П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет17/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

Әдебиеттер

Квитков Александр Спиридонович // Совет Одағының қазақстандық батырлары. – Алматы, 1969. –2 т. - 357 – 358 б.

Қазақстандық Кенес Одағының батырлары: [А. С. Квитков] // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2003. – 5 т. – 340 б.

Квитков Александр Спиридонович // Жеңісіміздің жұлдыздары. 1941-1945 = Звезды нашей Победы.1941 – 1945. : биоблиографиялық көрсеткіш – биобиблиографический указатель. – Павлодар, 2010. – 10 -11 б.

Павлодарлық Кеңес Одағының Батырлары // Сарыарқа самалы. – 2010. – 6 мамыр. – 16 – 17 б; 8 мамыр. – 6 – 8 б,

Түгелбай, Г. Батырды еске алды : [П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханада жерлесіміз, Қеңес Одағының Батыры А. С. Квитковтың 85 жылдық мерейтойына орай әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды] / Г. Түгелбай. // Сарыарқа самалы. – 2008. – 10 қаңтар. – 2 б.



26 желтоқсан Жазушы Д. Әбілевтің туғанына 105 жыл (1907-2003)


Диқан Әбілев 1907 жылы, 26 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында, қазіргі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы совхоздың Мойылды қыстауында туған. Әкесі - Әбіл, арғы нағашысы – атақты Бұқар жырау.

1920 жылы Баянауылда орыс бастауыш мектебінде 4 класты бітірген. 1925—1927 жылдары Семейдің ауыл шаруашылық техникумында оқыған. 1928— 1931 жылдары Баянауылдың Шідерті облыстық атқару комитетінің хатшысы, одан соң мұғалім, мектеп интернатының директоры, 1931—32 жылдары «Ленин туы» атты Баянауыл аудандық газеті редакторының орынбасары, 1932—34 жылдары «Ленин туы» атты Қарағанды облыстық газетінде жауапты редактордың орынбасары болған.

1937 жылы Алматыдағы журналистер институтын бітірді. 1937—39 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әуелі хатшысы, одан соң төрағасы, 1939— 41 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтының аспиранты. Майданға осы аспирантурадан аттанған. Соғыстан кейін Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, Жазушылар одағы поэзия секциясының кеңесшісі болды.

Диқан Әбілевтің бірінші өлеңі «Қызыл әскерге» 1926 жылы «Қазақ тілі» газетінде, бірінші әңгімесі «Сырлы шкафтың сыры» 1928 жылы «Әдебиет майданы» журналында басылған. Содан бергі жылдарда 30-дай (поэзия, проза) кітаптың, қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы «Ақын арманы» трилогиясының, «Ой толғауы» естелік-әңгімелер кітабының, «Алтай жүрегі» атты өлеңмен жазған романның, «Дала солдаты» атты өлеңмен жазылған повестің авторы.

Қазақ тіліне А. П. Чеховтың «Шиелі бақша» пьесасын, Н. А. Некрасовтың «Қызыл шұнақ аязын», Т. Г. Шевченконың өлеңдерін, Низамидың «Ләйлі — Мәжнүнін», Назым Хикметтің «Петроград 1917», «Таранта Бабу» поэмаларын, П. Тычинадан, М. Рыльскийдің, М. Бажанның өлеңдерін, қырғыздың «Манасын» аударған. Д. Әбілевтің шығармалары Одақтың көп ұлттары тіліне, шет ел тілдеріне де аударылған.

Диқан халыққа ең алдымен ақын ретінде танылды. Соғыстың алдында жазылған атақты «Шалқымасы», Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған «Майданбегі», соғыстан кейінгі өлеңмен жазылған роман «Алтай жүрегі» ақынның өлмейтін, өшпейтін ұлы шығармалары.

Диқанның соңғы дәуірдегі поэзиясында лирикамен қатар эпикалық шығарма елеулі орын алады. Ақынның соғыс тұсындағы поэзиясында суретшілік, сюжеттілік, шағын өлең арқылы белгілі бір ойды, тартыс түйінін қорытып отыру әдісі соғыстан кейінгі дәуірдегі шығармаларына тереңдей қалыптаса түседі. Тақырыпты меңгерумен шеберлігін жетілдіру ақын үшін маңызды бір творчестволық мақсат болады.

Диқан жырлары – уақыттың айнасы. Диқан жырлары – сонау Бұқар бабасынан бастау алған ақынды, алымды, жалынды жырлар. Талай ақын жырлаған, өшпейтін, өлмейтін ұлы махабатты Диқан ақын өзінше өрнектейді не бары алты жол жыр жолына бүкіл Еңлік-Кебек традегиясын сыйдырады.

Диқан бірталай поэмалар жазған ақын. Әсіресе, соғыстан кейін Алтай тақырыбын лирикалы жыр көлемінде де дамытып, нақты жырлауда елеулі табыстарға жетті. Зайсан көлі, Ертіс, Үлбі өзендері, Алтай тауы бойындағы өмір көріністері, жаңа құрылыс, еңбек ерлігі ақын поэзиясының негізгі бір идеялық, творчестволық мотиві болды. «Алтай жүрегі» (1953 жыл) поэмасы 1954 жылы орысша аударылып басылды. 1957 жылы бұл шығарма жөнделіп, толықтырылып «Таудағы ту» деген атпен қайта шықты. Осы поэманың жалғасы ретінде «Отты тасқындар» атты поэмасы 1956 жылы жарық көрді.

Диқан – ең алдымен ақын. Сонан соң майталман прозашы. Ақын С. Торайғыровтың өмірбаяны, творчестволық қызметімен қатар қоғамдық қайраткерлігіне арналған «Ақын арманы» атты роман болып жазылған бұл шығарма кейін үш кітаптан тұратын трилогияға айналды. Бұл еңбегін бастан аяқ жазып шығу үшін жазушы өзінің 16 жыл аяулы өмірін арнапты. Бірақ ол үшін ақын-жазушы ешқашан өкінбейтін болады. Себебі, онда өлмейтұғын мұра, өшпейтұғын тарих бар. «Ақын арманы», «Арман жолында» және «Баянауыл баурайында» деп аталатын үш кітаптан тұратын бұл «Сұлтанмахмұт» трилогиясы қазақ әдебиетінің алтын қорына келіп құйылған шын мәніндегі құнды шығарма. Мұнда өмірі қысқа болғанымен өлеңі ғасырларға созылатын Сұлтанмахмұт сынды қазақ халқының ақынының образы беріліп қана қоймай, сол арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ елінің тарихы, қоғамдағы орны мен саясаты, әлеуметтік-экономикалық хал жағдайлары да алақандағыдай ашып көрсетіліп берілген. Шығарма сонысымен құнды. Ақын арманы өлмейді. Жалғасын табады.

Ұлы Отан соғысьның ардагері, 1936 жылдан КПСС мүшесі Диқан Әбілев «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет Белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Әбілев, Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 1-ші кітап : Сұлтанмахмұт арманы : роман- трилогия / Д. Әбілев. – Астана, 2005. – 384 б.

Әбілев, Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 2-ші кітап : Сұлтанмахмұт арманы : роман- трилогия / Д. Әбілев. – Астана, 2005. – 432 б.

Әбілев, Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 3-ші кітап : Сұлтанмахмұт арманы : роман-трилогия / Д. Әбілев. – Астана, 2005. – 400 б.

Әбілев, Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 4-ші кітап : Толғаныс толқыны : өлеңдер мен поэмалар / Д. Әбілев. – Астана, 2005. – 504 б.

Әбілев, Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 5-ші кітап : Өлең өлкесі : өлеңдер / Д. Әбілев. – Астана, 2005. – 416 б.

Әбілев, Д. Дала солдаты : дастан / Д. Әбілев. - Алматы, 1981. – 152 б.

Әбілев, Д. Ел мен жер тағдыры : [жазушы Д. Досжановтың шығармашылығы туралы] //Төзім : Естеліктер, эсселер және мақалалар / Д. Әбілев. – Алматы, 2004. – 162 – 165 Б.

Әбілев, Д. Жолаушы өмір : өлеңдер мен дастандар / Д. Әбілев. – Алматы, 2001. – 191 б.

Әбілев, Д. Көңіл гүлдері : өлеңдер мен поэмалар / Д. Әбілев. – Алматы, 1987. – 192 б.

Әбілев, Д. Махаббат құдіреті : повесть және әңгімелер / Д. Әбілев. – Алматы, 1991. – 285 б.Әбілев Д. Ой толғауы : естеліктер / Д. Әбілев. – Алматы, 1981. – 240 б.

Әбілев, Д. Сұлтанмахмұт : роман - трилогия. 1-ші кітап : Ақын арманы / Д. Әбілев. - Алматы, 1980. – 304 б.

Әбілев, Д. Сұлтанмахмұт : роман – трилогия. 2-ші кітап : Арман жолында / Д. Әбілев. – Алматы, 1980. – 340 б.

Әбілев, Д. Сұлтанмахмұт : роман – трилогия. 3-ші кітап : Баянауыл баурайында / Д. Әбілев. – Алматы, 1980. – 316 б.

Әбілев, Д. Таңдамалы : Екі томдық. 1-том : Өлеңдер / Д. Әбілев. – Алматы, 1984. – 456 б.

Әбілев, Д. Таңдамалы : Екі томдық. 2-том : Өлеңдер мен поэмалар / Д. Әбілев. – Алматы, 1984. – 440 б.

Әбілев, Д. Толғаныс толқындары : өлеңдер. / Д. Әбілев. – Алматы, 1979. – 199 б.

***

Алдабергенов Қ. М. Ақын арманы өлмейді: [Д. Әбілев] // Алдабергенов К. М. Бір туар дара тұлғалар / Қ. М. Алдабергенов, Е. М. Арын, Б. Т. Баткеева. - Павлодар, 2003. – 220 – 227 б.



Д. Әбілев // Баянаула. – Астана, 2001. – 94 б.

Д. Әбілев // Советтік Қазақстан жазушылары биобиблиографиялық анықтамалық. – Алматы, 1987. - 64 – 65 б.

Д. Әбілев // Қазақ әдебиеті : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы., 2005. – 70 - 71 б.

Дихан Әбілев (1907-2003): [жерлес ақын Д. Әбілев туралы] // Абай. – 2007. - № 4 (қазан-желтоқсан). – 107 б.

Жұматов, Ғ. Баянның асқақ ақыны : [Баянауылда Қазақстан халық жазушысы Д. Әбіловтің 100 жылдық мерейтой ] / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 28 тамыз. – 1 б.

Қалиева, С. Дихан Әбілев – эпик ақын / С. Қалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2009. - № 2. – 95 б.

Нұршайықов, Ә. Сегіз абыздың бірі еді : [Дихан-Баба туралы] / Ә. Нұршайықов // Сарыарқа самалы. – 2003. – 27 қыркүйек. – 6 б.
27 желтоқсан Ғалым, тарих ғылымдарының докторы С. Б. Бейсембаевтың туғанына

100 жыл (1912-1989)



Серікбай Бейсембаев 1912 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1928 жылы Павлодар қаласындағы орта мектепті бітіріп, комсомолдық жолдамамен Семей қаласындағы техникумға оқуға барады. Техникумды үздік бітіргеннен кейін Воронеж қаласына, кейін Украина кеңестік сауда институтына (Харьков қаласы) оқуға жіберіліп, оны 1936 жылы бітірген. 1936-1937 жылдары әскер қатарынан оралып комсомолдық жұмысқа араласады. 1939 жылдың соңына қарай С.Бейсембаев Қазақстан КП(б) ОК жанындағы республикалық насихатшылар мектебінің орынбасары болып еңбек етті.

Ғалым Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылы шілдеде полковник С.Бейсембаев әскер қатарынан босап, соғысқа дейін еңбек еткен республикалық жоғары партия мектебінде жұмыс істеді. Екі жылдан кейін аспирантураға түсіп, 1951 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалым өзінің зерттеулерінде тарихтың өзекті мәселелерін тереңнен қарастырады. Қазақ дереккөзтану саласындағы ең алғашқы басылым академик С.Б.Бейсембаевтың редакциясымен шығарылған “Балқаштағы мыс алыбы” атты құжаттар мен материалдардың екі томдық жинағы болып табылады. Сол уақытта республикада мұндай басылым болмаған еді. “Ленин және Қазақстан” атты күрделі монографиясы кандидаттық диссертациясының тақырыбын дамыта түсті. Осы ғылыми еңбегі үшін ғалымға 1970 жылы Ш.Уәлиханов атындағы алғашқы сыйлық тағайындалады.

С.Бейсембаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі өз дәрежесінде бағасын алған. Ол Қазақ КСР ғылым Академиясының алдымен мүше-корреспонденті (1970), кейін толық мүшесі (академик) болады (1975). Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1972 жылы 13 қазандағы Қаулысымен С.Б.Бейсембаевқа Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 1939 – 1944 жылдары Минск және Архангельск қалаларындағы әскери училищелерде қызмет етті. 1949 – 1951 жылдары сонда аға оқытушы, 1952 – 1955 жылдары ҚазМУ – дің кафедра меңгерушісі, 1955 – 1963 жылдары Қазақстан КП ОК –нің ғылым және мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964 жылдан ғұмырының соңына дейін Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихи институтының директоры болды. Тарих ғылымдарының докторы (1969).

С.Бейсембаевтың негізгі ғылыми зерттеулері Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси партиялардың құрылу тарихына, СОКП ұйымдарының қызметін талдауға арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған. Соның ішінде көптеген монографиялар, очерктер мен брошюрлар бар. Республикада архивтік құжаттардың жиналуын ұйымдастыру, мамандар даярлау ісіне үлкен үлес қосты.

Ғалым Еңбек Қызыл ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет