П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет6/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Әдебиеттер

Ғ. Р. Бекжанов // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – т. 2. – 256 б.



Ғ. Р. Бекжанов //Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 1. – 233 б.
15 наурыз “Мойылды” курортының ашылғанына 90 жыл (1922)


Мойылды – Павлодар қаласынан 11 км жерде, Құлынды жазығының батыс бөлігінде, Қазақстанның Павлодар облысындағы шипалы балшықты курорт ауылы.

Ауа райы ызғарлы-континенттік, жазы жылы (шілде айының орташа температурасы 21 °C), қысы суық (қаңтар айының орташа температурасы 18 °C); ылғалдылығы жылына 260 мм.

Емдік заттар: Мойылды көлінің тұнбалы балшығы мен ащы-тұзды рапа. Мұнда қимыл-қозғалыс органдары, гинекологиялық, жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын адамдарды емдейді. Санаторий шипалы балшықпен емдейтін орын.
Мойылды Павлодар қалалық әкімшілігіне бағынышты ауыл, аттас ауылдық округінің орталығы, 1994 жылдан бастап Павлодар қаласының шегіне енген. Мойылды ауылы Ертіс өзенінен 12 км және Павлодар қаласынан 11 км жерде Мойылды көлінің жағалауында орналасқан. Координаттары – 52,24 с.е. және 77,4 ш. б.

Мойылды – тұзды көл, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде және Павлодар станциясынан 15 шақырымда орналасқан. Теңіз деңгейімен салыстырғанда 107,3 м биіктікте орналасқан. Ауданы 0,98 км.ш, тереңдігі 1,2 м. Көл батыстан шығысқа қарай созылған, жағалауы төмен, оңтүстік пен батысқа қарай шалшықтанған, қамыстар өскен. Көлдің балшығын бальнеологиялық мақсатта пайдаланады. Көлдің жағалауында «Мойылды» курорт-санаторийі орналасқан.

Аумақта республикалық деңгейдегі санаторий жұмыс істейді. Жыл сайын бұнда 9 мыңнан аса адам демалып, сапалы ем алады. «Мойылды санаторийі» АҚ басшылығы ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысады.

«Мойылды» санаторийі Павлодар облысында, Павлодар бекетінен 15 км және Павлодар қаласынан 11 км жерде орналасқан, Павлодар қаласы шегіне кіреді. Құлынды жазығында Мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жағалауында орналасқан.

Мойылды көлінің балшығын емдік мақсатта 1916 жылдан бастап пайдалана бастады. Бұнда павлодарлық монша иесі И.Словцов науқас адамдарға алғашқы емдік барақ орнатқан.

Курорт ретінде 1922 жылдан бастап жұмыс істейді. Курорт ХХ ғ. 30-40 жылдары салынған саябақта орналасқан. Негізгі табиғи-емдік факторлар – көлдің тұнбалы балшықты сульфат-хлоридті натрий-магнийлі рапасы (оның ауданы 0,5 км.ш). Мойылды аумағында 700 м тереңдіктен бұрғылау жолымен табиғи ауыз суы мен емдік натрийлі су алады.

Негізгі бағыттары: балшықпен, рапамен емдеу. Санаторий жанында жоғары минералды тұнбалы балшық пен рападан, сондай-ақ минералды су саңылауынан тұратын табиғи көл бар. Шипалы балшықпен емдеуге медициналық түсінік: қимыл-қозғалыс органдарының ауруы, жүйке жүйесі, гинекологиялық аурулар, тыныс алу органдары аурулары, қант диабеті, тері аурулары.

Мойылды ауылында 1080 аса адам тұрады, ұлттық құрамында қазақтар (79,6%), орыстар (13%), немістер (4,5%) және т.б. бар.

Ауылда пошта бөлімшесі, медициналық пункт, кітапхана, 3 дүкен жұмыс істейді. Сонымен қатар №38 жалпы орта мектебі бар. Бұнда 114 оқушы оқиды. Мектептің педагогикалық ұжымы 28 мұғалімді құрайды, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Ескі саябақ бар. Ауылдағы ардагерлер кеңесі жанында «Даналық» клубы жұмыс жасайды. Ауыл жолаушыларын тасумен «Шығыс» ҚБ (№ 66 маршрут) айналысады. Сондай-ақ екі шаруа қожалығы, мал мен құс өсіретін 70 жеке үй басы тіркеліп, жұмыс істейді. Мойылды ауылында мынадай 7 көше бар: Абай, Курортная, Парковая, Подхозная, Степная, Центральная, Черемуховая.

Әдебиеттер

Мойылды // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2004. – Т. 6. – 539 б.

Мойылдының шипалы балшығы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. Алматы, 1984. – Т. 4. – 396 б.

Мойылды // Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1976. – Т. 8. – 88 б.

***

Әміренов, Ф. Аты алысқа тараған Мойылды: [Мойылды ауылы туралы] / Ф. Әміренов. // Сарыарқа самалы. – 2010. – 11 желтоқсан. – 6 б.



Бықай Ф. Мойылды енді мұңаймайтын болар: [Мойылды ауылы туралы] / Ф. Бықай. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 28 қаңтар. – 2 б.

Бықай, Ф. Мойылды мұңаймайтын болды: [Павлодар облысындағы Мойылды ауылы туралы] / Ф. Бықай. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 10 қазан. – 5 б.

Жоламанов, Б. Т. Қалада шешілген де, шешілмеген де мәселе көп: [«Жол картасы» бойынша әлеуметтік, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы, жұмыссыз тұрғындар туралы мәселелер Павлодар қаласының әкімі Б. Т. Жоламановпен сұхбат] / сұхбаттасқан Ғ. Жұматов / Б. Т. Жоламанов.

// Шаһар. – 2009. – 17 қыркүйек. – 2 – 3 б.

Жұматов, Ғ.Тұрғындардың сұрақтан гөрі ризалығы басым болды (Павлодар қаласының әкімі Бәкір Саматұлы Демеуовтің Мойылды ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуінен) / Ғ. Жұматов.

// Сарыарқа самалы. - 2006. - 31 қаңтар. - 1 – 2 б.

Мойылды шипажайының бас дәрігері Есенаман Қаймиденов: Дертке шипа байлығымызға жанашырлықпен қараймыз: [Мойылды шипажайының бас дәрігері Есенаман Қаймиденовпен сұхбат]

// Сарыарқа самалы. - 2009. - 10 қыркүйек. - 4 – 5 б.

Молдайып, С. "Мойылдының" болашағы зор : [Мойылды ауылы жайлы] / С. Молдайып. // Сарыарқа самалы. - 2009. - 20 тамыз. – 4 б.

Молдайып, С. Мектеп деген - даналардың мекені..." (Мойылды ауылында жаңа білім ордасы ашылды) / С. Молдайып. // Сарыарқа самалы. - 2006. - 2 қыркүйек. – 1 б.

Соколкин, Э. Д. Мойылды // Соколкин, Э. Д. Қаламыздың көшелері / Улицы нашего города. / Э. Д. Соколкин. – Павлодар, 2007. - 227 б.

Қабдуахит, Ә. Мойылдылықтар мүдделестік танытты: [Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуовтың Мойылды ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі] / Ә. Қабдуахит. // Шаһар. – 2009. – 29 қаңтар. – 3 б.



15 сәуір Ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғ. Есімнің туғанына 65 жыл (1947)


Ғарифолла Есім 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы Аққу ауданында туған. Философия ғылымдарының докторы (1994), профессор(1995), Қазақстан ҒА – ның корреспондент мүшесі (1995). Семей педагогика институтының филология факультетін бітірген (1970). Семей педагогика институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркем сурет – графика факультетінің деканы (1977 – 1991). Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері (1991-1992), Алматы мемлекеттік университетінде декан (1992-1998) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Ғ.Есім ХХ – ғасырдың 80 - жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда “Кейіпкер философиясы”, “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”, “Жаңаша ойлау – диалектикалық ойлау”, т.б. мақалалар жариялады. Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады. Сондай-ақ, саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300 - ден аса публицистикалық ғылыми – танымдық мақалалар жазды.

Ғ.Есім қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс – философиялық новелла, эссе жанрында еңбектенді. Философия, проза жанрында жазылған “Таңсұлу”, “Күнә”, “Көсем-Көкжал”, “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар. Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.


Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет