П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет12/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

Әдебиеттер

Нұрғазин, А. Мақал – мәтелдер, қанатты сөздер. Баталар, тілектер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. / А. Нұрғазин – Павлодар, 1997. – 66 б.

Нұрғазин, А. Мақал – мәтел – мәңгі мұра. /А. Нұрғазин – Шымкент, 1996. – 76 б.

Нұрғазин, А. Мың бір мақал – мәтел. Мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. /А. Нұрғазин – Павлодар, 1995. – 54 б.

Нұрғазин, А. Ұлт негізі – ана тіл / А.Нұрғазин; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – Павлодар, 2003. – 57 б.

Нұрғазин, А. 377 жұмбақтар / А. Нұрғазин; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. /А. Нұрғазин – Павлодар, 2003. – 57 б.

Нұрғазин, А. Алтыжүз ақыл. Жүз нақыл / А. Нұрғазин – Павлодар: ПГУ, 2003. – 88 б.

12 қыркүйек Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Х.Ж.Жұматовтың туғанына

100 жыл (1912-1972)



Хамза Жұматұлы Жұматов 1912 жылы 15 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Жастайынан білім алуға ұмтылып, 12 жасында Павлодарға келді. Мектептен кейін Қазақ медициналық институтына түсіп, оны 1937 жылы бітірген. 1944 жылы аспирантураны аяқтап, кандидаттық қорғайды.

1951 жылы Х.Жұматовтың ғылыми іскерлігі ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ эпидемиология микробиологиялық ғылыми-зерттеу институты қабырғасынан басталды. Сол жылы жас ғалымның бастамасымен вирусологиялық зертхана (кейін Қазақстандағы бірінші вирусологиялық зерттеу орталығы болған) ұйымдастырылады. Зертхана 1956 жылы КазКСР ҒА-ның жанынан да құрылды. Он жыл бойы негізгі қызметін Москва мен Ленинградтағы экспериментальді медициналық институттарында атқарды. КСРО МҒА – ның Д.И.Ивановский атындағы вирусология институтының докторанты болып, 1954 жылы иммунитетке қарсы вирустық мәселелерді зерттеуге арнаған докторлық диссертациясын қорғады.

Х.Жұматовтың негізгі ғылыми еңбектері вирустардың молекулалық биологиясы мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалымның жетекшілігімен тұмау вирустарының штаммдары бөлініп алынып, жеке зерттелді. Ол тұмау вирустарынан, полиомиелит ауруларынан вакцина егу арқылы сақтанудың әдістерін ұсынды. Тұмау вирусын, адам және жануарларда ауру тудыратын вирустардың рибонуклеин қышқылдарын, жұқпалы гепатит ауруын, өсімдіктердің вирустық кеселдерін зерттеді. 1974 жылы ғылым және техника номинациясы бойынша ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Кене энцефалитінің белгісіз арбовирустық инфекциясын зерттеуде қалыптасқан вирусология ғылымындағы жаңа тарауды академик Х.Жұматовтың атынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені тек, Х.Жұматов қана трансмиссивті вирусты инфекцияның ошақтарын зерттеу бойынша арнайы зертхананың ашылуына ықпал етті. Ғалым тек қана полиомиелитті жоюдың ғылыми дәлелденген жүйесін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар инфекциялы гепатит деген қатерлі аурудың алдын алумен айналысты.

Х.Жұматов Қазақстан ҒА – ның академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1960). 1937 – 1944 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында (қ. Қазақ ұлттық медицина университеті) дәрігер-ординатор, аспирант, ассистент, доцент болды. Профессор (1959).

1944 – 1947 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында аға ғылыми қызметкер, КСРО Медицина ҒА – ның Вирусология институтының докторанты, 1947 – 1950 жылдары осы академияның эксперименттік медицина институтында (Ленинград) аға ғылыми қызметкер, 1951 – 1972 жылдары ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында ғылыми жетекші және Қазақстан ҒА – ның Микробиология және вирусология ғылыми – зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАҚ) мүшесі болды.

Х.Жұматов І Халықаралық жұқпалы аурулары патологиясы конгресінде (Франция, Лион, 1956) француз тілінде, І – Халықаралық Африка, Азия дәрігерлерінің конгресінде (Египет, Кипр, 1964) баяндамалар жасады. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен мараптталған.


Әдебиеттер

Жұматов Хамза Жұматұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 245 б.

Жұматов Хамза // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2002. – 4 т. - 73 б.

Жұматов Хамза // Қазақстан ғылымы.Энциклопедия. – Алматы, 2009. – 1 т. – 446 – 447 б.

Кәткенова, Ж. Медицина майталманы: [республикадағы вирусология және эпидемиология қызметінің негізін қалаушы ғалым-дәрігер Х. Жұматовтың туғанына 95 жыл толды] / Ж. Кәткенова.

// Сарыарқа самалы. – 2007. – қазан. – 6 б.



25 қыркүйек Ақын, журналист В. Г. Семерьяновтың туғанына 75 жыл (1937)


Виктор Гаврилович Семерьянов (25.09.1937 ж., Алтай өлкесі Новоегорьевка ауылы) Рубцовка қаласында орта мектепті, бұдан кейін Семей өзен училищесін аяқтаған. Бүкіл өмірін Павлодармен байланыстырып, әуелі матрос, бұдан соң меңгерікті басқаратын адам, теплоход капитаны болды. 1969 жылдан бастап теледидарда жұмыс істеді.

1970 жылы П.Васильев атындағы әдеби бірлестіктің төрағасы болып сайланады.

1971 жылдан бастап «Звезда Прииртышья» газетінің редакциясында тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

1972 жылы М.Горький атындағы Мәскеу әдебиет институтын аяқтаған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Оның шығармалары «Иртышские напевы» (1962 г.), «Ступеньки» (1976 ж.), «День поэзии» (1978 ж.) өлеңдерінің ұжымдық жинағына енеді. Өлеңдерінің авторлық жинақтары: «Высокий берег» (1981 ж.), «Незакрытая калитка» (1983 ж.), «Я тебе расскажу» (1984 ж.), «Зимняя радуга», «Гусиный перелет» (1998 ж.), «Звонок старому другу» (1998 ж.), «Песнь о батыре Жасыбае» (2000 ж.), «Вслед за журавлями», «Стук сердца в тишине». «Вольные цветы. Сказ о Павлодаре» поэмасы жеке кітап болып жарыққа шыққан.

Ақынның өлеңдерінде Отанға, туған жер табиғатына, Ертіс өңірінің адамдарына деген сүйіспеншілік сезінеді. Профессор Н.Г. Шафер: «Виктор Семерьяновты тілінің айқын тазалығы, ашықтығы пушкиндік шығармашылық дәстүрлер арнасына енгізеді. Құбылыстар мен тұлғалардың бетін аша отырып, ақын олардың нағыз жүзін жүрегімен сезеді. Бұл оның өлеңдерінің көркем байлығы болып табылады» деп жазады.

Оның соңғы өлеңдері – өмір, бастан өткізген жылдар, елдің тарихы, махаббат пен достық туралы толғаныс.

В. Семерьянов – талантты аудармашы (қазақ тілінен). Ол Абай шығармаларын да аударған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет