Плевра қуысында ауа жиналу синдромы (пневмоторакс)
Плевра қуысында ауа жиналу синдромы – плевра қуысының бронхтармен байланысы болған жағдайда, туберкулезді каверна немесе абсцесс сублплевральды орналасып, плевра қуысына жарылса – спонтанды (өзіндік) жабық пневмоторакс дамиды, кеуде қуысы жарақаттарында ашық және клапанды жасанды пневмоторакс кездеседі. Ащық пневмоторакста плевра қуысы тұрақты түрде атмосфера ауасымен қатынасы болады, клапанды пневмоторакста ауа плевра қуысында тыныс алған кезде енеді де, тынысты шығарған кезде кері шықпайды. Себебі тынысты кері шығарған кезде висцеральды плевраның тілімі клапан болып, кіреберіс тесікті жауып таста отырады. Клапанды пневмоторакс өте қауіпті , өйткені плевра қуысында жиналатын ауа өкпені біртіндеп қысып тастайды. Кейде кеуде қуысындағы басқа мүшелерде қысылып қалады. Негізгі шағымдары кеуде сарайының ауырсынуы және біртіндеп күшейе түсетін демікпе.
Бұл синдромда кеуденің ауа жиналған жағының ұлғаюына байланысты асимметриясы байқалады және тыныс алу қалыңқы болады. Ауа жиналған жерде дауыс дірілі күрт әлсірейді немесе жойылады, перкуссияда тимпанды дыбыс, аускультацияда жабық пневмоторакста ешқандай тыныс естілмейді, ашық пневмоторакста бронх тынысы анықталады. Рентгенологиялық тексеруде өкпе суреті көрінбейтін ашық өкпе аймағы және түбіріне жақын басылған өкпе көлеңкесі байқалады.
Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы
Плевра қуысында ауа мен сұйықтықтың қатар жиналу синдромы плевра эмпиемасына тән. Қарғанда ауру жағы өсіңкі болуы және тыныс алуда қалыңқы болуы анықталады. Перкуссияда ауа үстінен дыбыс , сұйықтықтың үстінен тынық дыбыс анықталады, перкуссиялық симптомдар науқастың төсектегі қалпына байланысты болады. Аускукльтацияда – визикулалық тыныс әлсіреген, не ешқандай дыбыс естілмейді. Бронхофония әлсіреген.
Бронхиалдық обструкция синдромы
Бронхиалдық обструкция синдромы обструктивтік бронхитте, бронхиалдық астмада дамиды. Синдром негізінде бронхтардың кілегей қабатының ісінуі және қабыну немесе аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын кілегейлі сұйықтықпен бітелуі жатады. Негізгі шағымдар – ұстамалы жөтел, демікпе, дистанциялдық сырылдар, тұншығу ұстамасының дамуы, цианоздың пайда болуы. Науқас ортопноэ қалпында, перкуссияда қорапша дыбыс, аускультацияда әлсіз везикулалық немесе қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенологиялық зерттеуде өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарылайды, диагфрагма төмендейді және қимылы шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |