Іш өту немесе диарея - үлкен дәретке жиі отыру және үлкен дәреттің сұйықталуы. Қалыпты үлкен дәретке отыру тәулігіне 1-2 рет болады. Тәуліктік нәжістің салмағы 100–200 гр аспайды. Диареяда дәретке отыру жиілігі тәулігіне 2 реттен, ал нәжіс салмағы 200 гр асып кетеді.
Іш өту тоқ ішектің қозғалыс және секрециялық функциясының бұзылғанынан болады. Қалыпты жағдайда қарыннан шыққан тамақ тоқ ішекке 1- 4 сағаттан кейін жетеді, ал барлық тоқ ішек бойын 20-24 сағатта жүріп өтеді. Тоқ ішек функциясы бұзылғанда немесе іш өткенде қабылданған тағам сыртқа 3-4 сағаттан кейін шығуы мүмкін.
Іш өтудің себептері:
Іш қату, қатпа – 48 сағаттан артық үлкен дәретке отырмау және нәжістің консистенциясының өте қатты болуы.
Қатпа ішек ішіндегі тамақ қалдықтарының баяу қозғалысынан болады. Тамақ құрамындағы сұйықтықтың қанға сіңіп, нәжістің қатаюына әкеліп соқтырады, оның себептері: - Ішек бойында кездесетін механикалық кедергілер
- Ішектің қозғалыс функциясының бұзылуы
- Ішек ішіндегі тағамның жеткіліксіз мөлшерде болуы
Ішектен қан кету. Ішектен кеткен қанның түсі қызыл болады. Қанның ішектен тез не аздап кетуі мүмкін. Тез кеткенде коллапс дамиді, ал аздап кеткенде анемия даму мүмкін.
Қан кетудің себептері:
Анамнез.Анамнез белгілі схема бойынша жиналып, ішек ауруларына тереңрек көңіл бөлу керек, тамақтану ережесін, аллергияларын, зиянды әдеттерін, қолданылған дәрілер, ауырған ауруларын, жақын тума туыстарының денсаулығын анықтау керек.