Өкпенің аускультациясы. Өкпенің аускультациясы бір белгілі жоспармен жүргізіледі: фонендоскоп немесе стетоскоп өкпенің оң, сол жағының мұқият симметриялық нүктелеріне қойылады. Тыңдау – кеуденің алдынан жоғарыдан төмен және шеттерге қарай жүргізіледі, қолтық астын тыңдағанда науқасты қолын көтеруін сұрайды. Жауырын ортасын тыңдағанда пациент оң қолын сол иығына, сол қолын оң иығына құшақтап отырады, сонда жақсы естіледі..
Таңдауды тұрғызып не отырғызып жүргізу керек, қажетті кезде жатқызу болады.
Дем алу мүшелерінің қызметінен туатын барлық дыбыс негізгі дыбыстар және қосымша дыбыстар болып екі топқа бөлінеді.
Негізгі дыбыстарға везикула тынысы, бронх тынысы және аралас тыныс. Қосымша патологиялық дыбыстар: сырылдар, крепитация, плевра үйкелес шуы.
Везикулалық тыныс өкпе үстінде естіледі ол «Ф» әрібін ауаны ішке тартып айтқанда пайда болатын дыбысқа ұқсап, құлаққа жұмсақ естілетін дыбыс. Оның физиологиялық өзгерісі: күшею, әлсіреу не жойылып кетуі мүмкін.
Бронх тынысы қатандау және демді сыртқа шығарған кезде айтқан «Х» әрібінің естілуін еске түсіреді. Қалыпты жағдайда бронх тынысын трахея, көмей үстінен және үлкен бронхтың кеуде сарайы қабырғасына тақалып тұратын жерлерінде тыңдауға болады, басқа жерде естілмейді.
Қосымша тыныс дыбыстары. Сырыл деп бронх ішімен ауаның және секреттің қозғалысынан пайда болатын дыбыстарды атайды, сырыл құрғақ және дымқыл болады.
Құрғақ сырыл бронх ішінде жабысқақ секрет жиналғаннан пайда болады.
Дымқыл сырыл бронх ішінде сұйық секрет жиналғаннан пайда болады.
Крепитация. Альвеола ішінде аздап сұйық пайда болса демді сыртқа шығарғанда оның қабырғалары бір-бірімен жабысады. Демді ішке алғанда, олардың бір-бірінен ажырасуынан туатын дыбыс крепитация деп аталады. Демді ішке ғана алғанда пайда болады да қардың сықырлауына немесе екі қағазды үйкелеген кезде естілетін дыбыстай болады.
Плевра үйкелесінің шуы. Әр түрлі патологиялық процесстердің әсерінен плевра беттерінің тегістігі бұзылып, беттері үйкелескен кезде әр түрлі дыбыстарды тұдырады: жұмсақ тегіс матаның үйкелесі, тырнау қағаздың сыбдыры, қардың сықыры сияқты дыбыстар демді алған және шығарған кездеде естіледі.