Асқорыту жүйесі ауруларының синдромдары
Дисфагия синдромы
Ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңеш арқылы тағам өтуінің қиындауы.
Симптомдары:
Лоқсу;
Жүрек айнуысыз өзгермеген тағамды құсу (асқазан сөлі араласпаған – өңештің екіншілік кеңеюінен);
Сілекей бөлінуінің көбеюі;
Ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Функциональды дисфагия
Себептері:
Жұту орталығының, кезбе және тіл жұтқыншақ нервінің, жұтқыншақ және өңеш бұлшықеттерінің зақымдануы, тілдің сал болуы, ауыз-жұтқыншақ анестезиясы, сілекей бөлінуінің азаюы.
Симптомдары:
Бұзылыстардың өтпелі болуы;
Сұйық тағам қою тағаммен салыстырғанда қиындау өтеді;
Жалпы жағдайы онша өзгермейді;
Психоэмоциональды факторлармен байланысты болуы;
Седативті препараттардан басталады;
Органикалық дисфагия
Себептері:
Өңештің қабыну аурулары және стриктурасы, ісіктер,өңеш дивертикулі.
Симптомдары:
Бұзылыстардың тұрақты және үдемелі болуы;
Бастапқыда қатты, кейін ботқа тәрізді және сұйық тағамның өтуі қиындайды;
Жалпы жағдайы:
а) өңештің тыртықтанып, тарылуында (күю,эзофагит) аз ғана немесе баяу өзгереді;
б) өңеш рагында тез нашарлайды.
Асқазанның моторлық және эвакуторлық қызметінің бұзылу синдромы
Асқазанның моторлық қызметінің бұзылу синдромына оның тонусының бұзылуы жатады.
Қалыпты жағдайда іші бос асқазан қабысқан күйде болады. Ішіне тамақ кезде оны асқазан қаусырып, қысып алады. Асқазанның бұл қызметін перисистола деп атайды (тонус). Перисистола өзгерістері – асқазанның гипотониясы және гипертониясы. Асқазан гипертониясының себептері: созылмалы гастрит, гипертиреоз, алиментарлық дистрофия, кахексия, қантты диабеттің ауыр түрі. Асқазан гипертониясы асқазан және он екі елі ішек жарасында болады.
Асқазан тонусын тексеру үшін рентген және электрогастрография қолданылады.рентген тексеруде асқазан тонусы қалыпты болса контрасты зат жоғарыдан төмен қарай біртіндеп түседі. Асқазан тонусы төмендегенде контрасты зат бірден асқазанның төменгі жағына түседі, асқазан «қапшық» тәрізді болады. Асқазан тонусы күшейгенде оның көлемі кішірейген, түрі «мүйіз» тәрізді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |