2.1.Алашорда үкіметі
1905 жылғы революциядан кейін қазақ зиялыларының белсенді қайраткерлері қазақ халқының саяси санасын қалыптастыру жөнінде жүргізген жұмысы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу идеясына әкелді.
Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп кана қойған жок, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдык жағынан жүзеге асырылды.
Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Бұл жөнінен 1919 жылдың ақпанында Омбыда өткізілген қазақ халқын ведомствоаралық жайғастыру жөніндегі кеңесте Ә. Бөкейхановтың айтқан пікірі мейлінше есте қаларлық. «После указа 22/4 октября 1918 г. мы сидели без дела, не зная, что будет дальше. Теперь вы призвали нас, и мы пришли сюда, как братья. Киргизский народ не питает сепаратистских замыслов, он не желает отделения от России. Мы — западники. В своем стремлении приобщить народ к культуре мы не смотрим на восток, в Монголию, мы знаем, что там культуры нет. Наши взоры устремлены на запад. Получить культуру мы можем оттуда, через Россию, при посредстве русских. Мы пришли сюда с единственным желанием устроить порядок, необходимый для того, чтобы страна могла дойти до учредительного или национального собрания».
Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.
Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды.
Енді бүкілқазақ съезін дайындауды дәлелдейтін алғашқы құжаттарға кайтып орала отырып, патша әкімшілігінің оны өткізуге әдейі жол бермегенін атап өткен жөн. Съезде бейбіт мәселелер: жер туралы, халык соты туралы, Мемлекеттік Думадағы өкілдік туралы мәселелер қаралатын болып белгіленген тәрізді еді. Бірақ патша үкіметі үшін бұл мәселелердің ерекше зор, тіпті тағдырлы маңызы болды. Патша үкіметі қазақ халқынын жерін тартып алу жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп жоспарлы негізге қойылды. Онымен Қоныстандыру басқармасы айналысты. Крепостниктік тәртіпті жою Ресейдің орталығындағы аграрлық мәселені шешпеді. Патшалық режим оны шаруаларды Ресейден шығыстағы шет аймақтарға, негізінен Қазақстанға коныстандыру жолымен шешуге тырысты. Патша үкіметі қазақ халқы алып отырған жер көлемін анықтау мақсатымен, 1886 жылы Дала өлкесіне (Ақмола және Семей облыстарына) Ф. Щербинаның басшылығымен экспедиция ұйымдастырды. Ф. Щербинаның экспедициясы аныктаған қазақ шаруаларының жер пайдалану нормалары үлкен болды және мал шаруашылығын сақтау қажеттігін негізге алды. Ф. Щербина малшы қазақ малсыз қалса, қайыршылыққа түседі деп жазды. Сондықтан оның патша үкіметі қазақтар шаруашылығынын ерекшеліктерін және табиғи-тарихи жағдайларды ескере отырып, соларды жайғастырумен айналысуға тиіс деп ойлауы аңғалдық болатын(65). Алайда патша үкіметі қазақ даласын отарлауды күшейтуге мүмкіндік берген материалдар алды. Мұндай саясатты орыс зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері әшкереледі. Л. К. Чермак «Қырғыздарға төрешілдік жаңа тәжірибе» деген мақаласында патша өкіметінің жер саясаты саласындағы шын мақсатын көрсетті. Л. К. Чермак қоныстандыру басқармасы қазақтарға арналған жер нормасын қысқартып, жаксы жерлерді және көп мөлшерде қоныстанушыларға беретін болады деп жазды. «Это понятно и вполне последовательно, - деп жазды К. Л. Чермак. - В настояшую минуту переселение одно из самых крупных козырей в руках правительства при разыгрывании аграрного вопроса, и ему нужно во что бы то ни стало увеличить значение этого козыря, а потому, господа чиновники поменьше церемоний, теоретических соображений и т.п.»(66). Л. К. Чермак былай деп жазды: «значит сознательно разрушить хозяйство киргиз, значит обречь их на голодное прозябание, либо на отказ от привычного занятия»(67).
