Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет69/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Бүйрек шаншу синдромы – бұл бүйрекпен несеп шығару жолдарында құм және тастардың(конкременттердің) байланып, өзгерістер дамытатын созылмалы ауруы.
Бүйрек тастары несеп тұздарынан дамып әр түрлі құрамды болуы мүмкін: ураттар, фосфаттар, оксалаттар, аралас және басқада. Олар біреу немесе көп, көлемі құмнан жұмыртқаға дейін болуы мүмкін.
Несеп тастардың байлануында негізгі рольді ағзадағы зат алмасу процесстердің бұзылуы ойнайды. Аз мөлшерде сұйықтық қабылдау, кальций тұздарына бай суды ішу, бір келкі және көп мөлшердегі тамақ, А және Д дәрумендер тапшылығы, қызыл шарапқа әуестік және басқада, несептің іркілуі, несеп жолдарының қабынуы, бүйрек жарақаттары, бүйрек ұлпасына қан құйылу;
Клиникалық көрінісі. Ауру екі кезеңде өтеді: ұстама аралық және ұстама кезеңі (бүйрек шаншуы). Аурудың дамуы және көрінісі тастың мөлшерінен, бүйректегі қабыну өзгерістерден тәуелді болады.
Ұсақ тастар, тұздар ауырсыну бермеуі мүмкін. Тұз оқтын соқтын зәрмен шығарылып тұрады, кейде несеп ағардың шырышты қабатының тітіркенуінен ауырсыну болуы мүмкін. Егерде тостағаншада құм ғана болса ауру созылмалы болсада ауырсыну бермеуі мүмкін.
Түбекте жатқан үлкен тастар ұзақ уақытқа дейін қозғалмай науқасты мазаламайды. Бұл тастар көбіне шырышты қабатын тітіркендіріп бел аймағында сыздаған ауырсыну береді. Өз бетімен сыртқа шығалмайтын тастарда ауру созылмалы түрге айналып, оған инфекция қосылып үнемі ауырсынудан науқастың жағдайы нашарлай бастайды, пиелит және пиелонефрит қосылады.
Кішірек жылжымалы тастар аурудың клиникасын құрайды, олар жылжып , шырышты қабатын сырып, несеп ағарды бітеп күшті ауырсыну ұстамасын береді. Егерде тас құыққа өтіп кетсе ұстама 2-3 сағатта тарап кетеді, немесе тас несеп ағармен ұзақ жылжыса ауырсынуда ұзаққа созылады. Несеп ағар таспен бітеліп қалса түбек созылып – гидронефроз дамуы мүмкін. Бұл кезде іштің пальпациясында үлкейген бүйректі анықтау болады. Гидронефрозда пиелонефритке әкеліп соқтырады.
Нефроздық синдром - шумақтардың иммундық - қабынбалы зақымдануы, тəулігіне 3,0 -3,5 г асатын массивті протеинуриямен, гипо- жəне диспротеинемиямен, гиперлипидемиямен, оның ішінде гиперхолестеринемиямен, жəне ісінулермен клиникалық мінезделетін ауру.
Қауіп-қатерлі факторлар: Ауру жиірек ісінулердің пайда болуымен біріншілік - созылмалы, зəр анализінде протеинурия түріндегі өзгерістермен, гипертониялық кризбен инфекциялар, дəрілер, аллергиялық реакциялар, генетикалық бейімділік, күндік инсоляция мен байланысы болады. Шаршау, ісінулер, олигурия, жіті кезеңдегі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі болады. Анасаркаға дейінгі айқын ісінулер, диурездің төмендеуі, артериалды гипертония (жиі), сонымен қатар атериалды гипотензия болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет