П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет5/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Әдебиеттер

Шүлембаев Қатыршат Шапағатұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 582 б.

Шүлембаев Қатыршат Шапағатұлы // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 2. – 464 б.
***

Әйтенов, С. Ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері: [философия саласына арналған ұлағатты ұстаз, ғалым, академик Қ. Ш. Шүлембаевтің 70 жылына орай] /С. Әйтенов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 3 наурыз. – 13 б.




5 наурыз Журналист Ө. Тастемхановтың туғанына 65 жыл (1947)

Өскембай Мұхамеджанұлы Тастемханов 1947 жылы 5 наурызда Павлодар қаласында туған. № 9 орта мектебінде 7 сынып бітіріп, 1961 жылы педучилищеге түсті.

1965 – 1966 жылдары Краснокутский (қ.Ақтоғай) ауданында Ақкөл орта мектебінде мұғалімдік қызметін атқарды. 1966 жылы сырттай ҚазМУ -–дің журналистика факультетіне түсті. 1966 жылы “Қызыл ту” газеті редакциясының әдеби бөлімінде жұмыс істеп, корректор болды. 1967 жылы журналист маман болып, 1991 жылға дейін газеттің жауапты редакторының орынбасары болды. 1991 жылдан 1998 жылға дейін коммерциялық бөлімнің меңгерушісі. Ал, 1998 жылдан бастап экономика бөлімінің редакторы болды.

Ө.Тастемханов экономика саласына арналған бірнеше кітаптың авторы. Көптеген грамоталармен марапатталған.


Әдебиеттер

Тастемханов, Ө. Астанаға қалай жетсек екен немесе күн тәртібінде - электропоезд мәселесі / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 20 сәуір. – 3 б.

Тастемханов, Ө. “Богатырь Аксес Көмір”: жаңа белестер / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 9 ақпан. – 4 б.

Тастемханов, Ө. Екібастұз өңірінің беделді басылымы “Отарқа” газеті туралы сөз / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 22 маусым. – 5 б.

Тастемханов, Ө. Еңбек ер атандырады / Ө. Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 25 мамыр. – 17 б.

Тастемханов, Ө. Жұртшылық жолдауымен қанаттанған / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 ақпан. – 20 б.

Тастемханов, Ө. Кәсіпкерін қолдаған мемлекет күшті / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 6 сәуір. – 6 б.

Тастемханов, Ө. “Тоғыз құмалаққа тосырқамай қараңыз” / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 наурыз. – 36 б.

Тастемханов, Ө. Әбекең әрқашан қатарда: [ҚР Еңбек сіңірген көлік қызметкері, «ҚТЖ» ҰК» Консультативтік кеңесінің мүшесі Ә. Сарқыншақов туралы] / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 9 мамыр. – 6 б.

Тастемханов, Ө. «Әлем біріншілігінде бағымды сынағым келеді»: 63 жастағы спорт ардагері В. Ухов осылай дейді / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2010. – 5 қазан. – 5 б.


7 наурыз Ғалым, геология – минералогия ғылымдарының докторы Ғ. Р. Бекжановтың туғанына 85 жыл (1927)

Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлы 1927 жылы 7 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Геология - минералогия ғылымдарының докторы. Профессор. Халықаралық инженерлік және халықаралық минералды ресурстар Академияларының, Жаратылыстану ғылымдары Ресей Академиясының академигі. ҚазКСР және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (1972, 1984). Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты (1991). ҚазКСР еңбек сіңірген геолог- барлаушысы (1970).

Ғ.Бекжанов қазақ тау - кен институтының (қ. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қаз ҰТУ) геологиялық барлау факультетін бітірген. Еңбек жолын 1941 жылы егін бригадасының есептеушісі болып бастады. 1951 – 1961 жылдары геологиялық жұмыста. 1956 жылы Қарағанды геология басқармасының Қарағайлы экспедициясының бас геологы. 1961 – 1972 жылдары Қазақстан геофизикалық трестің бас инженері және бас геологы.

Ғ.Бекжанов Қазақстанда аймақты рудалық, геофизика және мұнай геофизиктерінің алдыңғы қатарлы мектебінің дамуына үлкен үлес қосқан. 1972 – 1997 жылдары Қазақстан минералды шикізат ғылыми зерттеу институтын басқарды және 1987 –1997 жылдары сол жұмыспен қатар «Казнедра» ғылыми - өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1997 жылы ҚР Минералды ресурстар Академиясының Президенті болып тағайындалды.

Ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет» ордендерімен және басқа медальдармен марапатталған.


Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет