Зәр шығару жүйесі ауруларының негізгі синдромдары.
Зәр синдромы: Несеп түсінің өзгеруі. Бүйрек ауруларында пациенттер несептің түсінің өзгеруінеде шағым айтады. Жедел диффузды гломерулонефритте несептің түсі «ет жуындысындай» болады /микрогематурия/, несеп тас ауруында несептің түсі қан араласқаннан қызарып кетеді /макрогематурия/ бұл жағдай бүйректің ісіктеріндеде кездеседі.
Несептің түсі дәрі- дәрмектердің әсеріненде өзгеруі мүмкін: қызғылт- қоңыр несепте қышқыл тұздар /ураттар/ болуынан, сыра түс - бауыр сарғаюынан, қою-қоңыр түс- бауыр үсті сарғаюдан.
Несептің түсі ұзақ уақыт турғаннан, лейкоциттер,шырыш, қан араласқаннан лайланған болуы мүмкін. Тұздар араласқан несеп тура мөлдірленеді.
Несептің құрамының өзгеруілабораторлы зерттеулермен анықталады.
Протеинурия- несептен ақуыздың бөлінуі/сау адамнын несебінде болмау керек /Физиологиялық жағдайда ақуыз физикалық күш және ақуызбен күш түсіргенде пайда болады.
Глюкозурия- несепте қанттың/глюкозаның пайда болуы,
Лейкоцитурия- несепте көру алаңында 5тен артық лейкоциттердің болуы, ал Нечипоренко зерттеуі бойынша -2,6х10 1л артық болса.
Гематурия - несепте эритроциттер нефроннан өткен болады, ал өзгермеген эритроциттер- бүйрек тостағаншасынан, несеп ағарлардан, қуықтан шығады.
Цилиндурия- несепте бүйрек шумақтарының эпителиальды мүсіндері.
Бактериурия- несепте бактериялардың болуы. Несепте шырыш- несеп шығару жолдарының шырышты қабаттарының қабынуының белгісі.
Несеп бөлудің өзгеруі. Поллакиурия - несепке жиі отыру.негізінен қуық пен үрпі қанайналымының қабынуына тән.Қалыпты жағдайда несепке отыру тәулігіне 4-7 рет болады..
Никтурия- несептің түнге қарай /түнде/ басым бөлінуі.
Полиурия- несептің көп бөлінуі, тәуліктік несептің мөлшері. 2литрден артық болуы.
Олигурия- несептің аз бөлінуі, тәуліктік мөлшері 500 мл-ден төмен болады.
Изурия- тәулік ішінде, несеп белгілі уақыт сайын бірдей мөлшерде бөлінуі.
Анурия - несептің мүлдем бүйректен бөлінбеуі.
Ишурия - пациенттің өз бетімен қуықты босата алмауы.
Дизурия - несепке қиналып отыру және несепке отырғанда болатын сыздап ауырғандық.
Странгурия - несеп бөліну кезде болатын сыздап ауырсыну.
Изогипостенурия - полиурия кезінде несептің тығыздығының төмендеуі /1010-1011/.