Ж.Еңсепов: «Эстетикалық тәрбие беруде екі-үш өнердің қосындысы жоғары бағаланады» дейді [9].
Өйткені олардың саны артқан сайын, адам сезімге көбірек берілетін болады. Ал сезім-ізгілік пен көркем талғамның түрткісі. Мұндай жағдайда оқушының жан дүниесінде прагматикалық мүддеден сезім басымдығы айқын жүреді. Себебі белгілі бір шамада өнердің ықпалы эстетикалық дамудың деңгейімен тығыз байланысты. Эстетикалық талғамы мен бағалауы бар адамда өнер оған едәуір көп әсер етеді.
Өнер кешенді қабылдау үрдісі көңіл-күй және көркемдік сезіммен бірге талдау, жинақтау, қорыту, салыстыру сияқты ой әрекеттері арқылы жүзеге асады. Қабылдаушының өнер туындысын талдап-жинақтау дәрежесі мен тәжірибесі көркемдік тәрбиенің сапасын арттырады.
Эстетикалық тәрбие беруде өнер пәндерінің кіріктірілуі негізінде жүргізілген жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, әрбір өнер туындыларынан эстетикалық талғаммен ләззат ала білуде үлкен қызмет атқарады.
Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің негізгі мақсаттарының бірі – оқушыларды халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен, көркем шығармашылық, жекелеген озық үлгілерімен таныстырып, көркемдік талғамын, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, сондай-ақ, өмір танудың ерекше құралдары музыкаға, бейнелеу өнеріне, әдебиетке сүйіспеншілігін оятып, одан эстетикалық ләззат ала білуге, ізгілікке, биік адамгершілікке, шынайы жарасымды мінездерге баулу болып табылады.
Өнер пәндері арқылы жүргізілетін жұмыстар жоспарлы, мақсатты түрде өткізілген жағдайда, оқушылардың тыңдаған, көркем шығармаларын жан-жақты терең талдай білуге, оның қайталанбас әсемдігін сезініп, қабылдай білуге, өнердегі талғамын, белсенділігін арттырып, туындылардан алған әсер ләззатын, шығу тарихы т.с.с. мәселелер шешім табады.
Өнер пәндерінің интеграциясы оқуды қызығушылықпен қабылдауға, мотивацияны көбейтіп, оқу уақытын қайталаусыз тиімді пәндердің түрлерінің оқытылуына әкеледі. Жүйелілік және ұйымдасқан түсінік оқушыларды бұрынғы алған білімдеріне қоса, жаңа оқу материалдарын түсінуге көмектеседі.
Өнер түрлерінің біртұтастығы білім мазмұнының ұлттық компоненті ретінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде мол мүмкіндікті фактор болып табылады. Өнер салалары сабақтарын бір жүйеге келтіріп, ғылыми негізде айқындалған әдістемемен жүргізетін болсақ, оқушылардың өнер туралы түсініктері тереңдеп, жан-жақты дамыған, дүниетанымы қалыптасқан, көркем шығармаға деген қызығушылығы басым, қабілетті, дарын-таланты ұшталған, парасатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуге болады. «Жан-жақты мәдениетті тұлға деп, өз мәдениетіне, өзге мәдениетке де тәнті адамды» танимыз. Төл мәдениетін терең білу, оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады»- дейді Ж.Наурызбаев.
Өнер пәндерінің бұл табиғи үйлесімі музыка пәнінде лайықты ескеру көзделеді. Пән бойынша түзілетін білім мазмұнына енгізу олардың ортақ белгілеріне сүйенеді. Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің интегра-циялануы білім мазмұнында ортақ бір композицияға, сюжетке бірігуінде, ортақ таным мазмұн құруында, ортақ көңіл-күй тудыруында, ортақ бір психологиялық әрекет тудыруында, бірін–бір толықтыру үшін қолданы-луында көрінеді.
Ол оқушының ізгілік эстетикалық дүниетанымы тұтас жүйе бейнесінде кемелденуіне алғышарт болып табылады.
Өнерді пәндерін интеграциялау деп адамды тәрбиелеудің көркемдік міндеттерін шешуде жеке бір өнерді дара қолданумен бірге, бірнеше өнер түрлерін біріктіре қолдану жолымен оларды бір кезде қабылдауды айтамыз.
Өнерді кешенді қабылдау арқылы неғұрлым пайдалы жаңа нәтижелерге жету мүмкіндіктері туады: кең аумақты ойлай білуге жағдай жасай отырып, оқушыны ой еркіндігіне, ой бостандығына баулуға болады; олардың көркемдік қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтеді, эстетикалық талғамын қалыптастырады, шығармашылық құмарын оятады, нақты практикалық әрекетке жетелейді.
Өнер пәндерінің интеграциялануы мектеп оқушыларын шығарма-шылық жағынан дамыту міндеттерін шешуге ықпал етеді. Өнерді синтезді қабылдау зейінмен қоса эмоционалды сезінудің біртұтас дамуына қол жеткізеді. Қабылдау мен әрекет арасында тығыз байланыс орнайды: әрбір бала көркем шығармадағы автордың айтайын деген ойын, көзқарасын сезімін білуге ғана емес, өз ойын да өнер тілімен жеткізуге ұмтылады.
Өнер түрлерін интеграциялау арқылы құрылған білім мазмұны олардың бір-бірімен ұқсастық – ортақтықтарының, сондай-ақ ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік береді, авторлық ой мен эстетикалық талғам деңгейін дұрысырақ неғұрлым жақындастыра қабылдауға лайықты көңіл-күй туғызады. Сол арқылы оқушылардың бір де бірін қалдырмай еліктіріп, олардың шығармашылық әрекетке ұмтылуларын қамтамасыз етеді, ең қабілеттілерін тануға мүмкіндік ашады.
Өнердің қай саласы болмасын оқушы сезіміне әсер етіп, қиялын қоз-ғайтын, ой өрісін өсіретін, әсемдікке тәрбиелейтін күшті құрал. Өнер пәндері байланысы эстетикалық тәрбие жүйесі ауқымында қарастырыла отырып, жеке тұлғаның эстетикалық құндылық сапаларын және оның эстетикалық-шығармашылық әрекет мүмкіндіктерін қалыптастыру қызметін атқарады.
Бесінші сыныптың қазақ әдебиетінде үлкен орын алар тұлғалардың бірі, ұлы ақын – А.Құнанбайұлы. Оның табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса, сырлы жырлар. Бұлардың композициялық құрылысында да өзіндік өзгешеліктер бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түрлі ақындық бояу арқылы оқушының сөз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді; жайқалған гүл «бәйшешекті», «көгорай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған «шыбынсыз жаз» да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солғын, сарғыш даласын шық басқан, сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді.Абайдың музыка мәдениетіне де қосар үлесі аз емес. Ол қазақтың ән өнерін жаңа көркемдік бейнелеу құралдарымен байытты. Оның «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндері мен «Торжорға», «Май түні» т.б. атты 40-қа жуық күйлері белгілі.
Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерін интеграциялауда «Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында» тақырыбы бойынша ақынның «Қыс», «Көктем», «Жазғытұры», Күз» өлеңдеріндегі табиғат сұлулығын сезіндіре отырып, айналадағы көркемдікті нәзік сезініп, шебер бейнеленген жырлары мен әндеріне композиция және шығарма (эссе) жаздырып, оқушыларды туған өлкесінің табиғатын сүюге тәрбиелеу мақсатында өнер пәндері бойынша табиғаттың таңқаларлық ғажайып сұлулығын қиялдау, суреттеу, Абай өлеңдері мен әндерінің ерекшеліктерін талғампаздықпен сұрыптау, есте сақтау, тыңдау (Абайдың «Май түні», «Торжорға»), үйрену («Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»), орындау т.б. қабілеттерін дамыту, музыка, әдебиет, бейнелеу өнері көркемөнердің ажырамас бөліктері екендігін жаңа тәсілмен түсіндірілді. Оқушылар өнер пәндеріндегі оқу материалдары негізінде Абайды жан-жақты баяндай отырып, «Пейзаж» тақырыбында Табиғат бейнесі немесе Абай шығармаларына иллюстрация жасайды (1 кесте).
«Жарасымдылықпен жалғасқан достық» сабағында Пушкиннің шығар-маларынан «Татьянаның Онегинге жазған хаты» оқылады. Орыс халқының мәдениетіне («Дымков кәсіпшіліг»і, «Гжель өнері») тоқталып, Дымков ойыншықтарын әсемдеу (әшекейлеу) арқылы өздері де сұлу әсерге бөленді, сұлулық ләззат ала алды, көрген, естіген, тыңдаған жасаған жұмыстарынан алған көңіл-күйлерін сөзбен, өлеңмен жеткізуге талпындырамыз. М.Жагорқызының «Дудар-ай» әні тыңдатылып, шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, ұлы достықты, екі ел мәдениетін, табиғат сұлулығын әңгімелей отырып, сабақ соңы достықтың куәсіндей екі өзенге арналған І.Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнімен аяқталады (1кесте).
М.Өтемісұлы - XIX-XX ғасыр әдебиетінде өзіндік орны бар, өр ақын. «Махамбет-батыр, Махамбет-ақын, Махамбет-күйші» тақырыбындағы сабақты интеграциялауда Махамбеттің «Соғыс», «Қызғыш құс» өлеңдері оқылады. «Жұмыр-қылыш», «Қайран Нарын» күйлері, Н.Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы тыңдатылып, «Мен, мен, мен едім» термесінен үзінді үйренеді. Бейнелеу өнерімен байланыста М.Сейісовтің «Махамбет» мүсіні көрсетіліп, «Батыр бейнесі» атты тақырыпта сурет салады (1 кесте).