П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет14/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

Әдебиеттер
Жұматов, Ғ. Ала көжек:повестер / Ғ Жұматов. - Алматы: Балауса, 1992. - 128 б.

Жұматов, Ғ. Біз 42 әріппіз. Әліппе: Мектепалды жасындағы балаларға және бастауыш сынып оқушыларына арналған суретті әліппе / Ғ. С. Жұматов - Алматы: Арман,2003. - 84 б.

Жұматов, Ғ. Ала көжек: повестер / Ғ. Жұматов. - Алматы: Балауса, 1992. - 128 б.

Жұматов, Ғ. Жеңіс жалауын желбіреткен / Ғ. Жұматов . - Павлодар: ЭКО, 2005. - 44 б.

Жұматов, Ғ. Астанам әсем-асқақ ән / Ғ. Жұматов., Н. Дүкенбай. Павлодар: ЭКО, 2008. - 48 б. + CD-ROM

Жұматов, Ғ. Сағыныш сазы: өлеңдер / Ғ. Жұматов. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 134 б.

Жұматов, Ғ. Кемелді елдің Кемері / Ғ. Жұматов - Павлодар: ЭКО, 2007. - 268 б.

Жұматов, Ғ. Мәшһүр тағлымы: елге танылған есімдер / Ғ. Жұматов. - Павлодар: ЭКО, 2008. - 293 б.


18 қазан Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы З. Д. Дүйсенбековтың туғанына 75 жыл (1937)

Зайролла Дүйсенбеков 1937 жылы 18 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы (1985), профессор (1987), Қазақстан ҒА – ның академигі (1996). Қазақ ауылшаруашылық институтын (қ. ҚазҰАУ) бітірген (1960).

Павлодар облысы “Баянауыл” кеңшарында бас агроном, директордың орынбасары (1960 – 1962), Қазақ ауылшаруашылығы институтының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1962 – 1987), агрономия факультетінің деканы (1974 – 1984), кафедра меңгерушісі (1987 – 1993), Қазақ мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі жобалау институтының директоры (1993 – 1994) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Жер қоры және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталықтың бас директоры.

З. Дүйсенбеков Қазақстанда ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын болжаудың ғылыми - әдістемелік негіздерін алғаш зерттеушілердің бірі. Ғалымның негізгі ғылыми зерттеулері аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, егіншіліктің табиғи мүмкіндігін, биоклимат және топырақ құнарлылығын, материалдық әрі энергетикалық шығындарды ұтымды пайдалануға арналған, оның басшылығымен агроэкологиялық өлшемдер негізінде Қазақстанның таулы және суармалы егіншіліктеріндегі арамшөптермен күресудің интеграциялық жүйесінің, нарықтық экономика жағдайында жер қатынастарын дамытудың, жер реформасын жүргізудің теориялық негіздері мен технологиялық тәсілдері жасалды, автоматтандырылған жер ақпараттық жүйесі құрылды.


Әдебиеттер

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 212 б.

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3 т. – 303 б.

Дүйсенбеков Зайролла // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – 1 т. - 377 б.



Дүйсенбеков Зайролла // Қазақ елінің ғылыми тұлғалары = Лидеры науки земли казахской: библиогр.көрсеткіш/ биобиблиогр.указ. – Павлодар, 2006. - 82 - 87 б.
21 қазан Жазушы, журналист, өлкетанушы С.П.Шевченконың туғанына 85 жыл (1927-2001)

Сергей Павлович Шевченко (21.10.1927 ж., Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылы - 19.06.2001ж., Павлодар қаласы) - жазушы, тілші, өлкетанушы.

1948 жылы Петропавл қаласы мұғалімдер институтының филология факультетін аяқтаған.

1949-50 жж. жеті жылдық мектептің директоры болып жұмыс істеген.

1951 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан ОблХББ инспекторы, Омбы педагогикалық институтының оқытушысы, проректоры болған.

1965 жылы теледидар студиясын ашу үшін Павлодар қаласына жіберіледі. Студияны он үш жыл бойы басқарған. «Зеленая лампа» бағдарламасын жүргізіп, «Надежда» жастар шығармашылық тобын басқарған.

Бұдан кейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеген.

1979 - 80 жж. «Октябрь» зауытының мұражайын ашты. Павел Васильев мұражайының ғылыми қызметкері, облыстық тарихи-географиялық қоғам жанындағы әдеби қызметкері болған.

Сергей Павлович Шевченкомен он бес кітап жазылған, соның ішінде «Наследство» романы, «Пушки грохотали далеко», «Сегодня вы увидите», «На краю света», «Да свершится», «Зимние каникулы» повестері; Павел Васильев туралы «Будет вам помилование, люди» кітабы бар.

Сергей Шевченко «П.Васильев. Таңдаулы» кітабының құрастырушысы, көптеген телесценарийлер, очерктер, мақалалар т.б. авторы.

Жазушының «Халықтық білім үздігі» , «Теледидар және радио үздігі», «Шахтер белгісі» (Екібастұз туралы очерктер сериясы үшін) наградалары бар.


Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет