамдық, адами ірі мәселелерді өткір тартыс аясында бейнелесе, сонымен бірге өмірімізде ұшырасатын кейбір жағымсыз жайларды күлкіге айналдыра отырып, қатты сынға алады.
Сұлтанәлі Балғабаев «Консультация» интермедиясында шамадан тыс шіренуден шығатын, негізсіз күпініп кісімсулерінен, орынсыз одыраң қылық-тарынан туындайтын күлкілі де қызықты әрекеттерінің шым-шытырығында әлек болып жүретін пьеса кейіпкерлерінің (көзілдірікті әйел мен көрші әйел) әрқайсысының жеке-жеке тағдырымен ішкі өзіндік иірімдерге толы өмірі психологиялық қайшылықтармен шынайы ерекшеленген. «Әрбір ән сияқты әр комедияның да өз уақыты, өз дәуірі бар» (С. Сервантес). Интермедияның идеясы өзінің олқылығын байқамаса да, өзгенің сәл кемшілігін әңгіме етуден тайынбайтын замандастардың пенделік қасиеттерін әшкерелеу арқылы жаңа қоғам жастарының арасында ақжүректі, таза еңбекті сүйетін, адал іске жаны құмар, ұсақ әңгімеге араласпай, ірі істердің жанынан көрінер азамат тұлғасын қалыптастыру арқылы қоғамды түзетуді көздейді. Оқиға көзілдірікті әйелдің үйіне көрші әйел келуінен бастау алады. Өз ісінің маманы, әлемнің соңғы жаңалықтарынан хабары бар көзілдірікті әйелдің мамандығы – электрик. Интермедияға да арқау болатын оның мамандығы.
Міне, осыншалықты күлкілі жағдай барысында жүзеге асқан интер-медия кейіпкерлері қазіргі қоғам адамдарының мінез-құлықтарын нақты ашып береді.
Кезінде мойындамай, рухани жадап-жүдеп жүрген пұшайман адамға сәтімен айтылған марапат – ол адамның омырауына алтын таққанмен бірдей деген идеяны қамтитын Сұлтанәлі Балғабаевтың «Анау-Мынау» атты әзіл-сықақ интермедиясының қысқалығына қарамастан, заман талабына сай өзекті тақырыпты қозғайды.
«Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кесірлі мінездері сықақ етіледі» (әл-Фараби). Драматург бұл пьесасында ХХІ ғасыр мансапқа құмартып күн кешкен дәуірін қатты сынға алған атақ-дәрежесіне қол жеткіземін деп жүргенде алдына қойған мақсат-мүддесінен адасқан жандардың жан дүниесін қатты әжуамен сынға алады. Осындай күрделі құбылыс бұл пьесада да көрініс береді.
Комедияның күші – күлкіде, күлкінің күші – шындық пен табиғилықта. Шыншыл һәм табиғи күлкі терең мазмұнды тартыстан туып, толыққанды юморлық, не сатиралық образдарға көркем жинақталып, парасатты биік идеяға шебер бағындырылғанда ғана комедия жалаң водевиль, жеңіл фарс, арзан мелодрама сипаттарынан аулақ, бұл жанрдың шын мәніндегі шынайы шығармасына айнала алады [4, 332] -деген пікірінің драматургтың әзіл-сықақ интермедиясына да қатысты екені ақиқат. Себебі «Анау-Мынау» интерме-диясы күлкінің күші арқылы қоғамдағы шындықты қатты сынға алады. Оқиға небәрі екі кейіпкердің қатысуымен өтеді. Интермедияның өзегімақтауды жаны сүйетін басшы ағасы мен мақтай білетін інісі арасында жүзеге асады. Оқиғаның басында Анау: «... Мікеңнің азаматтығы бүкіл жанынан, болмысынан байқалады» [8, 234]-деген мақтауынан жеке басының қамы үшін, күні үшін еш жамандықтан тайынбайтын Анау бейнесінің протиптерін автор қазіргі өз қоғамымыздан да көруге болатындығын аңғартады.
Сұлтанәлі Балғабаевтың «Лекция» аталатын әзіл-сықақ интермедиясы – ХХ ғасыр дертіне айналған маскүнемдіктің адамзатқа тигізер әсерін астарлы кескінмен тамаша баяндайды.
Пьесаның идеясы Әмір Теміровичтің «Маскүнемдік – дерт» атты тақырыпта оқитын лекциясына саяды. Завклуб пен лектор арасында өрбитін оқиға желісі жас оқырмандары мен көрермендерін адамгершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға үндейді. Драматургтың басты мақсаты локтор Әмір Теміровичтің оқыған лекциясымен астасып жатыр.
Лектор: «Құрметті жолдастар! Маскүнемдіктің дерт екенін бәріңіз де жақсы білесіңіздер. Ішкілік деген адамның асқазанын бұзады. Бауырын шірітеді. Жұмыс қабілетін төмендетеді. Тіпті көп ішіп кеткен адам семьясына да ие бола алмай, абыройынан айырылып, алиментчик болып кетеді. Сондықтан да маскүнемдікке қарсы күрес ерте заманнан бері аяусыз түрде жүргізіліп келеді... Мысалы бір кезде Қытайда маскүнемдікке салынып, арақ ішкен адамның жон терісін сыпырып, таспа тілетін, бірақ жұрт ішуін сонда да тимаған. Ертедегі Египетте ішкіштердің басын шауып тастап отырған, бірақ маскүнемдер сонда да азаймаған. Азаймақ түгілі қайта көбейген. Индияда алкачтарды өлімші етіп соққыға жыққан, бірақ олар есін жинай салып қайтадан бөтелкеге жүгірген» [1, 228].
Лектордың сыры – бір-ақ сыр. Дүниедегі маскүнемге айналған жандардың арын құрбандыққа шалып, денсаулығы мен отбасын аяқ асты ететін жағдайға душар боларын сездіру.
Пьесадағы ең басты кейіпкер – лектор Әмір Темірович. Тіпті күллі идея, мақсат оның қатысуына, соның мән-мағынасын ашуға құрылған десе де болғандай. Драматург лектор бейнесіне көп мағына, идея сыйғызуға күш салған.
Дүние үшін, мал үшін жаны мен арын құрбандыққа шалар адамгер-шіліктен гөрі пендешілігі басым жандардың ішкі жан дүниесіне, болмысына куә ететін Сұлтанәлі Балғабаевтың «О дүниеден оралған сиыр» атты интермедиясы қасиет-сипатымен, түсінік дүниетанымымен оқырмандарды өзіне баулитын шығарма. Интермедияның түп қазық идеясы – қоғамға, адамгершілікке жат моральды аяусыз әшкерелейді. Бөлім меңгерушісі мен қызыл сиыр шығарманың басты кейіпкері. Интермедия тартысы – әділетті көксеген қызыл сиыр мен өмірдің бар қызығы, дүниенің бар шырыны қу құлқынының қамын ойлайтын бөлім меңгерушісі арасында. Оқиға желісі бойынша мал басын, одан түсер пайда, сауылған сүтті есепке алып отырған бөлім меңгерушісі – Айранбай Қиқымбаевқа о дүниеден қызыл сиыр қоңырау шалады. Бір жыл бұрын қыста арам қатқан сиыр өзінің өлгендігі жөнінде акт жасатып, біржолата есептен шығартуын өтінеді. Дегенмен, пендешілігі басым Айранбай Қиқымбаев қызыл сиырды өлген тізімнен шығармағаны былай тұрсын, тіпті бұзаулатып қойғандығы да белгілі.
Сұлтанәлі Балғабаев кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне үңіліп, әрқайсысының ерекшеліктерін ашуға көңіл бөлген. Драматургтың шебер тілімен кестелеген екі кейіпкердің диалогына көз жіберіп көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет