Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы
Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы плевра эмпиемасына тән. Қарғанда ауру жағы өсіңкі болуы және тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Перкуссияда ауа үстінен дыбыс , сұйықтықтың үстінен тынық дыбыс анықталады, перкуссиялық симптомдар науқастың төсектегі қалпына байланысты болады. Аускукльтацияда – везикулалық тыныс әлсіреген, не ешқандай дыбыс естілмейді. Бронхофония әлсіреген.
Бронхиалдық обструкция синдромы
Бронхиалдық обструкция синдромы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада дамиды. Синдром негізінде бронхтардың кілегей қабатының ісінуі және қабыну немесе аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын кілегейлі сұйықтықпен бітелуі жатады. Негізгі шағымдар – ұстамалы жөтел, демікпе, дистанциялдық сырылдар, тұншығу ұстамасының дамуы, цианоздың пайда болуы. Науқас ортопноэ қалпында, перкуссияда қорапша дыбыс, аускультацияда әлсіз везикулалық немесе қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды, диагфрагма төмендейді және қимылы шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |