Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет47/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
жойылуы туралы әмір келді. Бұл әмір аспан есіктері ашылып 
жаңбыр құюы және жер қойнауы жарылып су атқылауы арқылы 
жүзеге асты. Бұл мәселе тұрғысында Құранда: 
«Сонда аспан 
есіктерін құйылған жаңбырмен аштық. Жерді жарып, 
қайнарлар шығардық. Сонда су тағдыр етілген әмір 
бойынша қосылды. Оны шегелер мен тақтайлардан тұратын 
(кемеге)
 отырғыздық. Кәпірлерге жаза ретінде Нұхтың кемесі 
көз алдымызда жүзіп бара жатты»
1
, – делінген. 
Жерді су басып, адамдар мен жан-жануарлардың барлығы 
бата бастады. Аллаһ тағала:
«Нұх Бізді үндеді, ал 
(Біз)
қандай жақсы жауап берушіміз. 
Біз оны және үй-ішін үлкен қайғыдан құтқардық. 
(Жер 
бетінде)
оның ұрпақтарын қалдырдық. Кейінгілердің ішінде 
ол 
(Нұх) 
жайлы 
(жақсы сөз) 
қалдырдық. Нұхқа әлемдерден 
сәлем болсын! Біз ізгі 
(амал)
 
істеушілерді осылай 
марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын 
басқаларды суға батырдық»
2

«Расында, Біз су тасыған кезде сендерді кемеге 
отырғыздық. Оны сендерге бір ескерту үшін әрі оны ұғатын 
құлақтардың ұғуы үшін 
(жасадық)
»
3
, – деген. 
Су көбейіп, қалалар мен ауылдарды алды. Судың беті жер 
бетіндегі ең биік таулардан он бес кезге дейін жоғары көтерілді. 
Нұхпен бірге болғандардан басқаның бәрі суға батты. Аллаһ 
тағала осы топан кезіндегі жайды:
«Сонымен, Нұх кемеге шықты. Су деңгейі кеменің астына 
жақындағанда ол: «Оған 
(кемеге)
 отырыңдар, оның жүруі де, 
тұруы да Аллаһтың атымен. Расында, Раббым өте Кешірімді, 
1
«Қамар» сүресі, 11-14 аяттар. 
2
«Саффат» сүресі, 75-82 аяттар. 
3
«Хаққа» сүресі, 11-12 аяттар. 


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет