I.Басқару түрі Ресей демократиялық Федерациялық Республикасы, демократиялық Республиканы белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер кабинеті соның (парламенттің) алдында жауап береді.
II.Автономия. Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен Ресей федерациясына енуге тиіс.
Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан Ресейдің көршілес облыстарымен (өлкелерімен) бірігеді, ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп, автономиялы бір өлшем болады.
"Алаш" партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады.
"Алаш" партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы- жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.
III.Азаматтың негізгі құқықтары Дініне қарамастан және жынысына қарамастан, барлық халықтар өз құқықтар (жиналыстар бостандығы, сайлау, оларды ашуда бірігу бостандығы сөз, баспасөз, адамның жеке басына тиіспеу бостандығы) жөнінен теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің тиіспеуі белгіленеді.
IV.Дін ұстану туралы мәселе. Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды.
Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан бөлек жеке муфтиат құру.
Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың (діни адамдар) қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот органдарында қаралады.