Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет20/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, 5ddcb76d5d423 1574745965
Аускультация
Аускультация – пациентті тыңдау. Бұл әдіс ағзадағы табиғи жағдайда пайда болған дыбыстарды тыңдауға негізделген. Бұл да ертеден қолданылып келе жатқан әдіс болғанымен, оның авторы француз клиницисі Рене Лаэннек болып есептелінеді. Ол 1819 жылы өз еңбегін жариялады. Аускультация тікелей және аспапты болып екі түрге бөлінеді.

Тікелей аускультацияда дәрігер құлағын пациенттің денесіне тікелей тақап тыңдайды. Тазалықты сақтау үшін құлақтың астына орамал төсейді. Бұл тәсілдің гигиена жағынан кемшілігі бар.

Аспапты аускультацияда әр түрлі аспаптар: стетоскоп, фонендоскоп, стетофонендоскоп қолданылады.

Аускультация ережелерімен техникасы:



  1. Дәрігердің , фельдшердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек.

  2. Пациент отырғызып немесе турып туру керек.

  3. Бөлме тыныш және жылы болу керек.

  4. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбау керек, қаулап өскен тук болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек.

  5. Фельдшер, дәрігер аускультацияны өзі үйренген аппаратымен жүргізу керек, өйткені құлақ бір аппаратқа үйренеді.

  6. Стетоскоптың түтіктерінің үшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек.

  7. Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір-біріне, пациенттің денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек және дыбыс қабылдайтын қолқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек

  8. Стетоскоп, фонендоскоптың дыбыс қабылдайтын қолқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек және қолқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет