П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет15/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44

Әдебиеттер
Шевченко, С. П. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер, 2-ші бөлім, ХХ ғасыр. / С. П. Шевченко. – Павлодар; ЭКО, 2001. - 239 с.

С. П. Шевченко //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 340 б.



С. П. Шевченко //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 430- 431 б.

8 қараша Ғалым, профессор Т. Қ. Шаяхметовтың туғанына 75 жыл (1937-2008)

Шаяхметов Тасболат Қасенұлы РФ Омбы облысы Азовский ауданында туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1970), профессор (1992). 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. 1961 – 1963 жылдары Павлодар индустриалды институтының Жоғары математика кафедрасының оқытушысы. 1963 жылы Павлодар педагогика институтының Жоғары математика кафедрасына аға оқытушы болды. 1966 – 1976 жылдары пединституттың сырттай оқу бөлімінің проректоры. 1976 жылы оқу жұмысының проректоры. 1977 – 1996 жылдары пединституттың ректоры. 1996 – 1998 жылдары Павлодар мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін жоғары оқу орнының бірінші проректоры қызметтерін атқарды.

Т.Шаяхметов “Құрмет Белгісі”, “КСРО ағарту үздігі”, “Жоғару оқу жұмысында үздік табысы үшін” медальдарымен марапатталған.

Әдебиеттер

Шаяхметов, Т. Қ. Өрлеу жолында / Т. Қ. Шаяхметов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 28 қараша. - 2 б.

Тасболат Хасенұлы Шаяхметов:[Республика білім беру саласының құрметті ардагері, профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік институты ректорының қеңесшісі Т. Қ. Шаяхметовтың некрологы] // Сарыарқа самалы. – 2008. – 14 маусым. – 7 б.

***

Тасболат Хасенұлы Шаяхметов // Бижан Ж. Ардақты елім – Ақтоғай / Ж. Бижан., С. Мағзұмов. – Павлодар, 2003. – 206 – 208 б.

Молдайып, С. «Математика саласы мені көп қызықтырды»: ардагер ұстаз Т. Шаяхметов – 70 жаста / С. Молдайып // Сарыарқа самалы. – 2007. –3 қараша. – 4 б.

Шаяхметов, Т. Қ. Өрлеу жолында / Т. Қ. Шаяхметов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 28 қараша.- 2 б.

Тасболат Қасенұлы Шаяхметов : библиогр. көрсеткіш / Павлодар мемлекет. Пед.ин-ты – Павлодар, 2008. - 17 б.

Нұрмағанбетов, Ж. Ұстаздық пен ұлылық: [ұстаз, физика-математика ғылымдарының кандидаты Т. Қ. Шаяхметов жайлы] /Ж. Нұрмағанбетов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 2 маусым. – 6 б.


29 қараша Ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы

Б. У. Уахатовтың туғанына 80 жыл (1932-1984)


Бекмұрат Уахатов 1932 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай совхозында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1954), 1957 – 1958 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде тілші, 1958 – 1982 жылдары ҚР ҒА – ның Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер жұмыстарын атқарды. 1982 – 1984 жылдары қолжазба және тектология бөлімінің меңгерушісі болып, қызмет істеді.

1976 жылы Алматы қаласында өткен ІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына қатысты. Ал, 1980 жылы Ташкент қаласында болған ІІІ – Бүкілодақтық түркология конференциясына делегат болып, онда «Қазақтың халық өлеңдерінің типологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. 1981 жылы өткізілген «Сібір халықтарының тұрмыс-салт жырлары» атты ғылыми-теориялық конференцияның делегаты болды. Әдебиет сыншысы Б.Уахатов халық өлеңдерінің мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде 1975 жылы «Қазақтың халық әндері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы деген атақты ие болды.

1958 жылдан өмірінің ақырына дейін (1984) ҚазКСР ҒА – ның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әуелі кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, қызмет етті және 1980-1984 жылдары институт жанындағы Орта Азия мамандандырылған Орталығының ғылыми Кеңесінің ғылыми хатшысы болды.

Б.Уахатов ұстазы М.Әуезовтың ақыл-кеңесімен біржола ғылым жолына түседі. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғағаннан бастап, ол әдебиеттану саласына белсене араласты.

1969 жылы «Таланттар, туындылар» деген атпен жарық көрген монографиялық еңбегінде қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтен бастап, одан кейінгі толқынның ірі өкілдері С.Мәуленов, Т.Ахтанов, М.Әлімбаев, А.Шамкенов және т.б. қаламгерлердің шығармашылығы туралы түйінді ой- пікірлерін ортаға салады.

Б.Уахатов ауыз әдебиетінің негізі – халық өлеңдері туралы тыңғылықты зерттеу жұмыстарын, ғылыми мақалалар жазды. Ол еңбектерінде фольклоршы-ғалым халық өлеңдерінің шығу тегін, поэтикалық құрылысын, жанрлық жүйесін айқындап берді және оны басқа халықтар әдебиетімен салыстырып қарастырды. Ғалымның сол мақалалары жинақталып «Қазақтың халық өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

Б.Уахатовтың әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегін саралағанда ғалым 1960-1984 жылдар аралығында жиырма екі көлемді зерттеу мақала, сегіз монография жазған. Сонымен қатар көптеген жинақ, кітап, томдар құрастырып, оларға алғы сөз жазған бірнеше кітаптың жауапты сарапшысы болған. Ғалымның ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне арналған. Ол фольклорист ғалым ғана емес, ұшталған журналист ретінде де көрінді.
Әдебиеттер

Уахатов Бекмұрат // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. – Алматы, 1999. – 650 б.

Уахатов Бекмұрат // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 522 б.

Уахатов Бекмұрат // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 535 б.

Боранбайұлы, С. Ғалым еңбегімен еленген / С. Боранбайұлы // Сарыарқа самалы. – 2000. – 23 мамыр. – 5 б.

Майтанов, Б. Ғалымның жеткен шыңы / Б. Майтанов // Заман-Қазақстан. – 2002. – 29 қараша. – 6 б.

Сүтжанов, С. Н. Мұхтар мектебінің мақтанышы / С. Н. Сүтжанов, Е. К. Рахимов // Сарыарқа самалы. – 2002. – 1 қараша. – 17 б.

Боранбаев, С. Ғылымда өшпес із қалдырған:[ғалым Б. Уахатовтың 75-жылдығына орай] / С. Боранбаев, Е. Рахимов Рахимов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 3 сәуір. – 6 б.

Есімі ел есінде: Ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Б. Уахатовтың туғанына – 75 жыл // Сарыарқа самалы. – 2007. – 22 қараша. – 12 б.



П. васильев атындағы орталық қалалық кітапхана

Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу