Объективті тексеру.
Қарау: жалпы қарауда жүдеу, кейде кахексияға дейін, тырналған іздер, гемморагиялар, сарғаю, терінің бозаруы, құрғауы, тургорының төмендеуі анықталады. Жедел панкреатитте тіл құрғақ, сұр тұтықпен қапталған, шеттерінде тістің іздері.
Пальпация. Беткей пальпацияда эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауырсынудан бұлшық еттердің қатаюы анықталады. Ұйқы безінің терең пальпациясы өте күрделі, арық адамдарда іштің прессін босатқан кезде анықтау болады. Пальпацияны ертенгісін ішті өткізетін дәрілерді бергеннен кейін ашқарынға жасайды. Сипап анықтауды терең жылжымалы пальпация әдісімен жүргізеді. Сипайтын қол асқазанның төменгі шекарасынан 2-3см жоғары орналасып теріні жоғары көтереді, пациент әр ауа шығарған сайын, қол терең кіреді, артқы қабырғаға тірелген кезде қол жоғарыдан төмен жылжыйды. Қалыпты жағдайда ұйқы безі көлденең орналасқан диаметрі 1,5-3 см, жұмсақ. Созылмалы панкреатитте қатайған болады.
Перкуссия. Ұйқы безінің үстінде түйықталған тимпаникалық дыбыс анықтауға болады, ұйқы безі үлкейген кезде түйық дыбыс естілуі мүмкін.
Ұйқы безінің ауруларында кездесетін синдромдар:
Ұйқы безінің алғашқы сыртқы секрециясының жетіспеушілігі, оның жетілмеуінде және муковисцедозда болады.
Ұйқы безінің екіншілік сыртқы секрециясының жетіспеушілігі әр түрлі паренхимасы зақымданған ауруларда, өзегінің таспен бітелуінде болады.
Сыртқы секрециясының жетіспеушілігінің 3 кезеңі
Бірінші (бастауыш, жасырынды) көп тамақ ішкенде сөл жетіспейді.
Екінші (айқын панкреатикалық жетіспеушілік) жиі және үнемі іш өту, стеаторея, креаторея, амилорея.
Үшінші – дистрофиялық, дене салмағы кахексияға дейін төмендеп, басқада мүшелермен ұлпаларда дистрофиялық өзгерістер пайда болады.
Ұйқы безінің ішкі секреция жетіспеушілігі қант диабеті белгілерімен білінеді.
Аурудың негізгі белгілері:
қатты шөлдеу (полидипсия)
тәбеттің көтерілуі (полифагия)
көп мөлшерде зәрдің бөлінуі (полиурия)
зәрмен глюкозаның бөлінуі (глюкозурия)
глюкозаның қанда көп болуы (гипергликемия)
Қосымша белгілері: әлсіздік, жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, жүдеу, терісінің қышуы әсіресе шат аймағында, көрудің нашарлауы, жүрек және бүйрек қызметінің бұзылуы, аяқтарының балтырында трофикалық жаралар.
Объективті: терісі құрғақ, қатты, қабыршықтанады, тырнақ іздері, шиқандар, экзематозды ойықты ошақтар. Инсулин инъекциясын салған жерде тері асты шелінің семуі немесе атрофиясы, жалпы тері асты шелі жұқа. Семіздіктің әсерінен дамыған түрінде ғана тері асты шелі қалын.Қантты диабетте тамыр жүйесі толық зақымданады: (диабетикалық ангиопатия), бүйрек, көз, аяқ тамырлары - гангрена дамығанша, жүрек, ми тамырлары - инсульт, инфаркт дамығанша. Жиі бронхит, пневмония, туберкулез кездеседі. Ауыр түрінде кетоацидоз, диабетикалық кома дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |