Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет211/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Сол уақытта Мұса жігітіне»

«Екеуі ілгерілеп 
барған кезде, Мұса жігітіне...»
. Бұл аяттардағы жігіт – Юшағ. 
Ол Мұсаға серік болып жүріп дін ілімін, Тәуратты үйренді. 
Ғұламалар ол пайғамбар болды деген пікірді бірауыздан 
қолдайды. 
Сонымен, мерзімді қырық жыл өткенде Юшағ исраилдіктерді 
ертіп, Құдыс қаласына бет алды. Әуелден-ақ олардың Құдысқа 
кіруін Аллаһ тағала жазған-ды. Тек өздерінің кесапат 
мінездерінің салдарынан жапан далада қырық жыл қаңғырып 
жүрді. Юшағпен Құдысқа бет алған исраилдіктердің жаңа буыны 
болатын, ал бұзауға табынғандардан Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
айтқандай, ешкім қалмаған еді. Олар үлкен күш-қуатты халқы 
бар Құдыс қаласын алты ай қоршауға алды. Ақырында, шешуші 
айқас жұма күнінің екінді мезгіліне дөп келді. Исраилдіктер сенбі 
күні Аллаһ тағала тыйым салғаны үшін соғыспайтын, жұмыс 
істемейтін. Екі тарап кескілескен ұрыстың нәтижесінде жұма күні 
1
«Мәида» сүресі, 26-аят. 


233
 
 
екінді мезгілінен кейін исраилдіктерге жеңістің шеті көріне 
бастады. Егер күн батса, сенбі басталады
1
. Исраилдіктер күн 
батса, соғыс тоқтап, қолдарында тұрған жеңістен айырылып 
қалудан қорқа бастады. Сөйтіп, олар Құдысты күн батпай жатып 
алуға барын салды. Дегенмен Құдысты толық алмай тұрып күн 
батуға айналды. Сол кезде Юшағ күнге қарап: «Сен де әмірді 
орындайсың! Мен де әмірді орындаймын! Аллаһым! Оны маған 
тоқтат!» – деп жалбарынып дұға қылады. Оның дұғасы қабыл 
болып, күн сол орнында батпай тұрып қалды. Әбу Һурайрадан 
(Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз 
(с.а.с.):
«Расында, күн Юшағтан басқа ешбір адамзатқа 
тоқтатылған емес. Ол Құдысқа барған кештерде»
, – деген
2

Күн осылай исраилдіктер Құдысқа толық иелік еткенге дейін 
батпай тұрды. Тағы да Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) 
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет