Спирометрия- спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу.
Қалыпты көрсеткіштері: 1.Өкпенің өмірлік сиымдылығы ерлерде = 3500-4500 куб. см.
2. Өкпенің өмірлік сиымдылығы әйелдерде = 2500-3500 куб. см.
Спирография - тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.
Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:
Тыныстық көлемі- қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа шығарғандағы ауаның көлемі, орташа есеппен 500 мл шамасында – /300- 900 мл/.
Қосымша көлем - /ауаны ішке алудың қосымша резерві/ демді қалыпты алғаннан кейін тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен 1500 мл.
Резервтік көлем - ауаны сыртқа шығарудың қосымша резерві. Шамамен 1500 –2000 мл.
Қалдық ауа /қалдық көлем/ - ауаны өкпеден максимальды /барынша/ шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі.Шамамен 1000 мл.
Өкпенің жалпы максимальды сиымдылығы - тыныстық, қосымша, резервтік, қалдық көлемдердің қосындысы және 5000-6000мл құрайды.
Электрокардиография /ЭКГ/
ЭКГ - жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі. Электрлік тоғының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты болады.
Қалыпты электрокардиограмма Р Q R S Т деген тісшелермен белгіленеді.
Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі стандартты тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі бар.