П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет9/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44

Әдебиеттер

Шанин, Ж. Хан мен дәуір (Ескілікті сөз) / Ж. Шанин // Таң-Шолпан. – 2001. – № 3. – 140-141 б.

Жұмат Шанин. Павлодар: «ЭКО», 2003. – 197б.

Жұмат Шанин (1892 – 1939) // Баянаула. – Астана, 2001. – 92 – 93 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық . - Алматы, 2005. – 629 – 630 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ өнері: Энциклопедия. – Алматы, 2002. – 735 – 736 б.

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 625 б. Жұмат Шанин //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр : анықтамалық.- Алматы, 2004. – 333 б

Жұмат Шанин //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 422 б.

Сығай, Ә. Жұмат Шанин: [режиссер, қазақ театр өнерінің ұлы ұстазы Ж. Шанин жайлы] / Ә. Сығай. // Мәдениет. – 2011. - № 1. – 32 – 35 б.

Сығай, Ә. Қазақ режиссурасы қашан қыр асады?...: / Ә. Сығай.:[актер, режиссер, халық әртісі Ж. Шанин туралы] //Дарабоз. – 2011. – № 2. – 36 – 40 б.



12 маусым Екібастұз қаласының құрылғанына 55 жыл (1957)

Екібастұз – Павлодар облысы құрамындағы қала. Облыс орталығы Павлодар қаласынан оңтүстік батысқа қарай 150 км, Астана - Павлодар – Құлынды каналының бойында, Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетіндегі бетеге, селеу өскен қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 141,3 мың. адамды (01.10.2002) немесе Павлодар облысының жалпы тұрғын санының 18,8% құрайды.

Алғашқы тұз табылған жер болған соң Екібастұз деп аталған. Қаланың пайда болуы және дамуы Екібастұз көмір кенінің тарихымен тығыз байланысты. 1876 жылы мұнда тас көмір бар екені мәлім болды. Соның негізінде 1898 жылы кен орны түгелімен ағылшындардың иелігіндегі «Қырғыз (қазақ) тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына» концессияға берілді. 1939 жылдан бастап кешенде геологиялық барлау жұмыстары басталып кетті. Ал, 1948 жылдан ірі көмір кеніштерінің құрылысы жүргізілуіне байланысты Екібастұз жедел дамыды.

1957 жылдың 12 маусымындағы КазКСР Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес бұрынғы жұмысшы кенті қалаға айналды. Қаланың қарқынды өркендеуіне жергілікті көмір өндірісінің негізінде қуаттары 4 млн. кВт 3 электр станцияларының салынып, іске қосылуы ықпал етті. Соның нәтижесінде Екібастұз қаласы Қазақстандағы ең ірі көмір өндіру және энергетика орталығына айналды. Сөйтіп, республикадағы ең ірі Павлодар - Екібастұз аумақтық өндірістік кешені қалыптасты. Оған көмір және энергетика кәсіпорындарынан басқа құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, машина жөндеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары кіреді.

Екібастұздың өнеркәсіп орындарында алғаш рет алдыңғы қатарлы технологиялар өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал -жабдықтар сыннан өтіп, іске қосылды. Кезінде Екібастұз бүкілодақтық екі ірі құрылыстың орталығы болды. Мәселен, 1 – МАЭС, 2 – МАЭС- нің құрылысына жүздеген кәсіпорындар, ұйымдар мен министрліктер мен ведомстволардың ғылыми-зерттеу институттары қатысты. Қазір осы екі алып электр өндірісінің өндірген қуаты – күшті электр жеткізуші тораптар бойымен Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындарына электр қуаты тасымалдануда. 1 – МАЭС-те әрқайсысының қуаты 500 МВт тұратын 8 энергоблок орнатылған. Бұл жылу энергетикалық кешенінде республика тас көмірінің 2/3 өндіріледі және Қазақстанның электр қуатының 60 пайызы шығарылады. 2- МАЭС- республикамыздағы ең ірі станциялардың бірі.

Көмір өнеркәсібі мен электр қуаты қаланың басты экономикасы болып саналатын Екібастұз тас көмірінің қоры 11 млрд. тонна көмірді құрайды.

Дүние жүзіндегі ең алып көмір кеніштерінің бірі- «Богатырь». Ол алыптығы жағынан 1980 жылы Гиннесстің рекордтар кітабына жазылды. Кеніш іске қосылғаннан бері онда 1 млрд. тоннадан астам көмір өндірілді. Ал, 1970 жылдың қараша айында пайдалануға берілген «Богатырь» кеніші жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін өндірістік қуаты бар аса ірі кәсіпорын болып табылды.

Екібастұз қаласының тарихи маңызы жағынан бірегей тас көмір кен орнын игеру тарихымызбен байланысты. Мұндағы көмір бассейіні өзінің қоры және тығыздылығы жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Қойнауынан баға жетпес кен байлықтары табылған Екібастұздағы ауқымды құрылыс, кеніштер, өнеркәсіп орындарын, тұрғын үйлер, т.б. салуға қала халқымен бірге, жер-жерден, сол кездегі одақ көлемінен де түрлі ұлт өкілдері араласты.

Кеншілер қаласы атанған Екібастұз бұл күнде мәдениеті, өнері, басқа да дамыған әлеуметтік салалары арқылы облыс, республика көлеміне кеңінен танымал болды.
Әдебиеттер

Екібастұз // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1987. – 2 т. – 180 б.

Екібастұз // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3т. – 354 б.

Экибастуз: энциклопедия. – Караганда, 2003. – 220 с.

* * *

Кафизова, Г. Кеншілер қаласындағы келелі істер / Г. Кафизова // Сарыарқа самалы. – 2006. – 23 ақпан. – 3 б.



Оразалы, Т. Тұрғын үй – басты мәселе: Екібастұзда қалай шешілуде? / Т. Оразалы // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 мамыр. – 5 б.

Тастемханов, Ө. «Богатырь Аксес Көмір»: жаңа белестер / Ө. Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 9 ақпан. – 4 б.

Бықай, Ф. Көмірлі, дүбірлі Екібастұз: [Екібастұз ГРЭС] / Ф. Бықай // Егеменді Қазақстан. – 2008. – 19 желтоқсан. – 3 б.

Шаймерденов, Т. Игілікті істер жалғасын табады:[Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында Екібастұз қаласына – 50 жыл] / Т. Шаймерденов. // Сарыарқа самалы. - 2007. - 3 шілде. – 5 б.



7 шілде Жазушы, қоғам қайраткері С. Шәріповтің туғанына 130 жыл (1882-1942)

Жазушы Сабыр Шәріпов (Дәулетшин Мұхаммедсабыр Шәріфұлы) 1882 жылы 7 шілдеде РФ Татарстан Республикасы Ағрыз ауданы Ғарзет ауылында туған. 1898-1903 жылдары Павлодар ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітірген. 1904-1916 жылдары Ақмола, Көкшетау уездерінде ағаш шебері, қойма меңгерушісі, тілмаш болып жұмыс істеді.

С.Шәріпов 1917 жылы ақпан буржуазиялық –демократиялық төңкерісін Көкшетауда қарсы алып, сол жылы РСДРП мүшелігіне қабылданады. Қоғамдық, мемлекеттік, жазушылық жұмыстарын қатар атқарады. Сібірде, Түркістанда, Көкшетауда, Петропавлда Совет өкіметін орнатуға қатысады. 1919 жылы Атбасар уездік ревкомының председателі, 1920 жылы Ақмола губаткомы председателінің орынбасары, кейін председателі, 1928 – 1932 жылы Москвадағы “Ембімұнай” тресі басқарушының орынбасары жұмыстарында болды.

1932 – 1934 жылдары “Вевир – Хуриан Лимитед” Совет – Иран акционерлік қоғамының директор – басқарушысы. 1938 – 1941 жылдары Құлсары, Доссор терең бұрғылау мекемелерінің, “Ембімұнай” тресінің геологиялық барлау кеңсесінің директоры болды.

Жазушы 1918 – 1919 жылдары жазылған “Алтыбасар” шығармасында қазақ халқының бұрынғы өмірі, әдет – ғұрпы, шаруашылығы, көшпелі тіршілігі, орыс пен қазақ халықтарының достығы, патша өкіметінің озбырлық саясаты суреттелген және 1921 – 1935 жылдары жазылған тап тартысы көрсетілген “Заң дәуірі” повестері жарық көрді.

С.Шәріпов Иран сапары кезінде жемісті еңбек етті. 1935 жылы “Рузи Иран” повесінде тап қайшылығын көрсеткен. Онда Совет Одағы адамдарының адам айтқысыз жоқшылыққа, ауыр азапқа, қайғы-қасіретке ұшырағаны баяндалады.

Жазушының Ирандағы өмірінен 1936 жылы жазылған екінші повесі – “Ләйлә” шығармасында кедей қыздың ауыр өмірін суреттеу арқылы әйелдер басындағы қиын тұрмысты, қасіретті нақты көрсетеді.

1937 жылы жазылған 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс туралы “Бекболат” повесінде автор Бекболат бейнесі арқылы (прототипі Амангелді Иманов) қазақ кедейлерінің күрес жолын толығырақ суреттеген. “Сүлік”, “Ерден көлі”, “Кәмен”, “Жаубасар” т.б. әңгімелері революциядан бұрынғы қазақ елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін суреттейді. “Ит терісі”, “Көтеріліс алдында”, “Бұқара көтерілісі”, “Өлкейік жағасында”, “Тайшым Орысұлы”, “Алабас”, Албан-Бұғы” т.б. көркем очерктері тарихи шындықты қаз-қалпында баяндайды. Жазушының қаламынан “Бағаналы елінің жайы”, “Екі дәуір”, “Иранға саяхат”, “Мұнай” т.б.публицистикалық шығармалары туған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет