Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі . 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған.
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, 330 баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.
4. Өндiрiлетiн минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндiру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, ставкалар бойынша және 45 тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ
Мұнай мен газдың айтарлықтай қоры Өзен кенорнында, алынатын қоры 500 млн. тонна, Жетібай кенорны – мұнай-газ конденсаты қоры 150 млн. тонна барланып, табылды.
70 жылдардың ортасында Бозащы түбегінде алынатын жалпыұлттық қоры 350 млн. тонна Қаражанбас, Солтүстік Бозащы , Қаламқас ірі мұнай-газ кенорындары ашылды.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аумағында мұнай мен газдың 59 кенорны белгілі. Облыс бойынша мұнай қоры 3156,2 млн. тоннаны, алынатын шикізат – 1440,3 млн. тонна, жиналған олжа -382,7 млн. тоннаны құрайды.
Маңғыстау облысы бойынша мұнай мен газды іздестіру –зерттеу мәліметтері жаңа ірі көмірсутегі кенорындарының болашақта ашылу мүмкіндігі ар екендігін көрсетіп отыр.
Тереңдігі 60 метрге дейін жерлердегі мұнай мен газдың болжамдық қоры 500 млн. тоннаны құрайтын Солтүстік Каспий қайраңындағы ірі кенорын қорларының табылуы осының дәлелі болып отыр.
Өңірдің шамамен алғанда аз ғана аумағында фосфориттер, минералды және ас тұздары, темір рудалары кенорындары барланды.