П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет3/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Мамыр

2 мамыр географ, өлкетанушы, Павлодар облысын зерттеуші З.В.Кузнецованың туғанына 95 жыл (1917-1999) *

10 мамыр актер, режиссер, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Б.У.Омаровтың туғанына 85 жыл (1927-2008) *

13 мамыр Баянауыл ауданында Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының ашылғанына 45 жыл

(1967)

15 мамыр ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғ.М.Мұқановтың туғанына 80 жыл (1932)*

17 мамыр журналист Л.П.Гришинаның туғанына 65 жыл (1947)

20 мамыр Соц. Еңбек Ері М.А.Корзюктің туғанына 100 жыл (1912 – 1976)

28 мамыр режиссер, драматург, қазақ театрының негізін қалаушы Ж.Т.Шаниннің туғанына 120 жыл (1892-1938) *

28 мамыр ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Э.И.Шиллердің туғанына 90 жыл (1922-1985)*

Маусым

1 маусым Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 70 жыл (1942)*

7 маусым қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Н.И.Чмыхтың туғанына 65 жыл (1947)

10 маусым Павлодар облысының мемлекет және қоғам қайраткері Б.В.Исаевтың туғанына 80 жыл

(1932)*


10 маусым ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы А.Нұхұлының туғанына 50 жыл (1962)

12 маусым Екібастұз қаласының құрылғанына 55 жыл (1957)*

25 маусым Кеңес Одағының батыры С.К.Токаревтің туғанына 90 жыл (1922 – 1996)

28 маусым журналист, педагог Ю.А.Ковхаевтың туғанына 80 жыл (1932) *



Шілде

7 шілде жазушы, қоғам қайраткері С.Шәріповтің туғанына 130 жыл (1882 -1942) *

8 шілде ғалым, тарих ғылымдарының докторы Қ.М.Алдабергеновтың туғанына 60 жыл (1952)

10 шілде ғалым, философия ғылымдарының докторы Т.Қ.Айтқазиннің туғанына 65 жыл (1947)*

10 шілде академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Х.Қ.Оспановтың туғанына 80 жыл (1932)*

18 шілде ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Т.М.Жаутықовтың туғанына 80 жыл (1932)

20 шілде ақын, драматург А.Шамкеновтың туғанына 85 жыл (1927-2004) *

25 шілде Халық шебері Б.Ж.Сағындықовтың туғанына 80 жыл (1932)

26 шілде ҚазКСР- нің Еңбек сіңірген мұғалімі Қ.И.Ильясовтің туғанына 100 жыл (1912-1955)


Тамыз

11 тамыз “Свободная степь” басылымының жарыққа шыққанына 95 жыл (1917)

13 тамыз инженер-электрик, техника ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Т.А.Еңсебаевтың

туғанына 65 жыл (1947-2004)*

13 тамыз өлкетанушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген қызметкері, мұрағатшы В.Д.Болтинаның туғанына 65 жыл (1947) *

15 тамыз дәрігер-терапевт, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Ғ.Т.Сұлтановтың туғанына 110 жыл (1902-1982) *

20 тамыз “Степной пахарь” басылымы алғашқы санының жарыққа шыққанына 90 жыл (1922)

тамыз жазушы Ю.П.Помченконың туғанына 85 жыл (1927)

Қыркүйек
1 қыркүйек журналист А.Ж.Нұрғазиннің туғанына 85 жыл (1927-2008) *

6 қыркүйек ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Н.Қ.Ахметовтың туғанына 60 жыл (1952)

12 қыркүйек ғалым, медицина ғылымдарының докторы Х.Ж.Жұматовтың туғанына 110 жыл

(1902 – 1972)*

22 қыркүйек педагог И.И.Поминовтың туғанына 110 жыл (1902-1985)

25 қыркүйек ақын, журналист В.Г.Семерьяновтың туғанына 75 жыл (1937) *

қыркүйек Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (ПГПИ) құрылғанына 50 жыл (1962)

Қазан

1 қазан ғалым-энергетик, техника ғылымдарының докторы Ш.Ш.Шөкиннің туғанына 100 жыл

(1912-2003) *

2 қазан скульптор В.В.Мартыненконың туғанына 65 жыл (1947 – 1999)

6 қазан ғалым, философия ғылымдарының докторы Қ.М.Мардановтың туғанына 70 жыл (1942)

15 қазан журналист, жазушы Ғ.С.Жұматовтың туғанына 60 жыл (1952)*

18 қазан ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы З.Д.Дүйсенбековтың туғанына 75 жыл (1937) *

20 қазан журналист О.И.Фролованың туғанына 65 жыл (1947)*

21 қазан жазушы, журналист, өлкетанушы С.П.Шевченконың туғанына 85 жыл (1927-2001)*

Қараша

8 қараша ғалым, физика – математика ғылымдарының кандидаты Т.Х.Шаяхметовтың туғанына

75 жыл (1937-2007)*

10 қараша ғалым, педагог, философия ғылымдарының кандидаты В.А.Федотовтың туғанына 65 жыл (1947)

17 қараша журналист Б.Жанымбеттің туғанына 70 жыл (1942-2009)

18 қараша ғалым, техника ғылымдарының докторы А.В.Дробинскийдің туғанына 70 жыл (1942)

25 қараша суретші М.П.Колмогоровтың туғанына 90 жыл (1922-2004)*

29 қараша ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Б.У.Уахатовтың туғанына

80 жыл (1932-1984) *

қараша педагог, ҚазКСР – нің еңбек сіңірген мұғалімі С.Д.Дүкенбаевтің туғанына 95 жыл

(1917 – 1967)*

қараша Павлодар қаласының Естай атындағы Мәдениет үйіне 35 жыл (1977)


Желтоқсан

2 желтоқсан ғалым, филология ғылымдарының докторы З.Қ.Ахметжанованың* туғанына 65жыл

(1947)

6 желтоқсан ақын-импровизатор, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.Баймұратовтың



туғанына 125 жыл * (1887-1969)

15 желтоқсан Кеңес Одағының батыры А.С.Квитковтың туғанына 90 жыл (1922-1994) *

16 желтоқсан революционер С.И.Царевтің туғанына 130 жыл (1882-1918)

19 желтоқсан актриса О.Е.Белаяның туғанына 65 жыл (1947)

26 желтоқсан жазушы Д.Әбілевтің туғанына 105 жыл (1907-2003) *

27 желтоқсан ғалым, тарих ғылымдарының докторы С.Б.Бейсембаевтың* туғанына 100 жыл

(1912-1989) *

28 желтоқсан ҚазКСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Ф.Д.Әбдіқалықованың туғанына 85 жыл

(1927-1992) *

29 желтоқсан ғалым, тарих ғылымдарының докторы А.Қ.Құсайыновтың туғанына 70 жыл (1942)

31 желтоқсан жазушы З.Ж.Шашкиннің туғанына 100 жыл (1912-1966)*
Айы мен күні белгісіз Павлодар облысының еске алынатын

және аталып өтілетін күндер тізімі
Торайғыр би Едігеұлының туғанына 240 жыл (1772 – 1825)

Орта жүз биі Бердалы Қазанғапұлының туғанына 210 жыл (1802 – 1842)

Әнші Т.Жұмағұловтың туғанына 130 жыл (1882- 1964)

Ақын Б.Қаппасовтың (Қорт Боранбай) туғанына 105 жыл (1907-1991)



Ақын, журналист А.Теміржановтың туғанына 100 жыл (1912 – 1962)

«Павлодар облысында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесіне берілген қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі

10 қаңтар Кеңес Одағының Батыры К.Ф.Шуваловтың туғанына 100 жыл (1912-1999)


Кеңес Одағының батыры К.Шувалов 1912 жылы Павлодар қаласында туған. 1941 жылы Соликамск қалалық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы 27 наурыздан бастап майданда болды.

Ұлы Отан соғысында үлкен ерлік көрсетті. Днепрден өту кезінде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін лейтенант К.Ф.Шуваловқа Кеңес Одағы Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылы бронетанкілік және механикаландырылған әскерлер әскери Академиясының қасындағы офицерлер құрамының кәсіби деңгейін көтеру курстарын бітірді. 1962 жылдан подполковник К. Ф. Шувалов запаста болды. Одесса қаласында тұрып,әкімшілік – шаруашылық жұмыста болды. Ленин ордені, Қызыл Ту, I дәрежедегі Отан соғысы, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1999 жылы дүние салды.


Әдебиеттер
Қазақстандық Қеңес Одағының батырлары: [К. Ф. Шувалов] // Қазақстан. Ұлтық энциклопедия. – Алматы, 2003. – т. 5. - 341 б.

Қазақстандық Совет Одағының батырлары: [К. Ф. Шувалов] // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – Алматы, 1984. - 1 т. – 256 б.

Шувалов Константин Фомич // Совет Одағының қазақстандық батырлары. – Алматы, 1969. – 413 – 414 б.

Павлодарлық Кеңес Одағының Батырлары // Сарыарқа самалы. – 2010. – 2010. – 6 мамыр. – 17 б.;

8 мамыр. – 6 – 8 б.

Шувалов Константин Фомич //Жеңісіміздің жұлдыздары. 1941-1945= Звезды нашей Победы.1941 – 1945:биоблиографиялық көрсеткіш – библиографический указатель . – Павлодар, 2010. – 25 б.




12 қаңтар Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Н.Ы.Баяндиннің туғанынына 100 жыл (1912-1991)

Баяндин Нығман Ыбырайұлы 1912 жылы Баянауыл ауданы Беріктас ауылында туған. 1951 жылы Мемлекеттік Орта Азиялық университетін бітірген. Ғалым ғылыми және педагогтік жұмыстармен айналысты. ҚазКСР-нің ҒА топырақтану институты, Қазақстанның ауылшаруашылығы институтының топырақ географиясы кафедрасының доценті.

Н.Ы.Баяндин Қазақстанның топырағы жайлы көптеген ғылыми жұмыстар жазды. Сонымен қатар Ертіс топырағына арналған ғылыми еңбектердің авторы.
Әдебиеттер

Баяндин Нұғман Ыбырайұлы //Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т.1. – 223 б.



Мүбәраков, Ш. Қомақты үлес қосқан: [ғалым-зерттеуші Н. Баяндиннің туғанына – 95] / Ш. Мүбәраков. - // Сарыарқа самалы. – 2007. – 20 қаңтар. – 3 б.
15 қаңтар Ақын Н. М. Чернованың туғанына 65 жыл (1947)

Белгілі ақын – жазушы Н.М.Чернова 1947 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіріп, С.Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсті.

Н.Чернованың шығармашылық қызметі Семей облыстық телестудиясында басталды. Онда телестудияның редакторы болды. Кейін Көкшетау облысында орта мектепте мұғалімдік жұмыс атқарды.

Н.Чернова Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды. Университетті бітіргеннен кейін “Жалын” баспасында редактор, “Ленинская смена” газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңес басшысының орынбасары болды. 1980 жылдан “Простор” журналында бөлім редакторы қызметін атқарды.

Н.Чернова өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданды. Ол К.Ахметованың өлеңдерін орысшаға аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған. Ақынның шығармалары: “Возраст августа”, “Цветущий саксаул”, “Помню”, “Кочевница” және т.б.

Өлеңдері қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған, 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.


Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет