Әдебиеттер
Чернова, Н.Возраст августа: стихи / Н. Чернова. Алматы: Жазушы, 1978.
Чернова, Н. Цветущий саксаул: стихи. / Н. Чернова. - Алма-Ата:Жалын, 1979.- 135 с.
Чернова, Н.М. Скалы Баянаула: стихи. / Н. Чернова.- Алма-Ата, 1979. - С.67
Чернова, Н. Помню: стихи. / Н. Чернова.- Алма-Ата:Жазушы, 1982. – 88 с .
Чернова, Н. Бродячие сюжеты: стихи. / Н. Чернова. - Алма-Ата : Жалын, 1988. – 5 с.
Чернова, Н. Семипалатинск / Н. Чернова. // Простор. - 1991. - № 1- 2.- С. 153.
Чернова, Н. Стихи / Н. Чернова.// Простор. - 1994. - № 3. - С. 2 – 7.
Чернова, Н. Стихи / Н. Чернова.// Простор. - 1996. - № 9. - С. 32 – 33.
Чернова, Н. «Зердесі зерек – сөз зергері» / Н. Чернова.//Қазақ әдебиеті. - 2009. - 2 шілде (№ 9). - 1, 6 б.
Чернова Надежда // Советтік Қазақстан жазушылары: биобиблиографиялық анықтамалық. – Алматы, 1987. – 672 б.
Чернова Надежда //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 416 б.
10 ақпан Ғалым, техника ғылымдарының докторы Ж.С.Ержановтың туғанына 90 жыл (1922-2003)
Ержанов Жақан Сүлейменұлы 1922 жылы 10 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1944 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. 1944-1947 жылдары ҚазКСР ҒА-ның аспиранты, 1947 – 1949 жылдары ҚазКСР ҒА-ның Кен ісі институтының инженері. Кейін ҚазМУ- дің аға оқытушысы, ал 1951 – 1960 жылдары Днепропетровск кен институтының доценті болды. 1960 – 1968 жылдары ҚазКСР ҒА-ның Математика және механика институты директорының орынбасары және бөлім жетекшісі болды.
Ж.Ержанов 1968 – 1976 жылдары ҚазКСР ҒА – ның Президиумының Бас ғылыми хатшысы қызметін атқарды. 1976 – 1986 жылдары ҚазКСР – ның Сейсмология институтының директоры. ҚазКСР ҒА – ның Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академик – хатшысы. 1987 жылдан ҚазКСР Математика және механика институтының лаборатория меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері жер қойнауындағы механика табиғатын, әр түрлі құбылыстарды зерттеуге, атап айтқанда, жер асты құбылыстарының беріктігі мен орнықтылығын, оның сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістеріне, сейсмикалық процестерді математикалық модельдеуге, жердің тектоникалық даму механикасына т.б. арналған. Жалпы 345 рет жарияланған, оның ішінде 38 монография.
Ж.Ержанов 1974 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 томдық. – Алматы, 1988. – 3т.. – 220б.
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3т. – 395б.
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақ елінің ғылыми тұлғалары = Лидеры науки земли казахской. – Павлодар, 2006. - 94 – 98 б.
26 ақпан Жазушы, әдеби сыншы А. А. Устиновтың туғанына 80 жыл (1932)
Альберт Устинов 1932 жылы 26 ақпанда Павлодар облысы Қашыр ауданы Осьмерыжск селосында туған. Еңбек жолын 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастады. 1958 жылы Қазақстан ЛКЖО Қашыр аудандық комитетінің бірінші, 1959 жылы Павлодар облыстық комсомол комитетінің екінші, сонан соң бірінші, 1961 – 1965 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
А.Устинов 1965 – 1968 жылдары КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқыды. 1968 – 1982 жылдары партиялық жұмыста: Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1982 – 1986 жылдары республикалық “Казахстанская правда” газетінің редакторы, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Филология ғылымдарының кандидаты, бірқатар әдеби сын кітаптардың авторы. Халықтар Достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Устинов, А. Н. Астық жинайтын комбайндар: оку құралы. / А. Н. Устинов – Астана; Фолиант, 2007. – 119 б.
Устинов Альберт // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2006. – 524 б.
Устинов Альберт // “Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр:анықтамалық. – Алматы, – 2004. – 319 – 320 б
Устинов Альберт // “Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, – 2009. – 405 – 406 б.
Устинов Альберт // Советтік Қазақстан жазушылары: биобиблиогр. анықтамалық. – Алматы, 1987. – 652 б.
5 наурыз Ғалым, философия ғылымдарының докторы Қ. Ш.Шүлембаевтың туғанына
75 жыл (1937-1998)
Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев 1937 жылы 5 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1959 жылы ҚазПИ- ді бітірген. 1959 – 1960 жылдары сол жерде оқытушы. 1961 – 1964 жылдары ҚазКСР- нің Орталық мемлекеттік мұражайының аға ғылыми қызметкері болды. 1967 – 1971 жылдары ҚазПИ - де аға оқытушы, ал 1972 жылдан бастап философия кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Қ. Шүлембаевтың ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты ғылыми атеизм және тарихи материализм болды.
Достарыңызбен бөлісу: |