Демек, патшалық отаршылдық саясатты қазақтың қоғамдык қайраткерлері ғана емес, орыстың алдыңғы қатарлы адамдары да көріп-біліп, әшкерелеген. Жер мәселесі қойылған бүкілқазақ съезін шакыру туралы мәселе көтерілген кезде патша өкіметі отарлау практикасын барынша өрістетті, ең құнарлы жерлерді таңдап алып, оларға қоныстанушьшарды жайғастырды. Сондықтан патша әкімшілігінін мұндай жалпыұлттык шараны өткізуге жол бере алмағаны табиғи нәрсе болатын.
Мемлекеттік Думаға келетін болсақ, ол, әрине, бет перде ғана болатын және онда езілген халықтардың өкілдеріне, оның үстіне алдыңғы катарлы өкілдеріне орын жоқ еді. Патша самодержавиесі Ресейде революциялық козғалыстың ерлеуіне байланысты Мемлекеттік Думаға езілген халықтардың өкілдерін жіберуге мәжбүр болды. I және II Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының көрнекті қайраткерлері болып, олар қазақ халқының проблемаларын өткір койып отырды. Алайда мұндай «демократия ойыны» патша өкіметінің өзінің тіршілік етуі үшін қауіпті бола бастады. Сондыктан 1907 жылғы 3 маусымда демократия «жеңістерін» шын мәнінде жоққа шығарған заң қабылданды. Бұл занның әлеуметтік мәні туралы М. Дулатов «Үшінші июнь законы һәм қазақ» деген мақаласында тамаша жазған(68). Біздің тақырыбымызға тікелей қатынасы болғандықтан, оның негізгі идеяларын қарастырып өтейік. Оның пікірінше, 3 маусымдағы зан қазақтарды саяси даму мүмкіндіктерінен айырды. Мемлекеттік Думада қазақ халқына қатысты проблемаларды көтеретін адамдар болмағандықтан, қазақ халқы одан әрі қапаста қалуда. Қазақтар Мемлекеттік Дума дегенді ұмыта бастады, өйткені бастапқыда берілген бостандықты пайдаланып та үлгірмеді. Басқа халықтардың азын-аулақ болса да өз өкілдері бар, олардың өзі де Думаның пайдасыздығына көз жеткізгенімен, оның мінберін: мындаған дәлелдерді пайдаланып, өз халықтарының тілегін үкіметке және үкімет шараларын адамдарға жеткізуге тырысты. Түрік партиясынан сайланған депутаттар 1914 жылғы 2 акпанда Мемлекеттік Думаға маусым заңын өзгерту және Мемлекеттік Думаға Түркістан мен қазақ облыстарынан сайланатын депутаттарды жіберу туралы жоба енгізді. «Өкімет орындары қазақтарды сауатсыз деп санағанымен, - деп жазады М. Дулатов, - осының алдындағы екі Думадағы қазақ өкілдері қазақтар өмірін жақсы білетін білімді, шешен адамдар болды». Енді Мемлекеттік Думада жер, дін, земство, өкімет, білім беру мәселелері мен басқа да күрделі проблемалар қаралуға тиіс. Егер қазақ депутаттары болмаса, қазақтарды жеп көретін пуришкевичтер не айтпақ. М. Дулатов сан миллион қазақ халқының үнін өкімет орындары естиді деген үміт білдірді, өйткені Думадағы көпшілік түбегейлі өзгерістер жасалуын каламайды. «Үшінші маусым заңының күшін жою, - деп жазды М. Дулатов, - өз пұрсаттылыктарын жоюға әкеп соғады. Сондықтан Мемлекеттік Думаға қазақ халқының өкілдерін жіберу туралы жоғарыда аталған жоба талқыланған кезде бұл тілек құр үміт болып қалуы мүмкін». М. Дулатов 3 маусым заңы қазақтарды ғана емес, қазақ облыстарында тұратын баска ұлыстарды да саяси құқықтарынан айырғанын арнайы атап өтеді. Біз бұл жағдайға ерекше назар аударамыз, өйткені ол Алаш қайраткерлерінің барлык уақытта тек қазақ халқы туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды мекендейтін баска да ұлт адамдары жайында ойланғанын дәлелдейді. М. Дулатовтың айтқаны дұрыс болып шықты. Патша өкіметі Ж. Ақбаев сияқты жоғары білімді, бірақ өте кауіпті адамдарды Мемлекеттік Думаға жіберуден қорықты.
Ж. Ақбаевты сайлаушылар II Мемлекеттік Думаның депутаттығына кандидат етіп ұсынды. Алайда Сенат оның кандидатурасын қабылдамай тастады. Бас тартудың (ресми) дәлелін ерсі деудің өзі де аз. Мұны біз Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі хабарынан біле аламыз(69). II Мемлекеттік Думаға Семей облысынан Кәкітай Ыскаков (Абайдың немере інісі) сайламшы болды. Ә. Бекейханов бес кандидат: Шәкерімді, Кәкітайды, Темірғалиды, Хасенді, Омарбекті ұсынған. Алайда Сенат Омарбекті «далада мал шаруашылығымен айналысатындарды ғана ұсыну керек» деген сылтаумен кабылдамай тастады. «Жақып та (Ақбаев) Дума сайлауына осы жолы әлгі ретпен кіре алмай қалды. Жакып университет бітірген, қазақ емес екен. 1908-ші жылы Жақыпты қазақ қылып жер аударды». «Закон түйе, бұйдалап жетелеймін» деген осы болар. Ж. Акбаевты Сенат оның «қазақ болмағандығынан» емес, университет бітіргендігі себепті қолдаған жоқ. Ал 1908 жылы оны әкімшілік жолымен жер аударған кезде, ол нақ қазақ қайраткері болғандығынан жер аударылған еді. Әлбетте, Ж. Ақбаев сияқты қайраткерлердің Мемлекеттік Думада болуы патша өкіметін қанағаттандырмады. Егер бүкілқазақ съезі өтсе, Мемлекеттік Думаға Ж. Ақбаев сияқты адамдар ұсынылар еді. Отаршылдық әкімшілік мұны мүлде қаламады.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақ даласында съезд шақыру туралы мәселе қайтадан көтеріледі. Әуелі облыстық съездер (Торғай, Орал), сонан соң 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда Бүкілқазақтық съезд өтеді Бұл съезде он беске жуық ұйымдық мәселе каралды.
Ресей құрылтай жиналысына әр облыстан сайланатын депутаттар мен оларға кандидаттарды съезд белгіледі. Семей облысынан ұсынылғандар арасында Григорий Николаевич Потанин, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев және баскалар болды. Бұл тізімде көзге түсетін біріншісі - орыстың аса көрнекті зерттеушісі, демократ, қазақ халқының досы Г. Н. Потаниннің есімі. Біз-Ж. Акбаевтың өзін орыстарға карсы насихат жүргізіп, әрекет жасады деген айыптауды теріске шығарған сөздерін бұдан бұрын келтіргенбіз. Қарастырылып отырған кезендегі қазақтың алдынғы қатарлы қайраткерлері интернационалистер болған еді, олар орыстарға қарсы шықпағаны былай тұрсын, қайта, керісінше, олармен мейлінше тығыз қатынас жасады. Ал ең бастысы - Қазақстан Ресей демократиялық мемлекетінің құрамдас бөлігі болады деп санады. Алаш қозғалысының барлық бағдарламалық құжаттарында әуел бастан-ақ орыстарға қандай да бір тиісу болған жоқ. Оларда патша самодержавиесі шараларының сынға алынуы - басқа мәселе. Құжаттарда патша өкіметі, патша әкімшілігі мен шенеуніктері қатардағы орыстармен бірдей қарастырылған емес.
Бұл съезге әр облыстан лайықтанған кандидаттар тізімі «Қазақ» газетінде жарияланды. Олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |