1-сурет. Дәріс-презентацияда өзара әсердің коммуникациялық моделі
Модельдің негізі болып дәріс берушінің ауызша сөйлеуі мен іс-қимыл (жест, интонация, уақытша сөйлемді құрауы және т.б.) мүмкіндіктерін қолданып дәріс беруші мен аудиторияның өзара әсерлесу каналы саналады. Электрондық дәріс конспектісіндегі қарастыратын үрдістер динамикасын, документалдық видеосюжеттерді, бейнелерді, анимациялық схемалар мен диаграммаларды, сонымен қоса басқа да когнитивтік графиктер мен мәтіндерді көрсету үшін қолданылатын аудиториялық дисплей (электрондық тақта немесе электрондық видеопроектор) мен дәріс беруші компьютері ақпаратты визуальды беру каналын құрайды. Жекелеген жағдайда визуальды және тиімді көрсету дәріс басында, оның еңгізу және мотивациялық кезеңінде және дәріс соңында дәрістен кейінгі ойлауға арналған сұрақты қою кезеңінде маңызды рөл атқарады.[5, б. 415]
Студенттерге дәріс уақытында және одан соңында пайдалануға берілетін таратылатын материалдарды оқытушы алдын-ала 1-кестеде көрсетілген дидактикалық принциптерге сүйеніп дайындайды. Студенттердің тыңдалған дәріс материалымен, оқулықпен, Интернет ресурсымен және электронды оқу құралымен (ЭОҚ 1-суретте) өзіндік жұмысын ынталандыру үшін келесі дәріс басында немесе практикалық сабақта жүргізілетін аралық жедел бақылаудан құралған оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау жүйесі қажет.
Электрондық дәрісі құруда келесідей компьютерлік бағдарламалар қолданылады:
- презентация құруда Microsoft Power Point;
- анимация, демонстраци құруда Macromedia Fash 8.
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презента-циялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презента-циялар дайындау мүмкіндігін береді. Micrisoft PowerPoint программасында баяндама немесе дәріс т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультемедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |